ТІЛ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР

                                                                                                                                            Тұрғанбаева Н.Қ Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ТІЛ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім кеңістігінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлініп келеді. «халық пен халықты теңестіретін - білім» деп ұлы Мұхтар Әуезов айтқанд...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұрғанбаева Н.Қ

Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ТІЛ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім кеңістігінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлініп келеді. «халық пен халықты теңестіретін - білім» деп ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай, бәсекеге қабілетті шәкірт, маман дайындау - біздің негізгі мақсатымыз. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, біліктілік пен білімділікті қажет етеді.

Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат жан - жақты білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі - жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру. Оқушыға қоғам талабына сай білім мен тәрбие берудегі мақсат пен міндетке жету үшін оқытушы өз пәнін жетік біліп қана қоймай, оқушысын ізденіске итермелеп, алдындағы оқушыны жеке тұлға ретінде танығанда ғана нәтиже береді. Сонда ғана оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, жауапкершілігі күшейеді, ізденушілік қабілеттері артады, өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянады. Бұл нәтижеге мұғалім оқу - тәрбие үрдісінде оқытудың озық технологиясының әдіс - тәсілдерін пайдаланып барып қана жете алады. Сабақты жаңа әдіспен өткізу оқушының білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып, сондай - ақ мұғалімнің де кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Оқушылардың білім сапасын арттыруда мұғалім оқушы дамуының мынандай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекеттерін, тағы да басқа қасиеттерін қадағалап, балалармен жеке, дара жұмыс жүргізеді.

А. Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында нәтижелі болатын әдіс - тәсілдерді сұрыптап пайдаланамын. Себебі, сабақтың тартымды және қызықты өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс пайдалана білу оқытушыдан ізденісті талап етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін мектепте оқытуда әлемдік озық технологиялық үрдістерді енгізудің алғы шарты - мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін қалыптастыру. Мұғалім алдымен, әлемдік озық педагогикалық технологиямен танысады, үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытады және нәтижесін тексереді.оқытудың әлемдік озық технологиялық үрдістерін меңгеру мұғалімнен аса үлкен іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді талап етеді.

Мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңа әдіс - тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Өз тәжірибемдегі қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жиі қолданылатын білім беру технологиялары:

  • Дамыта оқыту технологиясы;

  • Ойын түрлерін қолдану;

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;

  • Ақпараттық технология;

  • Ізденімпаздық оқыту әдісі;

  • Операциялық оқыту әдісі;

  • Өздігінше оқу әдісі.

Мысалы, ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады. Сабақ барысында мұғалім тақырыпқа байланысты түсіндірме жасайды да, міндетті түрде топ басшыларының пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады.

Сондай - ақ ізденімпаздық оқу оқушылардың белсенділігін, қабілетін дамытады. Оқушылар жеке - жеке тапсырмалар алып, жеке орындайды.

Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды. Қажет көмекті мұғалімнен ала алады.

Ойын арқылы өткізген сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін - өзі ұмытып, сыныптағы іс - әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасын бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. Сабақта қолданылатын ойын түрлері алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтіойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өзін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Ойын сабағы оқушылардың белсенділігін, қызығуын арттырумен бірге оқушының ойлау қабілетін дамытатындай дәрежеде болу керек. Атап айтқанда «Бәйге», «Көкпар», «Арқан тарту», «Кім тез», «Қыз қуу», «Жалғасын айт», тағы басқа ойын түрлерін қолдануға болады.

Әдістемелік әдебиеттерде де қазіргі жаңа технологияны қолдану жолының бірі - дамыта оқыту екендігі көрсетіледі. Оқытудың бұл түрінде оқушыларға білімді дайын күйінде бермей, оларды ойлантып, іздендіру арқылы меңгертуге ұмтылу ұсынылады. Дамыта оқытудың тағы бір ерекшелігі - оқушыларды «жаман», «жақсы» оқушы деп бөлмей, барлық оқушылардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушылардың да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.

Оқушы санасына ұлағатты ұғым қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне, қабілетін дамытуына маңызы ерекше бағдарламаның бірі - «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Сын тұрғысынан ойлау - оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сынып оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Сұрақтарға тынымсыз іздене отырып, өз ойларын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Оқушы сұрақ қоя білуге, шешім қабылдауға, ойын ұштауға төселеді. Сонда ғана оқушы белгілі бір жетістіктерге жете алады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша топпен, жұппен және жеке жұмыстар жүргізуге болады. СТО бағдарламасы арқылы сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, сеземін, танымын кеңейтуге болады.

Осы технологияда мұғалім оқушыны оқытуда соңғы нәтижеге жеткізер әдіс - тәсілдерді алады.

Компьютер көптеген қиындаған қызметтерді атқара алады. Сондықтан да оны ой - өрісінің өнері деп те атауға болады. Адам іскерлігінің әртүрлі салаларында ақпаратты жеткізу құралдарын енгізу осы іскерліктің ұстанымы жаңа тәсілдерінің пайда болуынан мүмкіндік туғызады. Болашағы зор жаңа ақпараттық технологияны педагогика үрдісінде қолдану педагогиканың теориясы мен тәжірибесінде сапалы түрдегі кезеңдерді енгізе алады.ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті нәрсеге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.

Тіл пәндерін оқытуда жаңа технологияларды енгізу мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдай түсіп, сөз өнерінің қыры мен сырын оқушы зердесіне жеткізуде оларға берілітін білімнің біркелкілігі мен біртұтастығының сақталуында, тіл меңгерудің деңгейлерінің кеңеюіне мол ықпалын тигізеді.

Бүгінгі таңда қазақ тілі мен әдебиет пәнін жас жеткіншектердің сүйікті пәндерінің бірі қылып оқыту - ұстаздан зор жауапкершілікті талап етеді. Бұл пән - жалпы білім беретін мектептің білім беру жүйесіндегі өзіндік орны бөлек жетекші пән. Қазақ тілі пәнің терең, мазмұнды және қызықты қылып жүргізу үшін тәжірибеден өткен, оқушылар деңгейіне сай технологияларды пайдалана отырып жүргізу - жаңашыл ұстаздың алдына қойған мақсаты. Аталған озық технологиялармен бірге сыннан өтіп, жетістіктерге жетіп жүрген әдіс - тәсілдерді ұстаздар қауымы өз сабақтарына қолданып отырса нұр үстіне нұр болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А. Байтұрсынов. Шығармалар жинағы. Алматы 2006 ж.

  2. Қазақ тілі Қазақстан мектебінде. (республикалық ғылыми - әдістемелік журнал) Алматы 2010 жыл.

  3. Баженова Н. Педагогикалық ізденіс. Алматы 1992 жыл

© 2010-2022