Доклад к 175-летию Ы, Алтынсарина. ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ КӨЗДЕГЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ МЕН БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ТАЛАПТАРЫ

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кадрелинова М.К.

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

М.Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі» ММ

Қостанай қаласы,

Қазақстан Республикасы


ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ КӨЗДЕГЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ МЕН БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ТАЛАПТАРЫ.


Аннотация


Мақала Ы.Алтынсариннің халыққа жалпы білім тарататын, өнер үйрететін кітап шығаруды талап еткені және шығарған кітаптардың ағартушылық ісіндегі маңызы, көздеген мақсаттарынан басталып, ұлттық тәрбиеге мән бергендігі. Ыбырай ұстаздың бастамаларының бүгінгі күндердегі білім беру жүйесіндегі жалғасы.

Алтынсарин 1862 жылғы бір хатында «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық. Бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз. Қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық. Мәселе оны ағартуды болып отыр» -деп жазды. Ағартушы халыққа жалпы білім тарататын, өнер үйрететін кітап шығаруды талап етті. «Молдалардың оқытып жүрген араб, парсы, татар кітаптарының бәрі де адам баласын дұрыс ойдың бәрінен адастырады, кері кетіреді. Ал басқа халықтар сияқты қазақтарға да олардың өздеріне түсінікті тілде жазылған, оқығанда ақыл беріп, ой түсіретін кітаптар керек» деп жазды ол. Осындай мақсатты көздеген Алтынсарин 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы » және «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы » деген екі кітабын орыс әрпін қазақша бастырып шығарды. Ы.Алтынсарин мектептерді ашып, оның оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымы, оқулықтары мен оның мазмұны ұлттық білім беру талабына сай құрылды.

Ол К.Д.Ушинскийдің "Балалар әлемі", Л.Н.Толстойдың "Әліппе және оқу кітабын", Б.Ф. Бунаковтың "Әліппе мен оқу құралын", Тихомировтың "Грамматиканың элементарлық курсын" оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де "Қазақ хрестоматиясы", "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы " атты екі оқу құралын бастырып шығарды. Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Ол хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қаситеттерді бойына сіңіру көзделеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқып үйренуіне жеңіл, жатық әңгімелерді беруге тырысты.

"Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы"(1879) деген еңбегінде ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдісін түзді. Оқушыларға үйрететін сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын айқын естіртіп, оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу- дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ал ана тілін оқыту да жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен әрбір оқушының сөздік мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушының сөздік қорын молайту тәсілдерін қолдану ұстаздың әдістемелік жаңашыл нұсқалары еді.

Сол кезіндегі Ы.Алтынсариннің елес болған көп бастамалары, қазіргі күндерде шындыққа айналды. 2015 жылғы қазақ тілі мен әдебиеттің бағдарламасына қарасақ, ол да біздің мемлекетіміздің жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленіп, оқу нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін қарастырады.

Пәнді оқыту мақсаты - қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

. Пәнді оқыту міндеттері:

"1) оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

2) оқушылардың Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

3) қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту;

4) күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;..."

Тәрбиелік талаптары да айқын, өз еілінің азаматын тәрбиелеп өсіруге мүмкіндік береді.

" 5) оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;

6) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;

7) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу."

Бағдарламаның білім мазмұнын іріктеуде Қатысымдық-әрекеттік, Қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі, оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынған.

Сол «Қазақ тілі» пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттарын төмендегідей пәндермен тығыз байланыста іске асырылады:

"1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;

2) «Орыс тілімен»: қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, ...

3) «Қазақстан тарихымен»: тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады. ... оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

4) «Информатика» пәнімен: оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор. ...орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытуға жол ашады;

5) жаратылыстану циклі пәндерімен: қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта ... сөздік қорларын молайтуға және түрлі Тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге ... Қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады." [3,56]

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы - ел өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі. Сондықтан болашақ ұрпағымызды білімді де білікті, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеуде мемлекеттік тілді заман талабына сай жаңаша оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отырмыз.

Ыбырай Алтынсарин өз заманында мұғалім туралы : " Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі"- деген, ал бүгін Н.Назарбаевтің : " Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтардың қолында, жас ұрпақтың тағдыры -ұстаздардың қолында"деген сөздері бала тәрбиесінде үлкен орын алатын адам - ұстазға сенім білдіреді. [1,10] К.Д .Ушинский де ылғи ізденістегі мұғалімнің рөліне көп мән берген.Сондықтан жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелеу үшін алдымен мұғалім және озық технологиялар қажет.

Қазіргі талаптарға сай білім беру үшін мектепте түрлі технологияларды қолдануда. Солардың бірі АКТ технологиясы. Өзімнің әдістемелік тақырыбым : " Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында АКТ қолдану арқылы оқушылардың сауатты жазу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру."

Барлық АКТ пайдалану ережелерін, көрнекіліктерге қойылатын талаптарын айтуға өте көп болар.Сондықтан тәжірибемнен презентацияның қажеттілігін

түрлі мақсаттарды шешетіні туралы жеткізуге тырысамын:

1. оқушы өзінен тақырыпқа ақпарат жинап, оқиды;

2. жиналған ақпараттан керекті мәліметтерді іріктеп алуға үйренеді;

3. логикалық ойлауға мүмкіндік береді, өйткені керекті материалды логикамен презентацияға орналастырады;

4. өзі жасаған материалдарды көрсетіп , айтып беруге үйренеді ;

5. қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмысты қорғауға үйренеді;

6. басқа пәндерден алған білімдерін қолдануға тырысады, әсіресе информатикадан : презентация жасау білімі керектігін сезеді.

7. тәрбиелік мәні де зор: оқушыны көпшілікте өз-өзін дұрыс ұстауға, абыржып қалмауға , тәртіпті сақтауға, сыпайы сөздерді қолдануға , жыдамдылық пен тапқырлық, өзіне деген сенімділік оятып, жауапкершілік қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Ал енді бүгінгі күндердегі интербелсенді тақталарды айтатын болсақ, оның мүмкіндіктері алдында айтылған білім бағдарламасындағы пәннің барлық қойылған талаптарын шешетін мүмкіндіктер туғызады. Қатысымдық-сөйлесімдік бөлімін алғанда : оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім талаптары орындалып отыр. Ал тыңдалым талабы бір- бірін, мұғалімді тыңдап, немесе жұмыстарда радио мен теледидардан , интернеттен қолданған тыңдауға арналған материалдарды қосатыны тіпті тамаша , тілді тісунуге , сөйлесуге оқушыларды талаптандырады.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі негізінде оқыту блоктары қазақ әдебиеті пәні білім беруден ғөрі функционалды білім беруге жақын.Мұнда оқушылар жалпы әдебиетті танып білуде емес, оның негізгі блоктары мен детальдары туралы түсінік беруге бағытталған қазақша сөйлеу тілінің колдануын меңгереді. Бұның өзі функционалдық білімнің бір түрі.Ол осы заманғы білім берудің арнайы мақсаткерлік белгілеріне сәйкес келеді.Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты - өз жауапкершілігін,сезіне алатын,өздігінен әрекет етуге қабілетті, барлық істе (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. [2,4 ]

Сөйтіп,орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәндері отандық және әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, оқушының қазақ тілінде функционалдық білім беруді көздейді.

Енді тәрбиелеу жағын айтатын болсақ, қазақ халқының әдет -ғұрпы,дәстұрлері,тарихы мен мәдениеті, тілі мен діні - бәрі де зор маңызды болып, нәтижеге жеткізеді. Ы.Алтынсарин-білім керуенінің бастаушысы болғасын, оның шығармаларының сөздеріне назар аударайық. Ыбырайдың мектептер ашуы,Қазақ хрестоматиясын "жазуы, шығармалары - бәрінде де жазушы халықты өнерге, білімге шақыратынына оқушылардың көңілін аударылады." Балгожа бидің баласына жазған хаты" атты өлеңінде білімнің адамға деген әсерін көрсетеді :

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Сабаққа көңіл бөлсең , басыларсың

Ата- анаңды өнер білсең асырарсың,-

надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың...

немесе ананың баласына сағыныш сезімі "Ананың сүюі"өленінде баурап алады, ата-аналарына құрметпен қарауға тәрбиелейді :

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп,тез қайтпай көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын

Хат жазып тұр,төбесі көкке жетсін, ...[2,28].

"Қыпшақ Сейітқұл"әңгімесінде еңбекшіл болуға шақырып , бүгінгі күндердің ЖШС(жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)немесе ЖӨС (жер өндеу серіктестігі)[4,434] емес пе? Бүгінгі күнделік қарым- қатынас, тіршіліктің көзі, нәтижесіз еңбектің болмайтынын дәлелі. Егін егу,қауіпсіздік шаралары, базар ашу мәселелері қарастырылады."Салақтық" әңгімесіндегі жаман әдеттері туралы айтып, қай уақытта болсын тазалықтың тақырыбы ылғи өзекті болып қала береді. Осы қарастырылған аз ғана мәселелердің өзектілігі бүгінгі күндерге сай,басқа шығармаларын айтпаса да , түсінікті, сондай түрлі жағдайларға қатысты ұлттық тәрбие беретін маңызды орын алған еңбектері көп.

Сонымен, Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлесін қосқан. Жаңаша мектептер ашып, жаңаша білім беру жүйесін құруға еңбек сіңірген ұстаз. Қазақтың оқу-ағарту ісін бастаушы Ы.Алтынсарин мұраларын жеткізе зерттеп, оны ұстаздардың ұстазы деп қастерлеу, ісін жалғастыру, қадір тұту біздің міндетіміз.

Әдебиет:


1.Құралай Смағұлова ."Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде" №4,2011,10б.

2.Жұмажанова Т., Дүйсебаев С.,Мамырова Ә., Көпбаева З. ."Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі",Алматы, "Білім",2009, 4б. 27б, 28б.

3. Қазақ тілді емес негізгі орта білім беретін мектептерге арналған 5-9 сыныптардың қазақ тілінен оқу бағдарламасы .-Астана: И.Алтынсарин ат. ҒБА, 2015. - 56 б.

4. Қ.әбдезұлы, сС.Ч. Тұрсынғалиева. Қазақ әдебиеті,9 сынып,-Астана,"Арман -ПВ",2009, 59 б., 60б.

5. М.А. Айымбетов. Құқық саласының терминдер сөздігі.- Атана: "RedGreenBlue" ЖШС,2009,434 б.



© 2010-2022