Поурочный план мазмұндама Сұлу, әдемі музыка (8-класс)

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

25.01.2016ж.8- «А», «Г»класс.қазақ тілі сабағы

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама « Сұлу, әдемі музыка»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша қазақша сауатты жазу білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері:1) мәтін арқылы оқушылардың қазақша тыңдап,есте сақтағандарын қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландыру; буын үндестігін қайталау; буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен таныстыру.

2) ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3) қазақ тілін үйренуге , сөйлеуге ынталандыру.

Нәтиже:есте сақтау қабілеттері дамиды, түсінгендерін сауатты жаза алады.

Сабақтың түрі: жазбаша жұмыс

Сабақтың әдістері:баяндау

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, тарих

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, таблица

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

Ә)Оқушы санын түгелдеу

Б) Оқушы назарын сабаққа аудару.

В) Психологиялық ахуал орнату.

2.Мұғалім мазмұндаманы 1 рет оқып шыққаннан кейін, жаңа сөздерге тоқталады

3.2-3оқушыдан мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойылып,жауап алынады.

4.Сөздік жұмысы:өнерсүйгіш,жасөспірімдер,

5.Мәтін 2-рет тыңдалып,жоспар құрылады.

Жоспар

1.Қазақ -өнерсүйгіш халық.

2.Музыканың бөлінуі

3.Жастардың ұнататын музыкасы

4.Қазақстан эстрадалық әншілер.


Мәтін «Сұлу, әдемі музыка»

Қазақ халқы- өнерсүйгіш халық.Оның музыкалық мәдениеті өте бай.Халқымыз ақындарды,әншілерді,сазгерлерді ерекше құрмет тұтқан.

Жалпы,музыка -классикалық және қазіргі жеңіл музыка болып бөлінеді.Классикалық музыка үлкен залдарда симфониялық оркестрмен орындалады.Классикалық музыка терең мазмұнды болып келеді.Әрине,оны түсіне білу керек.

Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады:поп, рок, диско, рэп, техно және т.б.Жасөспірімдер техно және диско музыкасын жақсы көреді.Орта жастағы өнерсүйгіштер көбіне джаз,рок,поп деген бағыттарды ұнатады.Рок музыкасының негізін салушылар -«Битлз» тобы және Элвис Пресли болған.

Қазақстанда эстрада жұлдыздары көп.Олар:Роза Рымбаева,Нагима Ескалиева,Мақпал Жүнісова,Нұрлан Өнербаев және т.б. Әлбетте ,осы талантты әншілер Қазақстанның вокалдық өнерін әлемдік аренаға көтеріп келеді.Олардың әндерін бәріміз сүйсініп тыңдаймыз.



© 2010-2022