Статья на тему: Ағылшын тілі және мен

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі және мен

Тіл- қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани асыл қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Тіл- қарым-қатынас құралы, танымның білімнің ең негізгі кілті. Әр халықтың өз ана тілі болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі. Қазақ тілі біздің мемлекеттік тіліміз. Мемлекеттік тілді меңгеру әрбір Қазақстандықтардың басты парызы.

Дей тұрғанмен де Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің алдымызға қойған ең басты мақсатының бірі- « Үш тұғырлы тілді меңгеру» болатын. яғни өз ана тіліміз қазақ тілін, ағылшын, орыс тілін еркін меңгеру.

«Тілден тілдің кемдігі жоқ» дегендей біз қазақ тілін қалай меңгерсек ағылшын тілін де сол дәрежеде еркін меңгеруіміз керек.

Дүние жүзінде небір -небір керемет тілдер бар. Солардың ішінен өзіме ерекше жақыны- ағылшын тілі.

Ағылшын тілі- өзіндік бояуы бар, ешбір тілге ұқсамайтын, өте ерекше тіл. Оған дәлел: ағылшын тілінің сөйлеу мәдениеті, өзіндік интонациясы, жазылу ережелері.

Бүгінгі таңда, ағылшын тілін меңгеру өте қажет болып табылады. Себебі қай мекемеге белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге барсаңыз, ағылшын тілін еркін меңгерген маманды жұмысқа бірден қабылдайды. Бұл мысал ағылшын тілінің бүгінгі таңдағы маңызының артқанының дәлелі. Ағылшын тілі-болашақтың алтын кілті.

Осы орайда ағылшын тілі жайында біраз мәлімет берсем, бұл тілдің ең кәрі сөздері он төрт мың жасқа жеткен екен. Олардың көпшілігінің негізі үнді-еуропалық тілден бастау алады. Бұл сөздердің қатарына: apple (apple),bad (bad), gold (gold) сөздерін жатқыза аламыз.

Бір қызығы, ең қысқа сөйлем үш әріптен тұрады. Мыс: (I do, I am). Сөздік қоры өте мол тілдердің қатарына жатады. Тілде 8 мыңнан астам сөз бар. Сонымен қатар БҰҰ- дағы алты ресми тілдің қатарына енеді. Біздің қоғамда ағылшын тілінің мерейі үстем болғанымен, әлемде танымалдығы бойынша 3-орында. Америка президенті Бенджамин Франклин «мас» (ағылшын) (drunk) сөзінің екі жүзге жуық синонимін тапқан екен. Мұның тиімділігі- керек сөзді еске түсіре алмаған жағдайда басқа сөзбен алмастыра аламыз. (Біздің қазақ тіліне өте ұқсас, яғни қазақ тілін де де бір сөздің бірнеше баламасы бар).

Мен болашақта елге танымал атақты тілші болуды, ағылшын тілін еркін меңгеріп өз елімді танытуды армандаймын. Ол үшін жан-жақты дамыған, білімді болуың керек. Жан-жақты болу үшін тілдерді еркін меңгеру керек. Мені болашағыммен байланыстыратын алтын көпір ағылшын тілімен тығыз байланысты. Ағылшын тілі менің өмірімнің бір бөлшегі іспеттес. Қорыта келе менің айтарым, өз ана тілімізді ұлықтай отырып, ағылшын тілін еркін және жоғары дәрежеде меңгерейік!!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!! Жүректен шыққан әрбір сөзім теңізге тамған тамшыдай болып төгілсін!!!


© 2010-2022