Урок литературы на тему Абай

  Мақсаты: Абайды ұлт көшбасшысы ретінде түсіну мағынасын оқушылар санасына сіңіру, оны шығармалары арқылы жан-жақты ұғындыру. Міндеттері: 1) Абайдың шығармашылығын оқушыларға таныстыра отырып, оларды өз ойын жеткізе білуге үйрету; 2) дұрыс сөйлем құрып, өлең жолдарын мәнерлеп оқи білуіне бағыттау; 3) Абайдың нақыл, дана сөздерін терең түсіндіру; 4) Абайдың өлеңдерін өз сазына келістіріп сәйкестіндіре айта білу; 5) оқушылардың түсініп, тоқыған ойларына қорытынды жасата білуге бағыттау. Түрі: нәт...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АБАЙ - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ

Мақсаты: Абайды ұлт көшбасшысы ретінде түсіну мағынасын оқушылар санасына сіңіру, оны шығармалары арқылы жан-жақты ұғындыру.

Міндеттері: 1) Абайдың шығармашылығын оқушыларға таныстыра отырып, оларды өз ойын жеткізе білуге үйрету; 2) дұрыс сөйлем құрып, өлең жолдарын мәнерлеп оқи білуіне бағыттау; 3) Абайдың нақыл, дана сөздерін терең түсіндіру; 4) Абайдың өлеңдерін өз сазына келістіріп сәйкестіндіре айта білу; 5) оқушылардың түсініп, тоқыған ойларына қорытынды жасата білуге бағыттау.

Түрі: нәтиже сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойландыру, мағынаны ашу сатысы.

Көрнекіліктері: презентация, интерактивті тақта, тірек-сызбалар, үлестірмслі суреттер, рефлексия парағы, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, музыка.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Амансың ба, алтын күн?

- Амансың ба, қонақтар?

- Амансыңдар ма, шәкірттерім?

Сіздерді көрсем қуанам!

Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Оқушылар:

- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұгу, ұлағат.

- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.

- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.

II. Сабақтың тақырыбы: Абай - қазақ әдебиетініц көшбасшысы.

Эпиграф: «Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, бүгінгі сабағымызда біз де ұлы ақын Абай Құнанбайұлы туралы оқимыз, естиміз, көңілге тоқимыз.

- Бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жан-жақты қарастырамыз. Сабағымыз төрт белімнен тұрады. Әр бөлімнің аты бар, сендер тапсырмаларды мұқият тыңдап, бөлімдердің атауын табасыңдар. Және де сабақтың соңында қорыту жұмысы болады. Бүгінгі жұмысымызға сәттілік тілеймін.

III. Үй жұмысын тексеру.

- Біз Абай туралы не білеміз?

- Ал Абай Құнанбайұлының өлеңдерін білесіңдер

- Абай туралы белгілі адамдар не айтқан?

IV. Жаңа сабақ.

Мұғалім:

- Абай ата - қазағымның тірегі,

Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.

Өтіп кетті өмірден, қалды үні,

Ол өлгенмен, мәңгі өлмес өлеңі!

I кезең. Абайдың табиғат лирикасымен таныстыру:

Мұғалім: - Ал, енді, кітаптың бірінші бетін ашайық.

Табиғат лирикасы деген ұғымды қалай түсінесіз?

Оқушы: - Табиғат лирикасы, бұл - ақынның ішкі жан дүниесінің сезімі, табиғат көріністері, адам және табиғаттың байланысы.

- Абай табиғатқа арнап не жазған? (өлеңдер).

- Абайдың табиғат лирикасы - ақындық шеберлікпен жазылған жырлар.

- Жылдың қай мезгілдеріне жазылған өлеңдерін білесіңдер? («Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз»)

- Абайдың «Жазғытұры» өлеңін айтшы.

Никита: - Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер Күннің көзі.

- Ал осы жыл мезгілдері туралы орыс ақын-жазушылары қандай өлеңдер жазған? (А.С.Пушкин. «Как весенней порою шумят тополя»),

- Как весенней порою шумят тополя!

Ходит ветер, цветочною пылью пыля.

Все живое обласкано солнцем степным.

Словно мать и отец.

Рада наша земля.

- «Жаз» өлеңін білесіңдер ме? «Күз» өлеңін кім жатқа айтады?

Диана:.

- Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

-Тағы бір жыл мезгілі қалды. Ол қандай жыл мезгілі? (қыс).

- Қазір Илья «Қыс» өлеңінен үзінді оқып береді.

- Ақ қиімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы - ақ қырау, түсі - суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Мұғалім: - Сендердің алдарыңда Абайдың «Қыс» өлеңі жазылған парақтар жатыр. Ал енді осы өлеңге сатылай кешенді талдау жасаймыз.

1. Тақырып - жазушының шығармасындағы негізгі ой.

2. Шумақ - аяқталған біртұтас ой.

3. Тармақ - өлеңнің әр жолы.

4. Өлең - шағын көлемді шығарма.

5. Идея - ақынның айтар ойы, мақсаты.

6. Бунақ - белгілі дауыс бөлінуі.

7. Буын саны - дауысты дыбыс санына байланысты.

8. Теңеу - заттың, құбылыстың қасиетін бір затпен салыстыру.

9. Эпитет - бір заттың, құбылыстың айрықша сипаты.

- Ал, енді, балалар, тақтаға назар аударыңдар, талдау жасайық.

II кезең: Абайдың қара сөздері.

Мұғалім: - Абай Құнанбайұлы өлеңнен басқа нақыл, даналық сөздер жазған.

- Қазір сендердің алдарыңда көрініс қойылады.

Көрініс - «Ақыл, жүрек, қайрат».

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі дос болыпты. Бірақ кім әмірші екеніне таласыпты. Үшеуі бір келісімге келмеген соң олар Ғылымға барып жүгініпті.

(Тақта алдына үш оқушы шығады).

Қайрат: - Мен күштімін. Менсіз дүниеде ешнәрсе болмайды.

Жүрек: - Мен - әміршімін. Meн - адамның патшасымын. Қан менен тарайды. Жан мекен қылады. Менсіз тіршілік жоқ.

Ақыл: - Менің ақылымсыз өмір жоқ, сондықтан «мен әміршімін» дейді.

Сонда Ғылым айтыпты: Үшеуің де дұрыс айтасыңдар, сондықтан үшеуің біріккен уақытта ғана өмір сүруге болады.

- Тақырыбы қандай? (Абайдың қара сөздері).

- Бұл - Абайдың нешінші қара сөзі? (17).

- Адамдар арасында не болу керек? (Адамдар арасында достық, татулық болу керек).

- Бір адамның қолынан ешнәрсе келмейді. Адамдар бір-біріне қол ұшын беріп, көмектесуі керек. Бірлік болған жерде тірлік болады.

Мұғалім: - Қара деген сөздің бірінеше мағынасы бар, оны мына сөз тіркестерінен көруге болады:

қара шаңырақ - отбасының үлкен үйі, ата-анасының шаңырағы;

қара сөз - нақыл, ақыл, даналық, кеңестік сөздер;

қара жұмыс - адамның жұмыскерлігі.

Қара шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?

- Абайдың неше қара сқзі бар?

Мұғалім: - Осы Абайдың қарасөзін бекітеміз (тақтада кесте арқылы бекітіледі.):

- II бөлімнің тақырыбы қандай? (Білім, ғылым, дін, адамгершілік).

- жанр түрі қандай? (Проза).

- идеясы неде? (Нақыл сөздер, өсиет).

- тәрбиелік мәні неде? (Адам өмірде дұрыс жүріп, ақылмен ойлап, артық сөз айтпау керек).

- Сонымен, Абайдың қарасөздерін тану арқылы біз оны ұлы дана, философ дейміз.

ІІІ кезең: Абай өлеңдері.

- Балалар, тыңдаңдаршы («н естіледі). Слайд - «Желсіз түнде - жарық ай».

Мұғалім:

- Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй!

- Бұл не? (өлең).

- Қандай өлең?

- «Желсіз түнде - жарық ай» Абайдың бір әдемі өлеңі, табиғатқа, махаббатқа арналған.

- Мұнда ақын нені суреттеген? (Дала, кеш, көшпелі ауыл, жарық ай, желсіз түн, тау, өзен жағасы.

Мұғалім: - Абай атамызды ақын ретінде есімізге түсірдік, ол тағы кім?

Оқушы: - Сазгер ретінде білеміз. ( «Абай - сазгер», кітаптың 3-беті).

- Қандай өлеңдеріне ән жазған? «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде - жарық-ай», «Қараңғы түнде тау қалғып».

- Сендерге Абайдың қандай өлеңі ұнайды? Ал енді бұл өлеңді айтайық.

Бейне таспа: - Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңі орындалады.

IV кезең: Абай - аудармашы.

- Бұл кімдер? (орыс ақын-жазушылары).

Орыс ақын-жазушылары Абаймен қалай байланысты? (Абай олардың шығармаларын қазақ тіліне аударған).

- Сонда Абай кім? («Абай - аудармашы», кітаптың 4-беті ашылады).

Мұғалім: - Окушылар, Абай атамыз орыс ақын-жазушылардың еңбектерінде қазақ тіліне аударған. Абай атамыздың мақсаты - тек қазақ ақын-жазушыларының еңбектерімен ғана емес, сонымен қатар орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен де таныстыру болған.

А.Құнанбайұлы 1886 жылдан бастап И.В.Крыловты қазақ тіліне аударған.

- Біз қазір көріністі тамашалайық. Көрініс. «Шегіртке мен құмырсқа».

- Бұл қандай мысалдан үзінді? («Шегіртке мен құмырсқа»).

- Бас кейіпкерлері кім?

- Сендерге кім ұнайды? Неге? (құмырсқа - еңбекқор)

- Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? (Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны - тәтті).

- Біздің қалада ең басты көшеде саябақтың жанында қандай ескерткіш тұр? (Абай мен Пушкин).

- Абай мен Пушкин - екі елдің ұлы тұлғасы. Олардың шығармашылығы тығыз байланысты. Абай «Евгений Онегиннен» үзінді аударды.

Көрініс. «Татьяна және Онегин».

Мұғалім: - Абайдың 1891 жылы інісі Оспан, 1895 жылы баласы Әбдірахман қайтыс болды. Осы кезде Лермонтовты аударуға көшеді. Барлығы - 27 өлең. Қазір біз әдемі өлең тыңдаймыз. Бұл өлеңді немістің ұлы ақыны Гете жазған, кейін Лермонтов орыс тіліне аударған, Абай қазақ тіліне аударған.

1-оқушы: «Қараңгы түнде тау қалғып» өлеңі;

2-оқушы: Қараңғы түнде тау қалғып. Горные вершины

Ұйқыға кетер балбырап. Спят во тьме ночной.

Даланы жым-жырт, дел-сал ғып, Тихие долины

Түн басады салбырап. Полны свежей мглой.

Шаң шығармас жолдағы, Не пылит дорога,

Сілкіне алмас жапырақ. Не дрожит листва.

Тұншығарсың сен-дағы, Подожди немного,

Сабыр қылсаң азырақ, Отдохнешь и ты.

Мұғалім: - Әдебиетті қай тілде болмасын көркемдік, сұлулық, шешендік ретінде көруге болады.

V. Қорытынды: - Бүгінгі сабақта біз Абайдың шығармашылығын жан-жақты қарастырдық, Абайды терең білуге тырыстық. Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Алдарыңда ватман жатыр. Осы тақырып бойынша бүгінгі сабақта не білдіңдер, ойларыңды жазындар.

Тексерейік.

V кезең: Бағалау.

VI кезең: Үй тапсырмасы: Абайдың 38, 17-қарасөздерін өз сөзімен мазмұндау.


© 2010-2022