Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»

"Описание материала: "Конспект урока по казахскому языку в 10 классе с русским языком обучения. "Тема урока: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова. "Виды работ: групповые, индивидуальные, в парах. "Использованы: элементы технологий критического мышления, интерактивные методы и т.д. класс разделен на две группы. При проверке домашнего задания каждой группе были подготовлены вопросы. Перед объяснением новой темы предлагается учащимся посмотреть отрывок фильма «Қыз Жібек». "Ставится целев...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Танжарыкова Венера

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ақтөбе қаласы № 23 ОМЛ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова
Сабақтың мақсаты
:

Білімділік: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері,олардың тыныс белгілері жайында білімдерін жинақтатып, практикада қолдануға бағыттау, жалғаулықты және жалғаулықсыз бірыңғай мүшелердің ерекшеліктерін таныту, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуға баулу. Жеке тапсырмалар арқылы шығармашылық белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік: Азаматтық қасиеттерді қадір тұтуға, құрметпен қарауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өз-өзіне сенімділіктерін арттыру, ұлы адамдардан үлгі-өнеге алуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке

Әдіс-амалдар: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Сабақтың мақсатын қою кезеңі

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І топ оқушыларына арналған сұрақтар

1. «Қыз Жібек» операсының авторы кім?

2.Алғашқы қойылымы қашан өтті?

3. «Қыз Жібек» операсының басты партияларын кімдер орындады?

4. Операда қандай халық әндері пайдаланды?

5. «Қыз Жібектің» мыңыншы қойылымы қашан болды?

ІІ топ оқушыларына арналған сұрақтар

1.Қ.Байсейітов кім?

2. Қ.Байсейітов 1958 жыл қайда қатысты?

3. Қ.Байсейітовтың «Айман-Шолпанда» кімнің рөлін сомдаған?

4. Қ.Байсейітов қандай кітаптың авторы?

5. Ол қай театрдың негізін қалаушы болды?

IV. Жаңа тақырып.

  1. «Қыз Жібек» фильмінен үзіндіні көрсету.

2.- Балалар, бұл қай фильм? Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»

-Қыз Жібек ариясын кім орындады?

- Күләш Байсейітова туралы не білесіңдер? Ол кім?

Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»

Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»

3.Күләш Байсейітова туралы ( оқушылардың баяндамалары)

Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»

Күләш Байсейітова 1912 - жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 - жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана - Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы - жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды.

Байсейітова қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің "Чио-Чио- Сан", Татьяна (П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегині") т. б. партияларды орындады. Байсейітова сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Айман, И. В. Коцыктың "Айман- Шолпанындағы" Айман, Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" және тағы басқалары. 1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет өткізіліп отырады.

4.Оқулықпен жұмыс

А) Мәтін негізінде бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрастырып жазу.

  • Мәтінді оқу

  • Сұрақ қою

  • Бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемді көшіріп жазу

  • Берілген сөйлемдерді талдау

Ә) Сөйлемдерді дұрыс құрап синтаксистік талдау жасау.

5. Берілген сөйлемдердегі бірыңғай мүшелерінің астын сызу

  • Театрда ең алғашқы қойыла бастаған "Айман-Шолпан" операсындағы Айманның, "Қыз Жібек"операсындағы Жібектің, "Ер Тарғын" операсындағы Ақжүністің ролдерін ойдағыдай орындап, үлкен табыстарға жетті.

  • Театрға келген Антонина Васильевна Нежданова, Иван Михайлович Москвин, Константин Сергеевич Станиславский сияқты көрнекті көркемөнер қайраткерлері Күләштің асқан өнерпаздығына өте риза болды.

  • Байсейітова Күләш- әнші, халық артисі, Мелекет сыйлығының лауреаты.

6.Берілген суреттер бойынша бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлем құрап жазыңдар

Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»

Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»Конспект урока «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Күләш Байсейітова»

7. 159 бет 4- тапсырма

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар. Оларға синтаксистік талдау жасаңдар.

Берілген сөйлемдерде бірыңғай сөйлем мүшелерінің астын сыз.

V. Бекіту

А)Сұрақтарға жауап бер

  1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қандай тыныс белгілері қолданылады?

А. нүкте В. нүктелі үтір. С. қос нүкте Д.тырнақша Е. үтір

2. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?

Әсет мұғалімдерін, тәрбиешілерін және жолдастарын мейраммен құттықтады.

А. бастауыш В. баяндауыш С. толықтауыш Д.анықтауыш Е. толықтауыш

3. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?

Еліміздің ұлдары мен қыздары қаһармандықпен еңбек етіп жүр.

А. бастауыш В. баяндауыш С. толықтауыш Д.анықтауыш Е. Толықтауыш

4.Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?

Күреспен,күшпен, білекпен

Төгілді жерге жаңа нұр.

А. бастауыш В. баяндауыш С. толықтауыш Д.анықтауыш Е. Толықтауыш

5.Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе, қандай тыныс белгісі қойылады?

А. нүкте В. нүктелі үтір. С. қос нүкте Д.тырнақша Е. үтір

6. Жалпылауыш сөз бірыңғаймүшелерден соң келсе, қандай тыныс белгісі қойылады?

А. нүкте В. нүктелі үтір. С. қос нүкте Д.сызықша Е. Үтір

Ә)Бірін-бірі тексеру.

Дұрыс жауап.

1-е 4-е

2-с 5-с

3-а 6-д

Б) Мақал-мәтелдерді аяқта

Өнерлі жігіт өрге озар, (өнерсіз жігіт жер соғар)

Өнерліге (өлім жоқ)

Өнерлінің қолы алтын, (өлеңшінің сөзі алтын)

В) "Күләш - ерен жүйрік өнер иесі" тақырыбына эссе жазу

Г) Синкуэйн стратегиясы

Кім?

Қандай?

Не істеді?

Қашан?

Ән маржанын шашқандай,

Күй теңізі тасқандай.

Аялап Отан өсірген,

Мыңдаған қыз бен ұлым бар.

Отанымның бір гүлі,

Құс дауысты бұлбұлы,

Күләш сынды қызым бар...

Жамбыл

...Ел ішінде гүлің бар.

Гүлді әніңді солдырмас,

Сіңілің, бауырың, інің бар... деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

VI. Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау.

Ережені қайталау.

VII. Сабақтың соңы.

Балаларды бағалау.






© 2010-2022