THE THEME OF THE LESSON: MASS-MEDIA

         ХХІ ғасырдың жоғарғы білім беру жүйесі қай бағытта дамитынын түсіну үшін, осы  жүйеге жан-жақты байыппен қарай білу керек. Ал, бұл жұмыс сол жүйеге кең ауқымда қарағанда ғана нәтижелі болады. Айтқандай-ақ ғылым мен адам іс-әрекетінің алуан түрлі салаларында жаһандану проблемалары үлкен мәнге ие болуына орай ХХІ ғасырды  жаһандану ғасыры  деп атауда. Қазіргі кезде ешкім де жаһандану құбылысы болмайды, қажет емес деп айта алмайды. Солай бола тұрса да жаһандануды әркім әртүрлі түсінеді, со...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

THE THEME OF THE LESSON: MASS-MEDIA


Абилдаева Гулбаршын Муратқызы


Вечерняя общеобразовательная школа. Шиелийский р/н. Кызылординской области. РК.

ХХІ ғасырдың жоғарғы білім беру жүйесі қай бағытта дамитынын түсіну үшін, осы жүйеге жан-жақты байыппен қарай білу керек. Ал, бұл жұмыс сол жүйеге кең ауқымда қарағанда ғана нәтижелі болады. Айтқандай-ақ ғылым мен адам іс-әрекетінің алуан түрлі салаларында жаһандану проблемалары үлкен мәнге ие болуына орай ХХІ ғасырды жаһандану ғасыры деп атауда. Қазіргі кезде ешкім де жаһандану құбылысы болмайды, қажет емес деп айта алмайды. Солай бола тұрса да жаһандануды әркім әртүрлі түсінеді, сондықтан оның ағымдары мен нәтижелері ғалымдардың, мамандардың, сонымен қатар, педагогтардың назарын аударуда.

Сөзбе-сөз «жаһандану» термині «бүкіләлемдік», «жалпыпланетарлық» құбылыс дегенді білдіреді.

«Жаһандану» ұғымының көптеген мәні мен мағынасы бар. ХХ ғасыр соңында интернет арқылы нақтыланған әлемдік ақпараттық кеңістіктің жасалуының куәсі болып отырмыз. Педагогикалық әдебиеттерде соңғы кезде «білім беру кеңістігі» деген термин дүниеге келді, оның аясын кең көлемде қарағанда білім беру аймағында ұлттық шекара мен ұлттық көзқарастардың ауқымынан шығады.

Жаһанданушы ХХІ ғасыр әлемі өзінің орбитасына ақпараттық-танымдық, өзара білім іс-әрекетінің алмасуын жүзеге асырады, ал ол адамдардың әлеуметтікке көзқарасын, мақсатын, құндылықтарын, білім берудің мәнін және ХХІ ғасыр адамының өмір сүру сапасына деген қатысын негізінен өзгертеді.

Жаһандану - модалы термин немесе адамдардың кезекті қиялы ғана емес. Жаһандану бүкіл адамзатқа сын, оның ішінде жоғарғы оқу орны педагогына сын; жоғарғы білімді қай бағытта беру және қалай жаңаландыру керек деген сұрақ туындайды. Осындай кезеңде келешек маман-студент жаһандану дәуірінде табысты болу үшін қалай білімдену керек деген де проблема туындайды.

Қазірдің өзінде жаһанданудың ХХІ ғасыр әлемін түбірінен өзгертетіні айқындалды, білім беру мен тәрбие, құндылықтар, көзқарастардың өзгеретіні белгілі, бірақ бұл процестер қалай және қай бағытта өзгереді, соны айқындауымыз қажет. ХХІ ғасырдағы жаһандық ақпараттану және мәдени құндылықтарының белсенді бейнесі қалыптасатын жағдайда адамдардың алдында таңдау тұрады. Адамдардың өзін-өзі айқындап алу қажеттігі туындайды. Адамдар қандай құндылықтарға ден қояды, ұлттық құндылықтарды таңдай ма, әлде европалық, америкалық, азиялық стандарттар мен құндылықтарды таңдай ма?

ХХ ғасыр адамы мәдени құндылықтардың тез ауысуына байланысты өзін-өзі айқындаудың жылдам және жоғарғы деңгейдегі таңдай білу қабілетін талап етеді.

Мұндай жағдай тұлғаның өз тағдырына, келешегіне деген жауапкершілікті арттырады. Тұлға заман талабына сай үздіксіз кәсіби деңгейін шығармашылықпен өзін-өзі дамыту бағытын таңдайды немесе тұлға ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүр деңгейінде жабылып, қоршаланып қалады.

Жаңа өлшем жеке тұлғаның тәуелсіздігін, жауапты шешім қабылдау дербестігін қамтамасыз етеді. В.И. Андреевтің пікірінше, ақпарат көкжиегінің кеңуі ХХІ ғасыр адамына ерекше күшті әсер етеді, оның ішінде өз бағытын айқындау үшін қажеттілік ауқымына және «өмір сапасы» туралы ойтанымына зор әсер етеді. Жоғары мәдениетінің дамуына сай жалған стандарттардан арылуға көмектеседі немесе өмірдің мәні туралы, шынайы құндылықтар туралы жете қалыптаспаған жалған стереотиптердің ықпалында кетеді. ХХІ ғасырда жаһандану бағытындағы әлемдік ағымдарды басшылыққа алғанда іскерлік элитаның интеллектуалдары: проблеманы масштабты көре, шеше алатын ғалымдар мен мамандар дүниеге келеді.[ 1.Б.4.]

Жаһандану процесінде ақпараттық алмасу, мәдениет алмасуы, экономикалық ықпал ету мақсатындағы жаңа технологияның алмасуы, білім сапасының, тәрбиенің, еңбек, демалыс және адам өмірінің мәнінің тиімділігі туралы көзқарастарымыз өзгереді. Алайда жаһандану - жарқын болашақ қана емес, оның оң жақтарымен қатар, теріс жақтары да бар. Білім саласында интернетті пайдалану процесінде жетістіктерімен қатар, кемшіліктері де бар. Жалған ақпараттар студенттердің көп уақытын алады, білімдендірудің орнына кері әсер етеді. Теледидар арқылы оқушылар мен студент жастарға теріс ықпал етіп, американың өмір сүру қалпы уағыздалады, халықтардың ойға, қырға белсене араласуы жастар проблемасы: жезөкшелік, СПИД, нашақорлықты көбейтуде.

Міне, осындай келеңсіздіктерге жол бермей ХХІ ғасырда жоғарғы білім берудің жаһандануы ең дұрыс, нақты рухани-адамгершілік және кәсіби - шығармашылық негізге сүйеніп, жоғарғы оқу орнының түлегі табысты болуға дайын болуы керек. Тағы бір теріс ағым: негізгі халықтың кедейленуі болып табылады. Бұрынғы Б.Ұ.Ұ-ның генеральды секретары Кофи Аннан кезінде «Бәріне ең жақсы әлем» деп ұран тастады; халықаралық бірінші мақсат кедейлікті азайту деп белгіледі. Атақты жазушы Сент-Экзюпери «Планета людей» повесінде «кедейлік көп елдерде қалыпты жағдайға айналған. Ең қорқыныштысы осы кедейлікте дүниеге бала келеді, өседі, қабілеті ашылмай-ақ талай Моцарттар дүниеден өтеді»- деген еді.

Кедейліктің кесірінен халықтың белгілі бір бөлігінің орта, жоғары білім алуына мүмкіндігі болмайды.

ХХІ ғасыр жаһандану контексінде әлеуметтік революциялық төңкерістерді болдырмау үшін адамзат байлығын, білімдендіруді әділ қамтамасыз ету үшін заңдар мен принциптерге сүйенген механизм ойлап табу керек.

Сонымен қатар, ХХІ ғасырда адамзат өзін-өзі алып шығу үшін қоғамға тек тұтынушы ғана емес, рационалды тұтынуға да үйренуі керек. Ал бұған тек білім мен тәрбие ғана көмектесе алады. Егер қоғамда дағдарыс болса, білім саласында да дағдарыс орнайды. Проблемалардың ең үлкені - рухани азу,

© 2010-2022