Сценарий мероприятия, посвященного Дню языков Республики Казахстан «Өссе тілім, мен де бірге өсемін»

Предлагаю вниманию коллег сценарий мероприятия, проведенного в рамках празднования Дня языков Республики Казахстан. В нашей школе всегда тщательно готовятся к проведению мероприятий в рамках празднования Дня языков. Цель проведения всех мероприятий - пропаганда культуры народов Казахстана, воспитание чувства патриотизма, гордости за свою страну, воспитание толерантности среди учеников.Сценарий направлен на развитие понимания школьниками важности государственного языка как залога развития культур...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ӨССЕ ТІЛІМ, МЕН ДЕ БІРГЕ ӨСЕМІН»

Мақсаты: атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке деген оқушының сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру; әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек танысу, өнерді бағалай білу; ақын -жазушылар шығармаларын сахналау арқылы терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу, оқушылардың туған тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бойларында патриоттық сезімдерін ояту, ұлтына, тіліне құрмет көрсету, туған елді, Отанын қорғауға үйрету, табиғат әлемінің гүлденуіне үлес қосуға үгіттеу, ұйымшылдыққа, өнерге, білімпаздыққа баулу.

Түрі: өнер - өмір сағаты

Көрнекілігі: ҚР рәміздері,қанатты сөздер

Жүргізу барысы:

Еркежан: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

Лаура: Армысыздар, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

«Өссе тілім, мен де бірге өсемін» атты әдеби-сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.

(Әнұран)

Алтынбек:

Қайта туды қазағымның ай-күні,

Күннен күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,

Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

Әсем:

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

Еркежан: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

Лаура: Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

(Еркежанның орындауында «Жаса Қазақстан» әні)

Шырайлым:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

Лаура: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

...Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл...

«Шындық туралы толғау».

Сахналық көрініс

(сахна сыртынан дауыс)

Оқушы: Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.

Мен не көрмедім?

Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Өліде ұшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Алтынбек (Төле би):

Жасыма!

Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

(Сахна сыртынан дауыс)

Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса бейшара қазақ менен айрылатын да шығар деп едім.

Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң «Менің де күнім туды ғой» деп қуанушы едім. «Молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болудан құтылдым ғой» деп ойлаушы едім. Оның үстіне «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын» деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін...

Еркежан (Қазыбек би):

Налыма!

Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

(Сахна сыртынан дауыс)

Жанның бәрі теңдік алып жатқан Кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады.

Нұрлан (Әйтеке би):

Тамыры суда тұрса да

Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

(Лаураның орындауында «Қазақ тілі туралы» өлең)

Үміт: Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

Диана: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

Шырайлым: Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

Камила: Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

Айсұлу: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!

(Пауза жасалады)

Еркежан: Қазақстан - көп ұлт өкілдері тұратын мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

Лаура: Мемлекеттік тіл - елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

Еркежан: Олай болса қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

Лаура: Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына ат салысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.

(Өзбек биі)

Арай:

Шежірелі, шерлі тарих бүгіп сыр:

Тас-таңбада,

Жыр аңызда бұғып жүр...

Қасіреттен

Қасиетін оздырған,

Қазақ деген - қиып түсер қызыл тіл...

Камила:

«Өнер алды - тіл» деген ғой бұл қазақ...

Туған тілді күндегенге мұз жалат!..

...Сиыр екеш сиыр да әне

Бұзауын

Мүйіздемей,

Тіліменен тұр жалап...

Өзге тілге үйір болса тіл - жалақ...

Айсұлу:

Дәулет - қолдың кірі жусаң кететін,

Бақ - сел көшкін уақытпен өлшенген.

Өнер - ризық, несібе таусылмайтын,

Тіл - ізгілік мұрат ұрпаққа қалдыратын.

Бас кессе де, тіл кеспек жоқ...

Нұрлан:

Бүгінге:

Жеткен серттей,

Серттен танып, түңілме!

Қазақ деген

Азат деген ұғымдай,

Азаттығы

Шындық тұнған тілінде...

Әсем:

Иса байзақов айтқандай:

«Таңджамалы тәтті тіл - Абай тілі,

Ақынға дос, жаныңа тиеді жылы.

Шымырлатып денеңді, сүйсіндіріп,

Шертіледі жүректің нәзік қылы».

Лаура:

«Домбыра мен қобыз бізге керек қой,

Бұлар үнін ұға білген зерек қой» деп атамыз қазақ - домбыра үнін бесікте жатқан кезінен бері бойына сіңіріп келе жатқан халық. Қазіргі сіздердің тыңдайтындарыңыз - «Көңіл толқыны» күйі, қабыл алыңыздар.

(Еркежанның орындауында «Көңіл толқыны»)

Лаура: Біз - ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

Еркежан: Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

Лаура: Біз - алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

Еркежан: Біз - кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстан тұратын біртұтас халықпыз!

Лаура: Біз - атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

Еркежан: ана тілі - біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ.

Лаура:

Бұл жанды тіл - менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат, сөзі ана уызындай,

Бірге: Жасай бер, Ана тілім - Қазақ тілім!

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

Еркежан: Ана тіліміз тек биіктерден көрініп өркендей берсін!

«Өссе тілім, мен де бірге өсемін» атты әдеби кешімізді жабық деп жариялаймыз. Аман, сау болыңыздар!


© 2010-2022