Оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Курантаева Эльвира Магауевна Мұғалімнің портфолиосы С есебі.

№ 3 топ 3-деңгей

Ақтөбе қаласы 11.11.2014 ж.


Ембі қалалық №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімінің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені

және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп.

ХХІ-ғасырда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім (Стронг, Вард, Гранд, 2011) деген қағиданы басшылыққа ала отырып, "Мектептегі тәжірибе" кезеңінде өткезген сабақтарымда оқушының ойлау қабілетін дамытуға, ойын еркін жеткізуге ықпалдастым. Бірінші "Бетпе-бет" кезеңінде Бағдарламаның өзара байланысты жеті модулінің идеяларымен таныстым. Осы жеті модульді 6-сыныпқа арналған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарына еңгізіп, қазақ әдебиеті пәнінен Сүйінбай Аронұлы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері", Абай Құнанбаев "Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ", "Әсемпаз болма әрнеге", "Отыз бірінші сөз" тақырыпты сабақтарымның орта мерзімді жоспарын құрдым. Жоспар құру барысында Бағдарламаның 7 модулін бір-бірімен байланыстыруды көздедім. Тапсырмаларды түрлендіріп, оқушылардың жас ерекшелігіне сай әзірледім. Сабақтарыма қатысқан әріптестерім, сыныпқа көп араласпайтын оқушылардың белсенділігін арттыруда, топтық жұмыстың тиімді екенін айтты. Сабақтарымды өткізу барысында көптеген өзгерістердің куәсі болдым. Бағдарламаның жеті модулін бір-бірімен байланыстырып тиімді пайдалана білгендіктен, сабақтарым тартымды әрі қызықты өтті. Бұрын үзіліс уақытын күтіп, сабақтың аяғында алаңдап отыратын оқушыларымның өзі қосымша сұрақтар қойып, үзіліске шығуға асықпағаны мені таңғалдырды.

Осы сабақтар арқылы мен ынтымақтастық ахуалдың маңыздылығын түсіндім. Мұғалімге арналған Нұсқаулықтың 34-бетінде "Мұғалім ең алдымен оқушыларда Чиксенмихай (2008) "өзіндік мақсат"деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «iшкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс, сол кезде оқушылар өздері-өздерін ынталандырып, осыдан кейін оқушыларда ұмтылыс пен қызығyшылық, құлшыныс, ынта пайда болaды,"-делінген. Мен бірінші сабағымнан оқушылардың ішкі уәжінің дамуына, сыртқы уәжді қабылдай білуіне ықпалдастым."Сіз маған ұнайсыз"әдіс-тәсілін пайдаланып, оқушыларға бір-бірінің жағымды қасиеттерін айтқызсам, "Мен қандаймын?" тренингі арқылы оқушылардың өзінің жақсы қасиетін айтқыздым. Осы жаттығуды өткізер алдында оқушыларды ережесімен таныстыру барысында, Эльдар есімді оқушымның: "Өзіңді өзің мақтаған ыңғайсыз екен,"- деген сөзінен, бұл оқушының мінезі туралы ой қалыптасты."Жылы лебіз" әдіс-тәсілін пайдаланып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызыдым. Осы арада оқушылардың басым бөлігі "Сабағыңды бестікке оқы", "Мектепті қызыл дипломмен аяқта", деген тілектер айтып жатты. Осы тренинг арқылы, оқушылардың қазіргі таңда сапалы білімнің маңыздылығын түсінетіні байқалды. Сабақтарымды бастамас бұрын "Әңгімеге бастау жасайтын және оны бақылап отыратын

адам - мұғалім" (Мерсер, Нұсқаулық, 41-б.) деген қағидасына сүйеніп, әр сабағымды оқушылармен амандасудан бастадым. Барнстың "Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді" деген сөзін (39-б.) ескере, ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру арқылы, оқушылардың өз күші мен уақытын аямастан қызығушылықпен жұмыс істейтіндей жағдай туғызып, ішкі уәждерін қалыптастыруды көздедім. Осы жұмыс арқылы мен оқушылардың сыртқы уәжді қалай қабылдай алатындығын байқадым. Олардың бір-бірінің адами қасиеттерін айтуы, менің де оқушылардың мінез-құлқы, қасиеттері туралы біршама мәлімет алуыма сонымен қатар сабағымның жақсы көңіл-күйде басталуына,оқушыларымның сабаққа деген ынтасының артуына үлкен ықпалын тигізді. Ынтымақтастық ахуалды орнатуға арналған "Сіз маған ұнайсыз", "Мен қандаймын?" жаттығулары оқушылардың ішкі уәжін дамытып, сыртқы уәжді қабылдауға үйретті. Оқушылардың келесі қазақ әдебиеті сабағын асыға күткені мені қуантты.

Менің оқыту мен оқудағы қолданған жаңа әдіс-тәсілдерім арқылы оқушылар топта бір-бірінен үйрене алды, бағалауға дағдыланды, сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен бөлісуді үйренді, басқаны тыңдаудың, пікірлерді сыйлаудың маңыздылығын түсінді.

Топқа бөлу әдісін мен бұрын-соңды сабақтарымда қолданып жүрдім, бірақ мен сыныпты топқа бөліп, сабағымды сайыс түрінде өткізіп жүрдім. Жарыс түрінде болғандықтан, оқушылар арасында бәсекелестік туындайтын еді. Ал, мына топпен жұмыс түрінде ондай келеңсіздік кездескен жоқ. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға, ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. "Орныңды тап" әдісін пайдаланып, сыныпты "Етістік", "Сөз тіркестері", "Зат есім" деп топтастыра отырып, сабағымды қазақ тілі пәнімен байланыстыра білдім. "Қызық дыбыстар", "Буындар", "Серігіңді тап", "Сандар" деген сияқты әдіс-тәсілдерін де сабақтың тақырыбымен байланыстырдым. Осы әдіс-тәсілдер арқылы мен оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетеледім, сонымен қатар пәнаралық байланысты да қамтыдым. Мысалы "Пазл" әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпты анықтады,"Сынақ" әдісі арқылы Сүйінбай Аронұлының өмірбаяны туралы алған мәліметті тексеріп әрі сыныпты топқа бөліп, бір тәсіл арқылы бірнеше тапсырма орындатып, уақытты тиімді пайдалана білдім.

Тізбектелген төрт сабағымда тапсырмаларды түрлендіріп дайындадым. Бұл тапсырмалар арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеп, тақырыпты өздері анықтайтындай жағдай жасадым. Мысалы, Абай Құнанбаевтің "Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ"өлеңімен таныстырмас бұрын сыныпты "Пазл" әдісі арқылы топтастырдым. Оқушылар суретте бейнеленген ат әбзелдері арқылы тақырыптың атқа байланысты екенін анықтады.

Оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп.Оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп.

Осы сабақта оқушыларды екінші рет топқа бөлгенде стикерлердегі "цок", "н-н-нооо", "и-го-го" деген жазуларды пайдаландым. Оқушылар не себепті бұл дыбыстар арқылы топтасқанын анықтады. "Әсемпаз болма әрнеге" тақырыбында өткен сабағымда оқушыларды "Буындар" әдісі арқылы топтастырып, сол буындарды бір әннің әуеніне салып айтуды тапсырдым. Бұл жолы оқушылар тапқырлық танытып, көп ойланбай тапсырманы шапшан орындады. Бірінші топ "н" әрпінен басталатын буындарды біріктіріп, Абайдың "Көзімнің қарасы" өлеңін, екінші топ "т" дыбысынан басталатын буындар арқылы "Атамекен" өлеңінің әуенін, үшінші топ "л" дыбысынан басталатын буындарды "Ертегілер еліне саяхат" бағдарламасының әуеніне салды. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. (Нұсқаулық, 29-б) Осы тапсырманың нәтижесі Александердің сөзіне дәлел болғандай. Сыныпты буын арқылы бөлген себебім, оқушылар сабақта өлеңді сатылай талдады. Мен сыныпты топтастырған кезде де неғұрлым тақырыптан алшақтамауды көздедім. Осы Бағдарлама негізінде өткізген сабақтарымда бұрын сыныпқа көп араласпайтын, ойын жеткізіп айта бермейтін оқушыларым белсендік танытып, сабақта өздерін еркін ұстады. Мысалы, Дархан есімді С деңгейлі оқушым сабақта қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, постер даярлау барысында сыныпқа араласып, сызу қабілеті барын көрсетті. "Егіз сөздер" әдісі арқылы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" өлеңінен көп мағыналы сөздерді табу тапсырылғанда, В деңгейлі Айдын есімді оқушым:"Құс-ұшатын құс, құс-лоқсу" деген мағынада қолданылады",-деп жауап бергені оқушының тапқырлығын көрсетті.

Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері жаңа білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді./Нұсқаулық, 6-б./ деген қағиданы негізге ала отырып, "Отыз бірінші сөз" тақырыпты сабағымда оқушыларға дайын білімді ұсынбай, олардың білімін тексердім. Мен "Есте сақтау жадысының тестін" өткізіп, олар айтылған нәрсені қаншалықты мұқият тыңдайтынын бақыладым, сонымен қатар естіген нәрсені есте сақтау үшін қандай ірекеттер қолданатынын білдім.Олар мен оқыған 25 сөзді мұқият тыңдап, есінде қалған сөздерін жазды. Бұл сергіту сәті оқушылардың жадысының қандай дәрежеде дамығанын анықтауға мүмкіншілік берді. Бұл тест қорытындысы оқушылардың есте сақтау жадысы қуантарлықтай дәрежеде дамымағанын көрсетті. Болашақта оқушылардың жадысын жақсарту мақсатында, осы тәріздес жұмыс түрлерін жиі өткізу керек деп ұйғардым.Сергіту сәтінен кейін Абай Құнанбайұлының отыз бірінші сөзін үнтаспадан тыңдаттым. Бұл қара сөзде естіген нәрсені ұмытпау үшін не істеу керегі айтылған. Мен сергіту сәтін де сабақпен байланыстырдым. "Автор орындығы" әдісі арқылы мен оқушыларға "Адам бойында жақсы қабілетті қалай қалыптастыруға болады?" тақырыбында эссе жаздырдым. Осы тапсырманы орындау барысында екінші топта отырған оқушылар, мен күтпегендей, "Қарлы кесек" әдісі арқылы топ болып жазған эссесін қорғап шықты. Келесі сабақта мен "Жыр жазамын жүрегімнен", әдісін пайдаланып өлең жазу қабілеті бар оқушыларды анықтау мақсатында,оқушыларғатапсырма бердім. Әрине, екінің бірінде ақындық қабілет бола бермейтінін ескеріп, осы тақырып аясында эссе де жазуға болатынын айттым.

"Ойлан, бірік, бөліс", "Үштік модель", "Сұрақ бізден, жауап сізден", "Кезектесіп қайталау" әдістері көшбасшылыққа бейім, ұйымдастыру қабілеті бар оқушыларды анықтауға септігін тигізді. Әр топтан бір оқушы өз бетінше басшылық жасап, әр қайсысын жұмысқа тартып отырды. Мысалы, Нұрай есімді оқушым "Сен мына тұсын айтасың","Ал сен мына мәліметті есте сақтап ал",-деп сыныптастарының сабаққа белсенді қатысуына септігін тигізіп отырса, Анель есімді оқушым Айдын мен Еркебұланға:"Сендер кітаптан түсініксіз сөздерді теріп жазып алыңдар, қалғанымыз әзірше түсінгенімізді постерге түсірейік", - деп әр топ мүшесіне тапсырманы бөліп берді.

Осы сабақтар арқылы мен бұл сынып оқушылары берілген тапсырманы жауапкершілікпен, ауызбіршілікпен орындайтынына көзім жетті. Нәтижеге жету үшін оқушылар бірлесіп жұмыс жасайтынын көріп, менің көңілім толды.

Оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп.Оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп.

Выготский "Жақын арадағы даму аймағында" тапсырманы орындауда, жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайды оны

оқытудың негізгі құралы деп есептейді."(Нұсқаулық,39-б.)Мен Выготскийдің осы сөзін басшылыққа ала отырып, қандай тапсырма берсем де әр топтың

қасына барып, әр оқушының топқа айтқан идеясын тыңдауға тырыстым. Қажет болса бағыт-бағдар беріп, тапсырманы дұрыс орындауға ықпалдастым.

Оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп.Оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп.

Оқушылар осы сабақтар арқылы бірін-бірі және өзін бағалауды үйренді. Мысалы "Сүйінбай Аронұлы."Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" тақырыпты сабағымда мен оқушыларға мәнерлеп оқу критерийін бердім. Олар осы критерийге сай тобынан мәнерлеп оқитын оқушы сайлады. Критерий арқылы жоғары ұпай алу үшін оқушылар мәнерлеп оқып қана қоймай, сонымен қатар тіл сұлулығы мен шығарма көркемдігін, өлеңнің саз-интонациялық және нақышты ырғақтық суретін жеткізе білуін, өлеңнің аты мен авторын айтуын талап еттім. Осы тұста мен критериялды бағалаудың тиімді екеніне көзім жетті. Алдағы уақытта да юағалаудың осы түрі жиі пайдаланған жқөн деп ұйғардым. Әр топтан бір оқушы мәнерлеп өлеңді критерийге сай оқуға ұмтылды, бірақ өлеңнің аты мен авторын айтуға ұмытып кетті. Осыдан кейін оқушылар бір-бірін "Бас бармақ" әдісі арқылы бағалады. Оқушылардың бір-бірін әділ бағалағаны мені қуантты.Мысалы Ботагөз мәнерлеп оқығанда, кейбір оқушылар бас бармақ арқылы орташа деген баға көрсетті. Мен себебін анықтағанда, олар Ботагөздің екпінді дұрыс қоймағанын, сөздерді қайталағанын айтты. Бұл тапсырма сонымен қатар оқушыларды бір-бірін тыңдауға, өз ісіне жауап беруге үйретті деген ойдамын. "Әсемпаз болма әрнеге" тақырыпты сабағымда "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы оқушыларға бір-бірінің сабақтағы белсенділігін айтуға мүмкіншілік бердім. Осы тұста мен оқушылардың қайталама ұсыныстары көп болды. Көңіл толарлықтай ұтымды ұсыныс болмады. Мен болашақта осындай кері байланыс түрлерін жиі ұйымдастыру керек деп ұйғардым. Бұрынғы сабақтарымда мен сабақтың аяғында оқушылардың білімін тек қорытынды бағамен бағалайтын едім. Осы сабақтар арқылы мен формативті бағаның тиімділігін аңғардым. Оқушылар бір-біріне "Үш шапалақ", "Бас бармақ" бағалау түрлерімен қолдау көрсеткенде, жауап беріп отырған оқушының сабаққа деген ынтасы артқаны сөзсіз-ақ байқалды. Әрине бағалау тек бұл бағалау түрлерімен шектелген жоқ.Мен өз тарапымнан "жарайсың","өте жақсы", "дұрыс" деген сөздермен оқушыларды мадақтап, қолдап отырдым.

Бұрын сабақтарыма қатысқан мұғалімдер:"Сен сұрақ қойып, өзін жауап бересің, оқушыға ойын жинақтауға, ойлануға мүмкіншілік бермейсін",-деген ескертуді жиі айтатын. Осы Бағдарлама негізінде оқығалы оқушының пікірімен санасуды үйреніп, Харгвис пен Гэлтонның (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіру қажеттілігін айтқанын (Нұсқаулық, 42-б) басшылыққа ала отырып, сұрақ қойғаннан кеін оқушыға ойлануға мүмкіншілік беріп, ол дұрыс жауап қайтармаған жағдайда да оған "Қателестің, дұрыс емес",-деген сөздерді қолданғанша, "Ойлан, тағы кім жауап бергісі келеді?" -деген қайта бағыттау сұрағы арқылы оқушының өз қатесін өзі тапқанға жетелеген дұрыс деп шешім қабылдадым. Оқушылардың топтық жұмысқа қаншалықты дайын екенін анықтау мақсатында "Өмір үшін күрес" бейнеролигін көрсеттім. Бейнеролик көріп болған соң, "Мен сендерге осы бейнеролик арқылы не жеткізгім келді?"-деген сұрақ қойдым. Бұл бейнеролик арқылы мен оқушыларды сыни ойлауға жетелеп, сабағымда АКТ-ны тиімді пайдаланып, бейнероликті оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдап, сонымен қатар түрткі сұрақ қоя білдім.Мен Бағдарламаның жеті модулі бір-бірімен тығыз байланысты екеніне көзім жетті. Осы тұста кейбір оқушылар"Досыңа қиын сәтте көмектесу қажет",-деп жауап берсе, А деңгейлі Анель есімді оқушым:" Бүгін 6-сынып оқушылары топтасып жұмыс жасап жатыр, біз берілген тапсырманы ұйымшылдықпен орындасақ, оны тез әрі дұрыс орындай аламыз",-деп жауабын өмірмен байланыстыра білді. Мен оның жауабы арқылы топтық жұмыстың маңыздылығын түсінгенін аңғардым. "Әсемпаз болма әрнеге" тақырыпты сабағымда "Бәрі өз қолында" бейнеролигін көрсеттім. Осы арада Анель сыни тұрғыдан ойлау қабілеті бар екенін көрсете білді. Ол адам баласының тура жолды немесе бұрыс жолды таңдау өз еркінде екенін айтып, менің бұл бейнероликті не мақсатпен көрсеткенімді нақты жеткізді. Мектептегі тәжірибе кезеңінде тізбектелген сабақтарымда қолданған түрлі әдіс-тәсілдер

менің Бағдарламаның түйінді идеяларын қаншалықты түсінгенімнің дәлелі болғандай.

Сөзсіз, әр сабақтың жетістіктері мен кедергілері болады, бірақ соларды енсеру жолдарын іздестірудемін. Алдағы уақытта Выготскийдің "Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі - әлеуметтік, содан соң - психологиялық, әуелі интерпсихикалық санат ретінде адамдар арасында, содан кейін интрапсихикалық санат ретінде баланың жан дүниесінде көрініс табады", - деген сөзін негізге ала отырып, оқушының топта жұмыс жасау қабілетін қалыптастырып, ішкі уәжін дамытуға көптеген жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік

дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтимын деген ойдамын.

© 2010-2022