Урок литературы Атақты күйшілер

Мақсаты: а) қазақ халқының ұлы күйшілері туралы түсінік бері, шығармаларымен таныстыру, тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалану, есімшенің жұрнақтарын қайталау; ә) ауызша, жазбаша тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау, қабілеттерін дамыту; б) тарихтағы ұлы күйшілердің өмірбаянын үлгі ете отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу. Түрі: ашық сабақ. Әдісі: жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, мәтінмен, тақтамен жұмыс жаса...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок литературы Атақты күйшілерУрок литературы Атақты күйшілерУрок литературы Атақты күйшілерУрок литературы Атақты күйшілерУрок литературы Атақты күйшілерУрок литературы Атақты күйшілерЕсімшеде - атақты күйшілер

Мақсаты: а) қазақ халқының ұлы күйшілері туралы түсінік бері, шығармаларымен таныстыру, тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалану, есімшенің жұрнақтарын қайталау; ә) ауызша, жазбаша тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау, қабілеттерін дамыту; б) тарихтағы ұлы күйшілердің өмірбаянын үлгі ете отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Түрі: ашық сабақ. Әдісі: жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, мәтінмен, тақтамен жұмыс жасау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау. Көрнекілікті: күйшілердің суреттері, мақал-мәтелдер, итерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) кезекшімен сұхбат;

- Кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыста қандай өзгерістер болады?

- Бүгін ауа райы қандай?

б) Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу.

ІІ. Енді сабағымыздың ережесімен танысайық:

1. Бірін-бірі тыңдау.

2. Ойын ашық айту.

3. Сабаққа түгел қатысу.

4. Ұйымшыл болу.

5. Уақытқа бағыну.

ІІІ. Өткен сабақты сұрау.

Сабағымыз қазақтың мына мақалымен басталады:

Өнер ағып тұрған бұлақ, Білім- жанып тұрған шырақ.

  • Біз сендермен бірге білім шырағының көмегімен өнер бұлағының көзін аштық. Осыған байланысты мына көрмені ұйымдастырдық. Мұнда көптеген құжаттармен танысып, түрлі мәліметтер алуға болады. Мына кітапта Ш. Аймановтың сомдаған рөлдері туралы айтылған.

КИНО ӨНЕРІӨнердің тағы қандай салаларын білесіңдер?

КҮЙ ӨНЕРІ

БИ ӨНЕРІ

ТЕАТР ӨНЕРІ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

ӘН ӨНЕРІӨНЕР

IV. - Осы өткен өнер түрлерін қайталай келе, бүгінгі жаңа сабағымыз күй өнері және атақты күйшілеріміз жа йында болмақ. «Күй» сөзі көшпелі тайпалар тұрмысында XIV ғасырда «аспаптық музыка» деген ұғымды білдірген. Күй ішінде өртенген дала, қираған қала, шапқан ат, төгілген қан, ашынған ана, аңсаған ару, жылаған бала бар.

Күй десек, алдымен есімізге домбыра түседі. Домбыра - халқымыздың жан серігі. Ол - тарих, тағдыр, тіл, тұрмыс пен әдет-ғұрыпты айқын көрсететін ұлттық байлығымыз. Осы ұлттық байлығымызды қанша адам серік етіп, өнерімізді өзгелерге паш етті. Күй атасы - Кетбұғадан бастап, Асан қайғы, Қазтуған жырау, Ықылас, Тәттімбет, Құрманғазы, Дина сияқты дарынды күйшілеріміз қазақ өнеріне баға жетпес зор үлес қосқан.

V. Оқулықпен жұмыс:

А) жаңа сөздермен танысу;

Ә) диалогты оқып, аудару;

Б) атақты күйшілеріміз жайында.

1.Құрманғазы Сағырбайұлы - композитор, күйші.

2.Дина Нұрпейісова - күйші, композитор.

VІ. Жазбаша жұмыс. 6-тапсырма. 100 бет.

VІІ. Сабақты қорытындылау:

1. Күй деген не? 2. Күйде не туралы айтылады? 3. Күйлер осы заманга дейін қалай сақталған? 4. Күйді шығарған кімдер? 5.Қандай күйшілерді білдік?

- «Өнер» тақырыбын қорыта келе, алдарыңыздағы қағазға «не білдік?, тағы не білегіміз келеді?» деген сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

VІІІ. Үйге тапсырма: Атақты күйшілеріміз жайында мазмұндау.

ІХ. Бағалау. Бүгінгі сабақ еркше болғандықтан бағалау түрі де ерекше болмақ. Бесжұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыштар арқылы әркім өз бағаларын біледі.



© 2010-2022