Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі Пәні: әдебиет Сыныбы: 7 «Б»

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ

Тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы.

«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі

Пәні: әдебиет

Сыныбы: 7 «Б»

Пән мұғалімі: Жақсылықова М.А

Сабақтың мақсаты: білімділік - Жетісудың ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының өміршең өнері жайлы сыр шерту, өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру.
дамытушылық - өлеңді мәнерлеп оқуға, оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, ой қорыта білуге жетелеу

Міндеті: 1.Өлеңнің негізгі идеяларына сәйкес рефлективті ойлауын арттыру

2. Оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау

3.Б ілім алу үдерісі бойынша басқа балаларға ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Сүйінбай Аронұлының портреті, интерактивті тақта, тақырып бойынша слайдтар.
Пәнаралық байланыс: саз өнері, қазақ тілі

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырамын, сәлемдесемін. Сыныпты өнер, тіл, адамгершілік, еңбек, төрт түлік, ана туралы мақалдарды тақырыбына сай бөлу арқылы топтастырамын.

Үй тапсырмасы

1.Д.Бабатайұлы жайлы тоқтал.

2. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуінен нені байқауға болады?

3. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің құрылымы, көркемдік ерекшелігі жайлы не айтар едіңдер?

4.Ақтанға айтқан ақынның ақ тілек батасынан ел қатарына қосылған ер жігітке тән қандай сипатты байқауға болады?

5. Риторикалық сұрау түрінде жазылған қандай өлеңдерді білесіңдер?

6. Ақын өз сөзін бір Ақтанға арнау арқылы кімдер жайлы ой қозғайды?

7Адам бойында қандай қасиет басым болу керек.

8. Адам бойындағы қасиеттер жайлы тағы кім жырлаған?

9.«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі нені қозғайды, идеясын анықта.

Жаңа тақырып түсіндіру.

Мұғалім ; Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.

Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.

1 Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе

2 Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр

3 Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсірг.

4 Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

5 Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..

6 Тыныштық сақтай білуге үйрен,Нәзік үнмен биязы , мәдениетті сөйлеуге үйрен

7 «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.

Тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі Пәні: әдебиет Сыныбы: 7 «Б»

Оқушыларды жұптастырып, бір біріне тілек айтқызамын, келесіде оқушылардың орнын өзгерту арқылы басқа жұп құрып тілек айтқызамын. Осымен қатыстыра отырып, жаңа сабаққа енемін.

Аронұлы Сүйінбай (1827-1896) - ақын, жыршы. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. С. Жамбыл өзіне пір тұтқан. «Пірім менің - Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деген қанатты сөздер арнаған. Ақындық өнерін айтыстан бастаған. Тезек төреге арнаған өлеңдері аса уытты. Өмір туралы, замана болмысы, жастық пен кәрілік жайлы ойлы лирикасы айырықша шоқтықты туындылары қатарына жатады. Арынды ақынның өмірдегі жақсылық пен жамандықты, теңдік пен теңсіздікті, ақ пен қараны, көзсіз ерлікті, ащы шындықты айтқан тұстары да көп. Елдікті, елдегі бірлікті жырлаған тұстары да жетерлік.

Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр.

Жақсы мен жаман туралы

Дүниеде қандай жақсы болсаң да - тіленсең қадірің кетер.

Жақсы мен жаман туралы

Дүние - ескі сарай-ды,

Жолаушы жүрген азамат,

Көркіне оның қарайды.

Тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі Пәні: әдебиет Сыныбы: 7 «Б»Тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі Пәні: әдебиет Сыныбы: 7 «Б»Тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі Пәні: әдебиет Сыныбы: 7 «Б»

Сөздікпен жұмысы
Парқы - бағасы
Миуалы - жемісті
Көр көкірек - еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде
Көзі соқыр - түк білмейтін надан
Шала - оттағы толық жанып бітпеген ағаш
Тана - 1 мен 2 жас аралығындағы ірі қара.
Сөзі майда - сыпайы, әдепті сөйлейді.

Жақсы адам

Тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі Пәні: әдебиет Сыныбы: 7 «Б»

Жақсы адам

Сөзіне сақ тұрады,елініңағасындай, жүзі жақсы, сөзін әркім пайдаланады, миуалы алмадай.

Өтірікші, өсегі көп,

іріткі салар, жалған сөзбен бықсытар ел арасын, әркімге бір ұрынады

Оқушылар білімін бағалау.
Х. Үйге тапсырма:
1. Өзіңе ұнаған шумағын жаттау.
2. «Жаныңда жүр жақсы адам» ойтолғау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Жақсы деген кісінің
Алды - арты бірдей жарық болар
Жақсы деген ісіңнің
Бас - аяғы бірдей анық болар
Жаман деген кісінің
Алды - арты бірдей жау болар
Жаман деген ісіңнің
Бас - аяғы бірдей дау болар - деп сабағымызды қорытындылап, оқушылар өмірде жаман мен жақсыны айыра біліп, тек жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, әдепті болайық.

© 2010-2022