Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

050012 Алматы қаласы,Амангелді көшесі, 61 А, 418-кабинет

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ Деңгейлік бағдарламалар орталығы

Қосымша 1



«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ КОУЧИНГІМ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА

СҰРАНЫС

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Тегі, аты, әкесінің аты

Сахитова Кенжегүл Слямжанқызы

Жұмыс орны және мектептің атауы.

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Шорға ауылы

ЫбырайАлтынсарин атындағы

орта мектеп

Пәні, лауазымы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Туған күні, айы, жылы

10 .06.1961жыл

Педагогикалық өтілі

31жыл

Санаты

Жоғары

Базалық білім (қай жылы, қай оқу орнын аяқтады, мамандығы)

1983жылы Өскемен педагогикалық институты Ағылшын тілі факультеті

Деңгейлік курсты қашан және қайда оқыды

2013жылы Алматы «Өрлеу»БАҰО АҚ

2013 жылы 09.08-10.11.

Сертификатын алған уақыты және нөмірі

2013 жылы 25 қараша

ІІ №0002215

Тренерінің аты-жөні

Қабдылова Гульжанат Тоқтарбекқызы

Үй мекен-жайы:

Ш.Қ.О. Тарбағатай ауданы

Шорға ауылы

Ұялы телефоны:

87777903629

Жұмыс телефоны:

28-233

Электронды поштасы:

sahitova.kenzhegul@mailru

«08» қараша 2014 ж.

Сахитова Кенжегүл Слямжанқызы /_______/ Қолы







Қосымша 2

Бекітемін: / /

Мектеп директоры: Құрмашов Семейхан Әділбекұлы

Коучинг тақырыбы: 16.10.2014 жыл

«Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау».

Сілтеме:

МАН,бейнефильм,интернет ресурстары.

Мақсаты:

Блэк пен Уильямның сыныптың «қара жәшігін» пайдалану және сол арқылы ОүБ-қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болады.

Бағалаудың түрлі нысандары туралы түсінік беру және мұғалімдердің оқыту мен оқу сапасын бағалау арқылы жақсарта алатындығына көз жеткізу.

Күтілетін нәтиже:

Бағалау өлшемдерін түсінеді және бағалау арқылы оқушылар оқуына тиімділігін ұғынады.

Дәстүрлі бағалау жүйесі мен бағалаудың заманауи тәсілдерін салыстыру арқылы жаңа ой қалыптасады және қолдана біледі.

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың айырмашылықтарын көреді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Бағалау жайлы жалпы түсінік қалыптасады және оқытудағы бағалаудың техникалық тәсілі ғана емес,баланы дамытушы,ынталандырушы және күш-жігер беруші ұғым екеніне көздері жетеді.

Қатысушылар:

Әріптестерімнің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оқытуға алған 12 әріптесім.


Коучингтің жүргізілу барысы:

Жағымды атмосфера қалыптастыру:

Әріптестер есімдерінің алғашқы әріпін келтіре отырып,бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Топтастыру:

«Әрқашан күн сөнбесін!» әнінің парақшалардағы қиындысын 3 тілде топтастырып,қазақша,орысша,ағылшынша айту арқылы қатысушыларды топтастыру.

Тапсырмалар №

Тапсырмалар түрлері:

Уақыты

Серпілген сұрақтар:

Бағалау дегеніміз не? Бағалау қажет пе? Оқушыларды бағалау керек пе? Иә болса, неліктен? Жоқ болса, неліктен?

6 минут

Тапсырма № 1

Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға слайд арқылы таныстырылым жасау, мақсат, нәтижесін көрсету.

І топ. Оқу үдерісінде нені бағалаймыз?

ІІ-ІІІ- топ. Бағалау дегеніміз не? деген тақырыпта постер қорғады.




Тапсырма № 2

«Пілдің суретін» жасау .

Керекті заттар:

- Түрлі-түсті қағаздар.
- Картон
- Желім
- Қайшы
- Скотч
Топтарға осы заттарды қолданып «Пілдің суретін» жасау тапсырмасы беріледі.

10 минут

Тапсырманы бағалау

Әр топ бірін-бірі бағалайды. Дәстүрлі бағалау тәсілін қолдана отырып.

5 баға «өте жақсы», 4 баға «жақсы»,

3 баға «қанағаттандырарлық» деген бағалар береді.

Теориялық бөлім

Презентациямен бағалаудың екі аспектісімен таныстыру және ОүБ мен ОБ ұғымдарының айырмашылықтары туралы түсініктер беру.

Сонымен қатар, бағалау өлшемдері критерийлер және дескрипторлармен таныстырып өту.

Бұдан кейін топтар жұмысын бағалау қайта бағалау жүргізу үшін топтарға бағалау өлшемдері таратпасы беріледі.

Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпай

1

Ұқсастығы

1.Ұқсайды

2

2.Ұқсастығы төмен

1

2

Эмоциялылығы

1.Жақсы

1

2.Төмен

0

3

Орнықтылығы

1.Орнықты

1

2.Орнықты емес

0

4

Безендірілуі

1. Талапқа сай келеді

1

2.Талапқа сай емес

0

5

Көлемі

1. Талапқа сай келеді

1

2.Талапқа сай емес

0

7 минут

Сергіту сәті:

«Көңілді той» сергіту жаттығуы.

Тапсырма № 2

Қайтадан «Пілдің суреті дайын өздері жасаған» ауыстырылып беріледі.

Енді топ мүшелері осы жұмысты бағалау өлшемдеріне арналған постер дайындайды.

7 минут

Тапсырманы бағалау

Осы бағалау өлшемдерін қолдану арқылы әр топтың жұмыстарын критериалды бағалайды.

Тапсырма № 3

Оқушыларды бағалаудағы ынталандыруды сиқырлы сөздермен,жест мимикасымен,әзілмен,ашумен қойып көрсету. Бағалаудың әсерін талдау.

10 минут

Қорытынды рефлексия

Назар аударуға арналған Эдвард де Бононың «ҚАҚ» ойлау құралы

Плюс

Минус

Қызықты

Ұнаған ақпараттар және жұмыс түрлері

(Жағымды әсер)

Не ұнамады,

түсініксіз болды немесе қажетсіз деп есептеймін.

(Жағымсыз әсер)

Бүгін үйрендім және көбірек білуді қалаймын. (Мұғалімге сұрақ)

Сауалнама

Келісемін

Толық келісемін

Келіспеймін

(Оқушылардың жұмысын бағалауы негізінен баға қою түрінде болуы керек)

(Оқушылар үшін олар өз құрдастарымен салыстырғанда қандай деңгейде екенін түсіну маңызды )

(Оқушылар өз жұмыстарын бағалауға тартылмауы керек)

Кейінгі тапсырмалар

Бүгінгі коучингтен алған біліміңізді пайдаланып өз пәніңізде бағалау өлшемін құрастырып,қолданып көруді ұсынамын.

Қосымша материалдар:

1.Флипчарт, маркер,түрлі-түсті қағаздар, стикерлер.

2.Слайд, видеороликтер.

Дереккөздер:

1.МАН 37-43беттер.

2.You tube арқылы алынған видеоролик.

3.45minut.kz «бағалау түрлері»

Қолданылатын

әдістемелер.

«Қара жәшік ішіндегі жұмыстар»

1.Серпілген сұрақтар.

2. Әріптесімен бірге критерийлерді талдау.

3. Әріптестерін және өзін-өзі бағалау.

4.Кері байланысты қамтамасыз ету.

Коучинг өткізуші:

Сахитова Кенжегүл Слямжанқызы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы

Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі.





Қосымша 3

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілікті арттыру курсының 2-деңгейінен өткен Сахитова Кенжегүл Слямжанқызының Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шорға ауылының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен коучинг сабағы туралы рефлексивті есебі


1. бөлім: Тақырыпты негіздеу

Коучинг сессияның тақырыбы: «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау.»

Коучинг сессияның мақсаты: Блэк пен Уильямның сыныптың «қара жәшігін» пайдалану және сол арқылы ОүБ-қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болады.

Нәтиже: Бағалаудың түрлі нысандары туралы түсінік беру және мұғалімдердің оқыту мен оқу сапасын бағалау арқылы жақсарта алатындығына көз жеткізу.

Екінші деңгей бағдарламасының мақсатының бірі-өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту және тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігі мейлінше терең мұғалімдерді даярлауға биылғы 2014-2015 оқу жылында 12 әріптесімді өз қалаулары бойынша алып, жоспар жасап,мектеп басшысына бекіттірдім. Коучинг - ол мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің тиімді тәсілі. Коучинг арқылы ұстаздар өздерінің кәсіби әлеуетін және оқыту тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік алады. Александердің пайымдауынша,
(104 - бет) сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысаның артында тек қана жеткілікті дәрежеде емес,нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы мен оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жататындығын байқауға болады. Мектебіміздің даму бағдарламасында да «Оқытудың инновациялық әдістерін және арнаулы нысандарын енгізу жолымен мектептегі бағалаудың деңгейін көтеру, ол үшін оқушының шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру» деген жоспарланған тақырыпты басшылыққа ала отырып, коучинг сессияма осы бағалау тақырыбын таңдадым. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде әлі де болса, дәстүрлі бағалаудан аса алмай жүрген «бағалау» ұғымын тек «баға қою» ретінде қабылдап жүрген ұстаздар жетерлік. Бұл тақырыпты алудағы мақсатым: қазіргі уақыттағы Кембридж тәсілі бойынша оқытудағы қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып табылатындығы. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайтындығы. Коучинг сабағымды бастамас бұрын әріптестерімнің көңіл күйін көтеру үшін,жагымды атмосфера калыптастыру максатында оларды шеңбер бойымен тұрғызып, әрқайсысына есімдерінің алғашқы әріптерін келтіре отырып, жақсы тілегін айтудан бастадық.

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Одан кейін «Әрқашан күн сөнбесін!» әнінің парақшалардағы қиындысын
3 тілде топтастырып, осы әнді қазақша, орысша, ағылшынша айтқызып топқа бөлдім.

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Осыдан кейін топ ережесімен таныстырып, ережені сақтау керектігін ескерттім.

Ары қарай қара жәшік ішіндегі бірінші серпілген сұрақтарға жауап алу үшін топтарға ой тастадым. Бағалау дегеніміз не? Бағалау қажет пе? Оқушыларды бағалау керек пе? Иә болса, неліктен? Жоқ болса, неліктен? Осы аталған сұрақтар мұғалімдерді ойландырды. Олар: қызығушылық, белсенділік, ынтымақтастықты арттыру үшін керек деп әр түрлі ойларын айтты.
Әрі қарай топтық жұмыс жалғастырылды.

Содан кейін қалыптастырушы және жиынтық бағалауға слайд арқылы таныстырылым жасалып, мақсат, нәтижесін көрсеттім.

І топ. Оқу үдерісінде нені бағалаймыз?

ІІ-ІІІ- топ. Бағалау дегеніміз не? деген тақырыпта постер қорғады. Олар постерді толтыруда бір-бірінің пікірін тыңдау барысында әр адамның ойлау қабілеті өзгеше, көзқарастары әр түрлі болатындығын байқадым.

«Пілдің» суретін салу арқылы дәстүрлі топта бағалау болды Әр топ бірін-бірі бағалайды. Дәстүрлі бағалау тәсілін қолдана отырып.

5 баға «өте жақсы», 4 баға «жақсы»,

3 баға «қанағаттандырарлық» деген бағалар береді.

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Презентациямен бағалаудың екі аспектісімен таныстыру және ОүБ мен ОБ ұғымдарының айырмашылықтары туралы түсініктер беру. Сонымен қатар, бағалау өлшемдері критерийлер және дескрипторлармен таныстырып өту.


Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Одан кейін негізгі бағалау критерйлерін бердім.

Бұдан кейін топтар жұмысын қайта бағалау жүргізу үшін топтарға бағалау өлшемдері таратпасы беріледі.

Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпай

1

Ұқсастығы

1.Ұқсайды

2

2.Ұқсастығы төмен

1

2

Эмоциялылығы

1.Жақсы

1

2.Төмен

0

3

Орнықтылығы

1.Орнықты

1

2.Орнықты емес

0

4

Безендірілуі

1. Талапқа сай келеді

1

2.Талапқа сай емес

0

5

Көлемі

1. Талапқа сай келеді

1

2.Талапқа сай емес

0

Бұл әдіс әріптестеріме қатты ұнады.

Топ мүшелері бағалау критерийлерін койып бірін - бірі бағалады. Мұғалімдер бағалаудың критерийлерін ретімен талдап, қызығушылықтары одан сайын арта түскенін байқадым. Бағалау критерийлерін сыни тұрғыдан ойлауға әріптестеріме жағдайлар туды да, олар пікірталас барысында оның шешімін таба білді.

Әрі карай бағалаудағы ынталандыруды сиқырлы сөздермен, жест мимикасымен, әзілмен көрсетуде әріптестерімнің бұрын байқалмаған екінші әртістік қабілеттерін байқадық. Енді ұстаздар бұл бағалаудың оқушыларға әсерін талдай отырып, әр топта жақсы пікірлер айтылып, коучинг тіптен тартымды бола түсті.

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»


Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Оларға өзара бағалаудың критерийлерін жасап, оның тиімділігін осы коучинг өткізгенде байқап, өзімнің ойыма түйдім.

Нәтижесінде:

- оқуды бағалау мен оқыту үшін бағалауды өз сабақтарымызда пайдалануымыз қажет;

-ОүБ критерийлерін тиімді қолдану оқу сапасын арттыру жолы екенін білдік.

Табыс критерийлерін пайдалану арқасында білім деңгейін көтеру, кері байланыс жасалды.

Кері байланыс:

Эдвард де Бононың «ҚАҚ» ойлау құралы

Плюс

Минус

Қызықты

Ұнаған ақпараттар және жұмыс түрлері

(Жағымды әсер)

Не ұнамады,

түсініксіз болды немесе қажетсіз деп есептеймін.

(Жағымсыз әсер)

Бүгін үйрендім және көбірек білуді қалаймын. (Мұғалімге сұрақ)

Содан кейін мұғалімдерден осы әдістер бойынша сауалнама алынды. Мұғалімнің оқушылардың жұмысын бағалауы негізінен баға қою түрінде болуы керек деген сауалға қатысушылардың 35% "келісемін" десе, оқушылар үшін олар өз құрдастарымен салыстырғанда қандай деңгейде екенін түсіну маңызды деген сауалға 42%-ы "толық келісемін", оқушылар өз жұмыстарын бағалауға тартылмауы керек деген сауалнамаға - 76%-ы "келіспеймін" деп жауап берген.



Коучингтің нәтижесін талдау бойынша барлығы да белсенді дамудағы және осы әдісті біліп, үйреніп жұмыс жасайтын мұғалімдер болып шыққанына қуандым. Сабақ соңында әр топ бір-бірін өзара бағалап, өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып, жабыстырды.

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

Сабақтың негізгі ой-түйіндерін әріптестерім кері байланыс кезінде өздері қорытып, ой түйді. Мұғалімдерімнің сабақ бойынша ойлары мені қанағаттандырды. Менің жұмысыма әріптестерім шығармашылық табыс, сәттілік тіледі.

Коучингімнің сәтті жақтары:

- Мұғалімдерге таныс емес ОуБ колдану қара жәшік ішіндегі жұмыс аркылы белгілі болатындығы әріптестерімнің қызығушылықтарын оятты.

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»

- Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында проблемалық сұрақ қоя отырып, жұмыс жасауға деген талпынысқа итермелеу барысында белсенділік болды.

-Таным әрекеті үстіндегі ұйымшылдық қарым- қатынас орнатылды.

- Әрбір мұғалімге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасалды.

Менің жұмысымның сәтсіз жақтары да болған шығар, бірақ коучингім өзіме сәтті шыққандай және мұғалімдерге пайдалы болатындай өткіздім деп ойлаймын. Әсіресе әріптестеріммен алынған кері байланысты айтуыма болады. Қорыта келе айтарым, осы БАО алған дәрісім менің сабақ үдерісіндегі оқушымның тек білімді болуы жеткіліксіз екендігін, білім беру жүйесінің басты мақсаты - өзіне-өзі есеп беріп, ойлары мен әрекеттерін талдай білетін, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып, өркендей білетін, өз өмірі мен іс-әрекеттерін жоспарлай алатын, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптасуға мейлінше тиімді жағдайлар жасау екенін түсіндірді.

Дінмұхамед Қонаев атамыздың сөзін еске алсак, «Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау мен үйретуден аянбау» - дегендей мен де білгенім әріптестеріме оқу-тәрбие саласында жарап жатса, үйретуден жалықпаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей.

  2. Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту. Блэк пен Уильям «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс. 108 бет

  3. Үлестірмелі материалдар.

осымша 4

Коучинг «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау»


© 2010-2022