Ата – әке –бала. Эссе дегеніміз не? (6 Сынып)

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік беру,  эссе   жазуға үйрету.  2. Оқушылардың ой – өрісін дамытып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге, ата – аналарын тыңдауға тәрбилеу. Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру   кезеңі. Амандасу. Менің аты – жөнім- Жұмагүл Тоқышқызы.Қазір қай жыл мезгілі? Күздің айлары қандай? Бүгін аптаның қай күні? Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? Қазір дәптерлердің сырттарын толтырамыз. II. Сөздік  жұмысы. 5 ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ата - әке -бала.Эссе дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік беру, эссе жазуға үйрету.

2. Оқушылардың ой - өрісін дамытып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге, ата - аналарын тыңдауға тәрбилеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Менің аты - жөнім- Жұмагүл Тоқышқызы.Қазір қай жыл мезгілі? Күздің айлары қандай? Бүгін аптаның қай күні? Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? Қазір дәптерлердің сырттарын толтырамыз.

II. Сөздік жұмысы.

5 б. сөздерді көшіріп аламыз. Сөздерді оқып, аударып, қазақ тіліне тән дыбыстарға тоқтаймыз.

III. Мәтінмен жұмыс істеу.

5 б. оқып, аударамыз.Мұндай сұрақтарға жауап береміз.

  • Бұл мәтінде кім туралы айтылған?

  • Бұл мәтінде қазақ отбасы туралы айтылған.

  • Қазақ отбасы неше ұрпақтан тұрады?

  • Олар кімдер?

  • Олар - ата мен әже, әке мен ана, бала.

IV. Жаңа тақырып.

Эссе дегеніміз не?

6 б. оқып , аудару.

V. Бекіту кезеңі.

7 б. Сұрақтарға жауап беріп эссе жазғызу.

6 б. Кесте бойынша отбасы мүшелерінің сәйкес келетін сипаттарын тауып айтыңдар. (ауызша)

Ата мен әже - отбасының ең құрметті адамдары. Ата мен әжелер немерлеріне ертегі, қызық әңгіме, әртүрлі жырлар айтып береді. Ата мен әжелер отбасының бірінші ақылшысы деп есептеледі.

Әке - отбасының басшысы, асыраушысы қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді.

Ана -отбасының беріктігін сақтаушы. Ана - отбасының сыйластығын орнатады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларына үлгі көрсетеді. Ана - отбасындағы татулық ұйытқысы.

Бала - отбасының ең үлкен байлығы. Ата - анасын сыйлап өскен бала өзгелерді құрметтеуге үйренеді.Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады.

VI. Қорытынды.

Балалар сабақта не туралы білдік? Сабақтың тақырыбы не болды?

VII. Үй тапсырмасы.

5 б. мәтіннің мазмұнын айтып келу, сөздерді жаттап келу.





© 2010-2022