Domestic animals тақырыбына ашық сабақ

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Domestic animals тақырыбына ашық сабақ

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Ағылшын тілі

Тақырыбы: Domestic animals

Мақсаты: - Үй жануарларының ағылшынша атауын үйрету;

- Жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

- Үйренген сөздерін қолдана білуге дағдыландыру;

- Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: үй жануарларының суреттері, түрлі-түсті қарындаштар, қобдиша

Лексикалық бірлік: camel-түйе, cow- сиыр,sheep-қой, horse- жылқы.

Оқу іс-әрекетінің барысы:


Мұғалім:- Good morning, children!

Балалар:- Good morning, good morning

Good morning to you!

Good morning, good morning

We are glad to see you!

Мұғалім:- Thank you, sit down! Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Балалар:- Көкөністер- Vegetables

Мұғалім:- Қане, ағылшынша айтып беріңдерші?

Балалар:- potatoe-картоп, carrot-сәбіз, onion-жуа

Мұғалім:- Жарайсыңдар, балалар! Біздің бүгінгі тақырыбымыз: Domestic animals- Үй жануарлары. Балалар, сендер жаңғырық деген не екенін білесіңдер ме?

Domestic animals тақырыбына ашық сабақ

Ол ауылда биік таулардың арасында өмір сүреді. Біз оны көре алмаймыз. Бірақ ол біздің айтқанымызды қайталайды. Тек оның естуі үшін қаттырақ дауыс керек. Ол осылайша бізбен ойнайды. Ағылшын тілінде оны «Echo» деп атаймыз. Қазір барлығымыз «Echo» ойнайық. Қолдарымызды жоғары көтеріп, барлығымыз биік-биік таулар болайық. Ал мен таудың арасында келе жатырмын. (жануарлардың суретін бір- бірлеп көрсетіп отырамын):

-Биік таудың арасынан мен camel көрдім. СA-MEEL (таңғалып айтамын).

- I see horse. H-OR-SE!

- I see sheep. SH-E-E-P!

- I see COW!

Domestic animals тақырыбына ашық сабақ

Рахмет,балалар, сендер жақсы жаңғырық болдыңдар.
Жануарлардың қалай дыбыстайтынын видео арқылы көрсетемін, балалар мұқият карайды. Үй жануарларының ағылшынша атауын қайталатып айтқызамын.

Жеке жұмыс.

- Балалар, алдарыңызда боялмаған үй жануарларының суреттері тұр. Сендер соны қазір маған бояп бере қойыңдаршы. Қане, кім жылдам екен?

Domestic animals тақырыбына ашық сабақ

Domestic animals тақырыбына ашық сабақ


Domestic animals тақырыбына ашық сабақ

Сергіту сәті.

«Wind the Bobbin up» (видеоға қарап қимыл- қозғалысты қайталайды).

Domestic animals тақырыбына ашық сабақ


Топпен жұмыс.

«Find and say» дидактикалық ойыны

Қобдишадағы толған ойыншықтар арасынан көкөністер мен үй жануарларының суретін тауып алып, ағылшынша атайды. Жануарлардың дыбысын салу керек.

  • What is it?

  • It is a sheep/cow/camel/horse.

Сергіту сәті (Сөзді іс-қимылмен көрсетеді)

Stand up!

Smile two times. One-two

Clap three times. One -two-three

Jump four times. One -two-three-four

Қорытынды

Текше арқылы қорытындылаймын. Жан-жағында жануарлардың суреті бар текшені балаларға беремін. Текшені бір- біріне лақтырады. Қағып алған бала текшенің өзіне қарап тұрған бетіндегі жануардың атын ағылшынша атайды, қандай дыбыс шығаратынын дыбыстайды.

Domestic animals тақырыбына ашық сабақ

Мұғалім: -Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сендерге үлкен рахмет. Сабаққа өте жақсы қатысқандарыңыз үшін сендерге сыйлығым бар.

The lesson is over. Good-bye!

Domestic animals тақырыбына ашық сабақ

«Айгөлек» балабақшасы МКҚК





Ашық сабақ




Domestic animals тақырыбына ашық сабақ


Дайындаған: Көңбай Н






2015 ж

© 2010-2022