Разработка урока С. Торайғыров 8 класс. казахская литература

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гүлмира Габдуллина,

Қостанай облысының,

Қостанай қаласындағы,

№ 19 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Бір адамға»

8 сынып

қазақ әдебиеті

Мақсаты:

А) С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып,өлеңнің мән-мазмұнын түсіндіру, әдебиет теориясы ирония мен сатира туралы түсінік беру;
Ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға, қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;
Б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

  3. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі:

Интерактивті тақтада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың портреті мен сабақтың тақырыбы көрсетіледі.

Ой шақыру:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?- деген жолдар ақынның өмірлік қағидасы болғандай бұл ақын кім?

Бұл жолдардың авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Қарауыл Шабар ауылында, кедей отбасында туған. Шешесінен ерте айырылған ақын жетімдік зардабын көп тартады.

С. Торайғыров білімге деген құштарлығының арқасында молдадан білім алғанды қанағат тұтпай, 1912 жылы Тройцк қаласындағы медреседе оқиды: қаражаттың болмағандығынан көп қиындық көріп, ауруға шалдығады. Ауылда бала оқытып, шығармашылығын шыңдайды.

Алғашқы өлеңдері: «Орнымыз медресе - оқып жатқан», «Дін», "Соқыр сопы».

Өлеңдерінің басты тақырыбы - өнер-білім. Өлеідермен қатар ол қара сөзбен романдар жазған біртуар ақын. Поэмалары: «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс». Қазақ әйелінің теңсіздігі мәселесін көтерген романдары: «Қамар сұлу», «Кім жазықты?»

Қазіргі кезде Павлодар қаласындағы білім ордасы - Павлодар мемлекеттік университеті С. Торайғыровпен аталады. Сонымен қатар Павлодар қаласында Торайғыров көшесінде ақынға арналған ескерткіш бар. Баянауылда С. Торайғыров есімімен аталған «Торайғыр көлі» бар. Сол көлдің маңында Торайғыр ауылы бар.

С. Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңындағы атақты шонжар Шорман ауылына түседі. Байлығына масаттанған Шорман ұрпақтарының ататегнің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көз жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп , мақтаныш білдіреді. Мұнымен келіспеген ақын «Бір адамға» өлеңін шығарады.

1. Оқушылар «Бір адамға» өлеңін оқып, танысу.

2. Мазмұнын баяндау.

3. Өлеңнен байдың қазына-мүлкінің қандай жолмен келгенін суреттеген жерлерін тауып оқу.

4. Ақынның өмірдің мәні байлық емес екені айтқаны туралы жолдарды табу.

5. Ирония мен сатира туралы түсінік беру.

Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

Өтілген тақырып бойынша хронологялық кесте құру.

Жылдар

Негізгі оқиғалар

Оқиға ізімен туған шығармалар

1893

С. Торайғыров дүниеге келген жыл.

1912

Тройцк қаласында медреседе оқыған жылы.

1914

Павлодар маңының атақты шонжары Шорман ауылына келеді.

«Бір адамға».

Сұрақ-жауап:

  1. С.Торайғыров қайда туды?

  2. Кімнен білім алды?

  3. Шығармаларының негізгі тақырыбы қандай?

  4. С. Торайғыров жазған поэмалар мен романдарды атаңыздар.

  5. Баяндауылдағы С. Торайғыров есемімен аталатын көлдің атауы қандай?

  6. Лексикалық тапсырма.

    Сөздер

    Сол кездегі лексикалық мағынасы

    Қазіргі кездегі мағынасы

    Оқа

    Түйме

    Сылдырлақ

    Теңге

    Шекпен


  7. Сөздер қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану қалай аталады? (ирония).

  8. Көркем шығармаларда өмірдің, адамдардыұ жағымсыз жақтарын күлкі ете мысқылдай суреттеу қалай аталады? (сатира).

Бекіту:

Сонымен сабақты қорыта келіп С. Торайғыров кім? - деген сұрақ туындайды.

Қай өңірде дүниеге келді?

Қандай отбасында?

Канша жыл өмір сүрді?

Осы сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Мұғалімнің сөзі: оқушылар С. Торайғыров азғана ғұмырында артынан өшпес мұра қалдырды. Ақынның шығармаларында көтерген мәселелерін біздің қазіргі заманда да өзекті болып келеді.

Сбақтың соңында оқушыларға инсерт кестесін толтыру ұсынылады.

«V» - білемін

«+» - білдім

«?» - білгім келеді

Үйге тапсырма беру:

Бағалау:

© 2010-2022