Еліктеу сөздерді қайталау. 6 cынып

Оқушылардың еліктеу сөздер туралы білімдерін толықтыру, пысықтау, қайталау. Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру, таным белсенділігі мен функционалдық сауаттылығын арттыру. Балаларды таза да сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке, әдептілікке баулу. Өз елін, Отанын қорғайтын патриот болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: қайталау. Сабақтың әдісі: баяндау, көрнекілік, СТО, ойын. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар, тест тапсырмалары.  ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздерді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың еліктеу сөздер туралы білімдерін толықтыру, пысықтау, қайталау.

Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге

дағдыландыру, таным белсенділігі мен функционалдық сауаттылығын арттыру.

Балаларды таза да сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке, әдептілікке баулу. Өз елін,

Отанын қорғайтын патриот болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдісі: баяндау, көрнекілік, СТО, ойын.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар, тест тапсырмалары.

Сабақтың құрылымы:

  1. Тест тапсырмалары.

  2. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді. Мәтін- тапсырма.

  3. Сергіту сәті. Суретті тапсырма.

  4. Топтау тапсырма

  5. «Қане, көрейік!» /тәжірибе/

  6. Тілек ағашы.

Сабақтың барысы

Оқушылар «Еліктеуіш» және «Бейнелеуіш» тобына бөлініп отырады.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Еліктеу сөздерді қайталау. Дәптерге жазамыз. Алдымен мақсат қойып алайық. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?

-Еліктеу сөздер туралы толық мәлімет алсақ.

-Еліктеу сөздерді талдап білу керек.

-Дұрыс. Алдымен білімімізді тексеріп алайық.

  • Тест тапсырмалары

  1. Еліктеу сөзді тап:

а/ ағарады ә/ гүр-гүр б/ бүлдіреді в/ илекте

  1. Бейнелеуіш сөзді тап

а/ тарс ә/ жалт-жұлт б/ сыңғыр в/ арс-арс

  1. Негізгі еліктеу сөзді тап

а/ шұбартөс ә/ қыңқ б/ елпең в/ күркіре

  1. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды белгіле

а/ ша, ше ә/ а, е, ар, ер б/ ыс, іс, ым, ім в/ аң, ең, ың, ің

  1. Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді тап:

а/ саңқ етті ә/ даусы шықты

б/ шаңы бұрқ етті в/ мылтық даусы тарс-тұрс естіледі

  1. Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:

а/ Ол сақылдап күлді. ә/ Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

б/ Су сылдыр-сылдыр ағуда. в/ Аулада жыбырлаған жан жоқ.

  1. Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап

а/ тырс ә/ жалт б/ маймаң-маймаң в/ тарс

  1. Қажетті еліктеу сөзді тауып қой: Қарға... етті.

а/ бұрқ ә/ сарқ б/ сарт в/ қарқ

  1. Бейнелеуішті белгіле:

а/ күні-түні ә/ үлкенді-кішілі б/ жыбыр-жыбыр в/ бала-шаға

  1. Еліктеу сөзді тіркесті көрсет

а/ сылқ-сылқ күлді ә/ емін-еркін отыр б/ мыңға жуық в/ әттең

Тест жауаптары оқылады, көршілері бірін-бірі тексереді.

1-ә, 2-ә, 3-ә, 4-в, 5-в, 6-ә, 7-б, 8-в, 9-б, 10-а

  • -Балалар, биыл Бердібек Соқпақбаевтің тамаша туындысы «Менің атым Қожа» фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толғалы отыр. Осы бір керемет кино жарты ғасыр уақыт бойы балаға да, жасқа да, кәріге де балалық шақтың тарихы ретінде күлкі сыйлап келеді. Қанша тамашаласаң да құмарың бір қанбайтын бұл фильм қазақ киносының Алтын қорына енген. Бүгінгі «Еліктеу сөздерді қайталау» сабағын осы бір тамаша туындымен байланыстыра өтпекпіз. Ендеше, экранға назар аударайық. /Үзінді көрсетіледі/

Мәтін-тапсырма «Дүкенде»

Үзіндіден еліктеу сөздері бар сөйлемді тауып, жаз. Түріне ажырат.

Сығылысып есіктен енді кіре берсем, бойы менің бойымдай ғана тық-тық еткен көк көз келіншек алдымды тосқауылдап жібермейді. Балалар ананы-мынаны сұрап, азан-қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата салдым. Мәссаған, керек болса, әнеугі маған дүкенде жекіретін көк көз келіншек тыпың-тыпың етіп, қағаздарын қолтықтап біздің сыныпқа кіріп келе жатыр. Міне, осыдан кейін Майқанова маған қымс етсе, қаһарын төгіп тұратын болды.

Мәтін-тапсырма «Орыс тілі сабағы»

Үзіндіден еліктеу сөздері бар сөйлемді тауып, жаз. Түріне ажырат.

Омырауымды сипалап таппаған галстугым иығыма шығып кеткен екен. Бұрып әкеп орнына қойдым да, зып беріп сыныпқа кірдім. Балалар дүр етіп түрегелді. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды. «Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым-ау! » Жантас мұрнын уқалап, тырп-тырп басып, тақтаға шықты. Біз ду күліп жібердік.

Шіркін-ай қоңырау сыңғыр-сыңғыр етсе, жаным қалар еді-ау! Жаным қылп етіп мұрнымның ұшына келді.

-Қадыров. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Жарайды, отыр, Қадыров.

Буын-буынымнан әл кетіп, орныма сылқ ете түстім.

* Балалар қазір қандай мезгіл?

-Көктем мезгілі.

-Көктемде барша табиғатқа жан бітеді. Құстар жылы жаққа оралып, аңдар қысқы ұйқысынан оянады. Осы аң-құстардың тіршілігі еліктеу сөздермен тікелей байланысты екен. Олай болса, суретті тапсырмаға қараңдаршы. Еліктеу сөздерді оқи отырып, аңдар мен құстарды сәйкесінше орналастырайық.

«Құстар қалай сайрайды?»

Сұңқылдайды аққу

Қытқылдайды тауық

Барқылдайды үйрек

Қарқылдайды қарға

Шықылдайды сауысқан

«Аңдар қалай қимылдайды?»

Секең-секең кенгуру

Маң-маң жолбарыс

Балпаң-балпаң піл

Митың-митың жираф

Маймаң-маймаң аю

*-Балалар, қалай ойлайсыңдар, Қожа қандай кейіпкер? Оны неге жақсы көреміз?

-Оның басынан өтетін хикаялар біздің балалық еркеліктерімізге ұқсас. Сондықтан ол тентек, бірақ сүйкімді де күлкілі.

-Ендеше Қожаның әрекетіне қайта оралайық. Екі топқа тапсырма беріледі.

Топтау-тапсырма:

Еліктеуіш пен бейнелеуішті екі бағанға бөліп жаз:

«Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айырыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық.

Біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп бір шерттім де, жүгіре жөнелдім.

-Бермесеңіз қойыңыз,-дедім де жалт бұрылып, есікті бар күшіммен тарс жаптым.

-Немене, жолдама алдың ба?-деді сиқырланып.

-Алдым.

-Кәне, көрсетші? Сарт еткізіп танаудан тағы бір шерттім.

Топтау-тапсырма:

Еліктеуіш пен бейнелеуішті екі бағанға бөліп жаз:

Шаңқ еткен даусы бір-ақ шығып үлгерді. Өңі құп-қу болып, сылқ етіп құлап бара жатыр.

Тәуекел деп үйге кірмекші болдым. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады.

Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім. Ақымақ иттер ғана әуп-әуп үріп басылады.

  • Балалар, біздер еліктеу сөздерді таныдық па? Қане, тәжірибе жасап көреміз бе? Екі топтан бір-бір оқушы шығып өз тобының атына сай тәжірибе жасап көрсетсе.

1/ Шарды үріп, оны жарады. Шар тарс етіп жарылды.

2/ Сіріңкені жағып сөндіреді. От лап етіп жанды, быж етіп сөнді.

Міне, балалар, қазақ киносының ғажайыбы саналған «Менің атым Қожа» фильмінің түсірілгеніне биыл 50 жыл толмақ. Осы фильмдегі актерлер өздерінің талантымен халық жүрегінен мәңгіге орын алды.

  • Қорытынды. Наурыз келгенде ата-бабаларымыз көшет отырғызып, оның түбіне ақ құйған. Ендеше біз де өзіміздің Тілек ағашына тілектерімізді жазайық.

/Оқушылар жапырақтарға еліктеу сөзі бар тілектер жазып тақтаға жапсырады./


© 2010-2022