Ағылшын тілі Шақтық формаларды салыстыра оқыту ( Баяндама)

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қандық бастауыш мектебі.










Тақырыбы:


Ағылшын тілі Шақтық формаларды салыстыра оқыту ( Баяндама )

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;Кстаубаева. А.А






Шетел тілін ана тілі негізінде салыстыра оқытудың маңызы зор.

Сондай ақ шетел тілін оқытуда ана тілін аластау емес,қайта оқушылардың ана тілін меңгерудегі тәжірибесіне сүйену керек. Шетел тілін меңгеру өте күрделі үрдіс,әсіресе оқытудың бастапқы кезеңінде өте көп қателіктер болатыны белгілі жәйт.Ана тілі-басқа тілді үйренудің негізгі қайнар көзі.Мысалы: оқушылардың шетел тілінің шақтық формаларын қолдануда көп қате жіберуі жиі кездеседі.

Етістік (verb,глагол)-грамматиканың күрделі бір саласы. Етістіктің қимыл,іс-әрекетті білдіретіндігі мәлім.Ал іс-әрекет,қимыл белгілі бір кезеңде іске асады,орындалады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін:үнемі қайталанып тұратын,

дағдыға айналған іс-қимыл,сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-қимыл, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен іс-қимыл,сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған,бірақ кейін болуға тиіс іс-қимыл.

1.Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі 3 түрлі болады.

Соған сәйкес етістік шақтары да 3 түрлі болады.Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі сияқты шақтар үлкен 3топқа бөлінеді:

Осы шақтар- Present Tenses

Өткен шақтар- Past Tenses

Келер шақтар- Future Tenses

Ағылшын тілінде,сол сияқты қазақ тілінде де шақтардың осы 3 үлкен тобы мағынасы мен жасалуына қарай өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді.Ағылшын тілін орта мектепте 5-7 сыныптарда 5 түрлі шақ формалары енгізілген.

Олар: The Present Indefinite Tense-күнделікті қайталанып тұратын,дағдыға айналған іс-әрекетті,

The Past Indefinite Tense-өтіп кеткен іс-қимылды,

The Future Indefinite -әлі болмаған,бірақ келешекте болатын іс-қимылды,

The Present Continuous-дәл осы уақытта,сөйлеп тұрған кездегі іс-қимылды,

The Past Continuous-өткен шақтағы белгілі бір уақыт аралығында өтіп кеткен іс-қимылды,

The Present Perfect Tense-өткен шақтағы іс-қимыл,бірақ оның осы шақпен байланыстылығы бар немесе жаңа ғана біткен іс-қимылды білдіреді.5-7 сыныптарда шақтарды өткенде оны қазақ тілі сабағында өтілетін етістіктің шақтарыиен салыстыра өткізу тиімді және оқушыларға түсінікті деп ойлаймын. Ағылшын тілі мен қазақ тілі етістіктерінің шақ формалары өте күрделі. Күрделі етістік құрамындағы қалып етістіктері көмекшілік қызмет атқарады және жіктеліп жұмсалады.

Мысалы: Мен оқып отырмын- I am reading.

Сен ойнап жүрсің- You are playing.

Оқушы кітап оқып отыр- The schoolboy is reading a book.

Ағылшын тілінде жасалу формуласы мынадай: To be+Participle

Көмекшілік қызмет атқаратын to be етістігі және негізгі етістік.

Мысалы: I am reading a book.- Мен кітап оқып отырмын.

They are writing a dictation now-Олар қазір диктанат жазып отыр.Мұндағы екі сызықпен сызылған көмекші етістік қызметінде тұрған to be етістігі,ал бір сызықпен сызылған негізгі етістіктер.Сөйлемдерден көрініп тұрғандай,

ағылшын тілінде негізгі етістік,көмекші етістіктен кейін тұрса,ал қазақ тілінде керісінше болады: Оқып отырмын- I am reading

Оқып жаттым- I was reading

Екі тілдегі шақ формалары бір-біріне сәйкес келеді.The Past Indefinite Tense-

жедел өткен шақ. I went to the library, yesterday- Мен кеше кітапханаға бардым. The Past Indefinite Tense- те уақытты білдіретін анықтауыш сөздер қолданылады.Қазақ тіліндегі бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.

1.Бұрынғы өткен шақ көсемшенің -ып,-іп,-п тұлғалы жіктелуінен жасалады.

(мен) барыппын,

(сен) барыпсың,

(ол) айтыпты.

2.Бұрынғы өткен шақ-ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады:(мен)барғанмын,(сен)келгенсің,(ол)айтқан.

(мен)барыппын- I have gone

(сен)келіпсің- You have come

(ол)айтыпты-He has said

жақ

жекеше

Көпше

I

Оқыған едім

Оқып едім

Оқыған едіңіздер

II

Оқыған едің(екенсіз)

Оқып едің

Оқыған едіңіздер

Оқып едіңіздер

III

Оқыған едіңіз(екенсіз)

Оқыған еді(екен)

Оқып еді

Оқыған едіңіздер

Оқыған еді

Ағылшын тіліне аударғанда:

I have read: We have read

You have read You have read:

She has read They have read

He has read

The Present Perfect Tense- тің ағылшын тіліндегі жасалуы жолы көмекші етістік to have осы шақтағы формасы, Participle II негізгі етістіктің формасы:

has / have + Participle II. I have read this novel.

Қазақ тіліндегі сияқты көмекші етістік жіктеледі.Үлгісі мынадай:

I have come: We have come

You have come You have come

She has come They have come

He has come

Қазақ тілінде:

Мен келген едім (келгенмін) Біз келгенбіз

Сен келген едің (келгенсің) Сендер келгенсіңдер

Сіз келгенсіз,келген (едіңіз)

Ол келген еді(келіпті)

The Future Indefinite- Келер шақ.

I shall go there- Мен онда барамын. The Future Indefinite Tense shall, will

көмекші етістігі және негізгі етістік арқылы жасалады.

Shall read-оқимын. Ана тілі шәкіртке үйреніп жүрген тілі ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтарын да анықтауға көмектеседі.Салыстыра оқыту шетел тілін саналы түрде үйренуге мүмкіндік береді.











© 2010-2022