Антонимдер. 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы,

Алдашбай ахун ауылы

№111 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Тұңғышбаева Назгүл Орынбекқызы

Қазақ тілі 5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Антонимдер.

Сілтеме

Оқулық,қосымша ресурстар,

Сабақтың мақсаты

Антоним сөздер туралы мәлімет беру, білім деңгейін көтеру, тереңдету. Тақырыпты басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты меңгерту.
Сөйлемдегі қолданысын, ойлау, іздену, табу, қиялдау, елестету, ой қорыту дағдыларын шыңдау және бір - біріне қарама қарсы мәнде айтылған сөздердің айырмашылығын анықтау.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Серпілген саулдар», «Бір әріптің ізімен», «Сен- маған, мен-саған» топпен, жеке жұмыс.

Оқыту нәтижелері

-Қарама-қарсы сөздерді қолдана алады;

-Оқушының сыни ойлауы қалыптасады; Тақырыпты басқа тақырыппен салыстыра алады.

Сабақтың кезеңдері

Ресурстар

\Керек жабдықтар\

Оқыту моделі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2-3 мин

Түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлу

Топқа бөлу

Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа назарын аудару, Түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлу.

Түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру

Жеке жұмыс

83-жаттығу.

Көп нүктенің орнына бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып жазу.

Оқушылар жаттығуды орындап келеді

Үй тапсырмасын бекіту

Жеке жұмыс

Мұғалім оқушыларға «Ақылды доп» әдісі арқылы сұрақтар қояды.

Оқушылар жеке жұмыс жасайды

Жаңа сабаққа даярлық

Жеке жұмыс

Суреттер көрсету арқылы жаңа сабаққа қадам басу.Оқушылардан суреттен не байқағанын сұрау. Интерактивті тақтадан мағыналары қарама қарысы суреттерді салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.Ерекшеліктерін білу.

Қадыр Мырза Әлінің «Қырсық» өлеңімен ашу

Сен оған:- Аласа - десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді…

Өлеңде қандай сөздер кездеседі?

-Антоним дегеніміз не?

Мысал келтір.

Оқушылар ойланып жауап береді.Сабақтың тақырыбын анықтайды. Ереже шығарады.

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс

Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.

Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды болымсыздық мағына бірдей емес.Оларды былайша салыстырып көруімізге болады.

Антонимдер: жақсы-жаман

Болымды-болымсыздық мағынасы: жақсы-жақсы емес.

Қандай пәндерде антонимдер кездеседі? Мысалы:

Математика сабағында:

Қосу - алу

Көбейту - бөлу

Үлкен - кіші

Жаратылыстану сабағында:

Өлі және тірі табиғат

Әдебиет сабағында:

Мақал - мәтелдерде:

Әдепті бала - арлы бала,

Әдепсіз бала - сорлы бала.

Жұмбақтарда:

Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас (таба нан) т.б

Оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Тағыда басқа мысалдар келтіреді.

Антоним мен болымды-болымсыздық мағынаны салыстырып айтып отырады.

Дамытушылық тапсырма

Оқулықпен жұмыс

Оқулық

Топтық жұмыс

87-жаттығу.

1.Тақырыптың неліктен «Өліара», «Амал» деп аталғандарын түсіндір.

2. Мәтіннен антоним сөздерді теріп жазу.

3.Жеті амал жайлы мұғалімнің көмегімен түсініп алу.

Ескі-жаңа, ыстық-суық,

88-жаттығу.

Мәтіннен синоним, антонимдерді теріп жазу.

Жеңілу-жеңу, әдет-ғұрып,ым-ишара, мақұлдау,қолпаштау,бәрекелді, жарайсың,ынталылық, құлшыну, іске құлшынып отыр,алақанына түкіріп отыр, алақанын уқалау. Ісі оңынан, жолы болған, амалы құру, шарасыздық,бармағын тістеп қалды. Бөркін аспанға ату, қуану, шаттану,қамшы тастау, салт-дәстүр,дау-жанжал,

89-жаттығу.

Синоним:құпия,жасырын, жабық, жұмбақ,белгісіз, антоним: құпия-жария, омоним сөз жоқ.

Синоним:жас,балғын,жігіт антоним: жас-кәрі, омоним: жас бала, көз жасы, жасы үлкен.

Синоним: шық, кету, антоним: шық-кір. омоним: шық жуытпады, шық тұрды, күлімдей шықты.

Синоним: үйір, топ, көп, антоним: жоқ,

Омоним: тоғайға қасқырды үйірді. Үйірлі мүше, үйірлеп сатты.

Синоним: тіл, сой, кес, антоним: жоқ.

Омоним: орыс тілі, тілі байланды, тіліңді тарт,

Синоним: ер, батыр,батыл, антоним: ер-ез.омоним: ер азамат, ерлік көрсету, еркімен кету.

Мағынасы бір -біріне қарама - қарсы сөздерді сәйкестендіріңдер.
Қысқа жең --ауру
Алыс ---қымбат
Арзан ---жеңіл
Ауыр ----аласа
Жаз ----ыстық
Суық ---жақын
Биік --ұзын жең
Сау----- қыс

Төмендегі антоним сөздерді жұп -жұбымен жаз

Қара, бар,семіз, жоғары, төмен,жақсы, кіші, төмен, алыс, үлкен, кеш, арық, жақын, ерте, жоқ, жаман, ақ.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Сергіту сәті

«Жұбыңды тап» ойыны.

Әр топтан екі оқушыдан шығып, маңдайларына жазылған сөздердің сыңарын табады.

Ал-алма

Көңілді - көңілсіз

Үлкен - кіші

Арық - семіз,

Ащы - тәтті,

Сулы-сусыз.

Оқушылар шеңберге тұрып жауап береді.

Жаңа сабақты бекіту.

Топтық жұмыс

«Сен-маған, мен-саған» әдісі арқылы бекіту.

Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

Оқушылар сұраққа жауап іздеп,өз ойларын айтады.

Бағалау

Бағалау парақтары

Жеке жұмыс

Өзін-өзі бағалау парағын тарату

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма

92-жаттығу. Мәнерлеп оқу, антоним сөздерді теріп жазу.Ереже оқу.

Рефлекция

Бүгін мен не үйрендім? Мен не үйренгім келеді?


© 2010-2022