Ашық сабақ тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі (7 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Х.Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі Өтініш қанағатандырылсын

____________ М.Айсарова «_____»_________2014жылы

7 -сынып Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі

Сабақтың мақсаты: а) Шешендік өнердің алуан сипаттарымен, шешендік сөздердің түрлері, ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру. Шешендік сөз тарихынан алған білімдерін ғылыми түрде тереңдету, сөз асылы-шешендік туралы ой танымдарын қалыптастыру.

ә) Шешендік өнер туралы білімдерін тереңдете отырып, ой белсенділіктерін дамыту, шығармашылық ізденіске баулу.

б) Оқушыларды халықтық мұра шешендік сөздерді айтып үйренуге, тәлім -тәрбие алуға және халықтық салт-дәстүрді сақтап, қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Көрнекілік: слайд, би-шешендер сөздері, үлестірме қағаздар

Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, қалың және жұқа сұрақтар, постермен жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу

-Кезекшімен жұмыс

Тренинг

Жарқын болашағыңды,

Сәтті ақ жолыңды,

Бар арман мақсатыңды,

Орындалар жүректерді,тілегіңізді ойлаңыз

Дайын болсаңыз жай ғана қонвертті ашып,сөйлемдерді жалғастырыңыз.

Мен ғажаппын

Мен осы өмірге............................

Мен сияқты бұл өмірде................

Мен ғажаппын..............................

Менің күш жігерім........................

Мен өмірді сүйемін........................

Мен мейірімді,жылы.......................

Мен бақыттымын............................

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру

Жаңа сабақты меңгерту

Миға шабуыл

1.Шешендік өнер дегеніміз не?

2.Шешендік өнерді халықтық тілде қалай атайды?

3.Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетіне жата ма?

4.Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?

5.Жеті жарғы дегеніміз не?

-Балалар,Өткірдің жүзі,Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас,

Білгенге маржан,

Білмеске арзан.

Толғауы тоқсан, қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл-деген

Абайдың бұл өлеңі не туралы деп ойлайсыңдар?

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген,кеңдігін де, кемеңгерлігімен көсемдігін сөзге сидырған халық. Шешендіктің негізгі айтылған ойға тапқыр,әрі жедел жауап қайтарып,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасай білген.

Бүгінгі сабақта үш бидің кім екенін тарихта аттары қалай қалғанын білесіздер.

IV. Түсініктерін тексеру.

Жиренше шешен сөзінің бір - бір жолын беріп , екі топқа болу.

1.Оқулықпен жұмыс

Мәтінмен жұмыс алгаритімімен таныстыра отырып Әйтеке және Төле бидің өмірімен танысу.

2.Қалың және жұқа сұрақта арқылы екі топ бір біріне сұрақ дайындайды.

3. Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік сөзі беріледі.Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып сол тапсырманы топпен көрініс қояды.

4.Постермен жұмыс.

1.Би-шешендер дегеніміз кімдер?

2.Би - шешендер халық арасында не істеді?

3.Олардың аттары халық арасында қалай қалды?

Дәптермен жұмыс

Шешенге тән қасиеттер қандай?

Үш би жайында «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» олар кімдер?

Сергіту

Оқушыларға әріптер берілген, сол әріптен басталатын сөздер айтып сұраққа шешен тілде жауап беру керек.( А,Е,Т,С,Б,М)

1.Қазақ тілі ұнай ма?

2.Досың кім?

3.Әдемі адамның арманы?

4.Бүгін қандай күн?

5.Жігіттер сырға таға ма?

6.Мұғалімдер қандай?

5. «Жеті жарғы» мен Қазақстан Республикасының конститутциясын венн диограмасы бойынша салыстыру.

6.Шешендік сөздің мазмұнын талдап,түсіндіріп беру

Бірлігі кеткен, ел жаман,

Егесіп жатқан,ер жаман,

Белсеніп жатқан жау жаман,

Серпілмеген қайғы жаман.

7.Өздері жатқа білетін шешендік сөздерді жатқа оқиды

VІ. Жаңа сабақты бекіту

Бүгінгі сабақтан не білдік,не үйрендік? Б.Б.Б кестесін толтыру

VII.Бағалау: Ашық тақта арқылы бағалау.

VIІІ. Үйге тапсырма беру

Би -шеш ендердің сөздерін оқу, жаттау.


© 2010-2022