Конспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Тақырыбы:  Жуан  және  жіңішке  жұп  дауыстылар Мақсаты:  Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіру, дауысты дыбыс түрлерін ажыратуды бекіту, кейбір сөздердің дыбысталуында сөз мағынасын өзгертетін  дыбыстарға  назар аударту.   Дамытушылығы: Ауызша  және  жазбаша  тілдерін  дамыту, сөздік  қорын, шығармашылық  қабілетін  арттыру.                                                                                                                                                                              ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Мақсаты:

Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіру, дауысты дыбыс түрлерін ажыратуды бекіту, кейбір сөздердің дыбысталуында сөз мағынасын өзгертетін дыбыстарға назар аударту.

Дамытушылығы: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, жақсылыққа, сауаттылыққа, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,

Түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: ой - қозғау, ассоциация құру, ой - толғаныс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқулық, дәптерлерін дайындау.

2. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Сұрақтар арқылы:

  1. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  2. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

  3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

Конспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстыларКонспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстыларКонспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстыларКонспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстылар





ІІІ. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Сөздік жұмыс

54 - жаттығу

Сөздерді салыстырып оқы.

ал - әл от - өт ыс - іс ұн - үн

сан - сән тос - төс тыс - тіс тұс - түс

Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды ата.

Олардың дыбысталуына назар аудар.

Сөздердің мағынасын қалай түсінгеніңді айт.

Ереже.

А - ә, о - ө, ұ - ү, ы - і - жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

IV. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.

V. Қызығушылығын ояту

РЕБУС

Конспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстыларКонспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстыларКонспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстылар




55 - жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Отан

Отан - атам,

Отан - әкем!

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса,

Неге біздер

Дейміз оны: "Атамекен?!"

Отан - әжем,

Отан - анам!

"Туған ел" - деп,

"Туған жер!" деп,

Ол бекерге аталмаған...

Атам,

Әжем,

Әкем,

Анам -

Төртеуі де Отан маған.

Төртеуі де: "Ботам", - дейді.

"Ер азамат атан!" - дейді.

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма "Ботамын!" мен.

Жарасқан Әбдірашев

VІ. АССОЦИАЦИЯ

Конспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Конспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Конспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстылар



Конспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстыларКонспект урока на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстылар


VІІ. Дәптермен жұмыс.

56 - жаттығу.

Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. ...сел - үздік оқушы.

2. Д...рігер ауруды емдейді.

3. Марат ...скерден келді.

Ә қандай дыбыс?

VІІІ. Қорытынды.

Бүгінгі сабақты қорытайық.

(оқушыларды бағалау)

ІХ. Үйге тапсырма.

57 - жаттығу.


© 2010-2022