Тренинг «Баланың бас ұстазы ата-ана!»

Түрі: тренинг   «Баланың бас ұстазы ата-ана!»  Мақсаты:   Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.  Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу Көрнекілігі:  интербелсенді тақта, суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер,смайликтер т. б. І. Ұйымдастыру (2минут) 1. Топқа бөлу ( Тақтаға стикерге бекітілген күлегештерден, төсбелгілерден бүгінгі өзінің  көңіл – күйін білдіретін кескінді таңдап  және соны бейнелеп беру арқылы топтарға бөлінеді. 3-топқа бөлінеді ) Оқушылар мен ата-аналардың назарын тренингке аудару. ІІ. Тренинг барысы: Психологиялық бағыт беру (көңілді әуен ойнап тұрады)  (4 минут) -Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар. Қош келіпсіздер.          Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынстық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым  өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.     Әрине кез-келген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік-танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.    Әрбір адам-өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді мағыналы, мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай  ғана қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым –қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.       Тренинг барысындағы ұстанымдармен таныстырып өтейін. «Қазір және осы жерде»; Теңдік және ынтымақтастық; Топта болған жағдай, дәл осы жерде қалу керек, сыртқа айтпау; Тренингке қатысушы белсенді болу керек; Серіктесіңіздің  жеке тұлғасын емес іс-әрекетін сынға алыңыз; Пікірлер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек; Топтың жұмыс тәртібін, сондай-ақ жаттығуларың орындалуын сақтау қажет. ІІІ.«Ассоцация» ойыны (доп беру арқылы ата-ана жауап береді.) (5минут) «Жанұя», «Бала», «Ата-ана» сөзіне ассоцацияларын айтады. ІҮ.  «Қызықты сұрақтар» ойыны: (4минут) 1.     Балаңыздың туған күні қашан? 2.     Балаңыздың сынып жетекшісі кім? 3.     Балаңыздың аяқ өлшемі? 4.     Балаңыздың парталас көршісі кім? 5.     Балаңыздың сүйікті пәні? 6.     Баланың сүйікті асы қандай? 7.     Балаңыздың сүйікті түсі қандай? 8.     Балаңыздың ренжігенін қалай білесіз? 9.     Балаңыз спорттың қандай  түрін ұнатады? 10.                       Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз? 11.                       Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға қандай сөз аузыңызға түседі? 12.                       Балаңыздың ең жақын досы? 13.                       Балаңыздың үлгі тұтатын адамы? 14.                       Балаңыздың апайының телефоны? Ү.     1-жаттығу.(3 минут) «Бір күні» Жайлы әуен  ойнап тұрды. Көзімізді жұмамыз, терең дем аламыз, өзіміздің еркін сезінеміз әр күнді қалай  өткізетінімізді көз алдымызға елестеміз (2 секунд ) Көзімізді ашып, бір күнімізді қорытып шығарамыз. Талдау. 2-жаттығу. «Уақыт» ( 6 минут) Әр күндегі әр тапсырмаға қанша уақыт кестесінін жазыңыз. Бірнеше ата-ана бір күнін қалай өткізетінін айтып өтеді. Ата-аналармен пікірлесу. Талдау  сұрақтары: 1.     Әр күніңізді осылай  өткізу сізге ұнай ма? 2.     Әр күніңізді осылай өткізу дұрыс деп ойлайсыз ба? 3.     Бір күнде балаңызға қанша уақыт бөлдіңіз?     ҮІ. 3-жаттығу. «Ойыңды айтуды ұмытпа» (5 минут) 1.     Қарым-қатынас дегеніміз не? Қарым-қатынас ол адамдардың бір-бірімен білім, еңбек,      жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі, қарам-қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады. 2.     Баламызбен үнемі қарым-қатынаста боламыз ба? 3.     Бала үшін қарым-қатынас қажет пе? 4.     Баламен қарым-қатынас қандай болу керек? 5.     Баламен ата-ана арасындағы қарым-қатынастар ылғи жақсы бола бере ме, әлде қарым-қатынаста  қиындықтар туа ма? Туса олар не себептен болады. 6.     Бала-ата-ана арасындағы кикілжіңнің жиі тууына кім кінәлі деп ойлайсыз? 7.     Қарым-қатынасқа үйрену керек пе? Жақсы қарым-қатынас үшін ең алдымен сабырлық, салиқалық қажет. – Рахмет, пікірлеріңізге құрметті ата-аналар!   ҮІІ.  Педагогикалық ойын. (4 минут) Мақтау    Ұрсу (2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп?  Ойлану).
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы Шиелі кенті №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сыздық Гүлзира Сұлтанханқызы

І деңгейлі көшбасшы

Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата-ана!».


Түрі: тренинг
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу.
Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер,смайликтер т. б.

І. Ұйымдастыру (2минут)

1. Топқа бөлу ( Тақтаға стикерге бекітілген күлегештерден, төсбелгілерден бүгінгі өзінің көңіл - күйін білдіретін кескінді таңдап және соны бейнелеп беру арқылы топтарға бөлінеді. 3-топқа бөлінеді )

Оқушылар мен ата-аналардың назарын тренингке аудару.


ІІ. Тренинг барысы:

Психологиялық бағыт беру (көңілді әуен ойнап тұрады) (4 минут)

-Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар. Қош келіпсіздер.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынстық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.

Әрине кез-келген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік-танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.

Әрбір адам-өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді мағыналы, мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым -қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.

Тренинг барысындағы ұстанымдармен таныстырып өтейін.

«Қазір және осы жерде»; Теңдік және ынтымақтастық; Топта болған жағдай, дәл осы жерде қалу керек, сыртқа айтпау; Тренингке қатысушы белсенді болу керек; Серіктесіңіздің жеке тұлғасын емес іс-әрекетін сынға алыңыз; Пікірлер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек; Топтың жұмыс тәртібін, сондай-ақ жаттығуларың орындалуын сақтау қажет.

ІІІ.«Ассоцация» ойыны (доп беру арқылы ата-ана жауап береді.) (5минут) «Жанұя», «Бала», «Ата-ана» сөзіне ассоцацияларын айтады.

ІҮ. «Қызықты сұрақтар» ойыны: (4минут)

  1. Балаңыздың туған күні қашан?

  2. Балаңыздың сынып жетекшісі кім?

  3. Балаңыздың аяқ өлшемі?

  4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  5. Балаңыздың сүйікті пәні?

  6. Баланың сүйікті асы қандай?

  7. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

  8. Балаңыздың ренжігенін қалай білесіз?

  9. Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?

  10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға қандай сөз аузыңызға түседі?

  12. Балаңыздың ең жақын досы?

  13. Балаңыздың үлгі тұтатын адамы?

  14. Балаңыздың апайының телефоны?

    Ү. 1-жаттығу.(3 минут)
    «Бір күні» Жайлы әуен ойнап тұрды. Көзімізді жұмамыз, терең дем аламыз, өзіміздің еркін сезінеміз әр күнді қалай өткізетінімізді көз алдымызға елестеміз (2 секунд )

Көзімізді ашып, бір күнімізді қорытып шығарамыз.

Талдау.

2-жаттығу. «Уақыт» ( 6 минут)

Әр күндегі әр тапсырмаға қанша уақыт кестесінін жазыңыз. Бірнеше ата-ана бір күнін қалай өткізетінін айтып өтеді.

Ата-аналармен пікірлесу.

Талдау сұрақтары:

  1. Әр күніңізді осылай өткізу сізге ұнай ма?

  2. Әр күніңізді осылай өткізу дұрыс деп ойлайсыз ба?

  3. Бір күнде балаңызға қанша уақыт бөлдіңіз?

ҮІ. 3-жаттығу. «Ойыңды айтуды ұмытпа» (5 минут)

  1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

Қарым-қатынас ол адамдардың бір-бірімен білім, еңбек, жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі, қарам-қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады.

  1. Баламызбен үнемі қарым-қатынаста боламыз ба?

  2. Бала үшін қарым-қатынас қажет пе?

  3. Баламен қарым-қатынас қандай болу керек?

  4. Баламен ата-ана арасындағы қарым-қатынастар ылғи жақсы бола бере ме, әлде қарым-қатынаста қиындықтар туа ма? Туса олар не себептен болады.

  5. Бала-ата-ана арасындағы кикілжіңнің жиі тууына кім кінәлі деп ойлайсыз?

  6. Қарым-қатынасқа үйрену керек пе?

Жақсы қарым-қатынас үшін ең алдымен сабырлық, салиқалық қажет. - Рахмет, пікірлеріңізге құрметті ата-аналар!

ҮІІ. Педагогикалық ойын. (4 минут)

Мақтау Ұрсу
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлану).

ҮІІІ. «Эмоция» ойыны. (шармен). (4 миунт)

Екі топқа шар беріп, үрлеуін сұраймын. Бірінші топ шарды үрлеп, аузын байлап, жарады. Екінші топ шарды үрлеп, желін жаймен шығарады. Үшінші топ қай шардың жарылуы ұнады.

Талдау : Біздің эмоцияларымызда шар сияқты ашу ызаңды толық шығарып жіберсең басқа адамдармен қарым-қатынасыңа зияны тиеді. Адамдармен қарым-қатынаста сабырлық қажет.

ІХ. Педагогикалық ойын. (4 минут)
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз?Қалай қолдайсыз?
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім!Қандай қуанышты!)



Х. «Серуендеу» ойыны. Жұптас. (5 мин)

ата-аналар серуендеуден кеңес алады.

ХІ. «Қайықта» ойыны. (ата-аналармен) (4мин)

Ой жинақатау. (5 мин)

Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек? (сурет схемамен талдау)

достық

Ата-ана сыйластық Бала

Ынтымақты

түсіністік

Қорытынды. (2 мин)
Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудырады.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі артады.

Ұлы Абай атамыз 38-қара сөзінде:

«Қашан баланың ғылым-біліге махаббаты оянғанда ол адам бол бастайды. Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады; бірінші жақсы ата-ана, екінші жақсы ұстаз, үшінші - жақсы құрбы -құрдас!»,- деген екен.

Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қарым-қатынаста болайық құрметті ата-аналар!

- Рахмет, алтындай уақыттарыңызды бөліп пікірлеріңізге құрметті ата-аналар, семинарға қатысушы қонақтар!

© 2010-2022