Баяндама. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған дифференциалдық жұмыс

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп

Ағылшын тілі мұғалімі А. С. Жексенова

Баяндама

Тақырыбы: « Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған дифференциалдық жұмыс ».

Бүгінгі заманғы Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты- оқу-тәрбие жұмысын жақсарту. Әсіресе, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі де нақты білім беру, белгілі бір мамандыққа баулу маңызды мәселенің бірі болып отыр. Ол үшін сабақ беру барысында оқушылырдың шығармашылық біліктілігін дамытуға жағдай жасай білу қажет.

Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың кеңеюінің нәтижесінде және халықаралық байланыстың даму жағдайында әр түрлі тілде ақпарат алмасу кеңінен жолға қойылып отырғандағы мәдениаралық коммуникативтік біліктіліктің Қазақстан сияқты дамушы елдегі маңыздылығын көрсетеді.

Ел Президентінің жолдауында көрсеткендей шәкірттеріміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілу керек.

Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу- өскелең ұрпаққа қойылып отырған өмірдің талабы.

Білім берудің практикалық тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін кешенді түрде іске асыру оқушының санасына ғана емес, сонымен қоса оның эмоциялық сферасына әсер ету арқылы іске асырылуы тиіс.

Оқушының эмоциясына әсер етудің бірден бір тиімді жолы - аудирование /тыңдап-түсіну/ болып табылады.

Грамматикалық материалды, жаңа лексикалық тақырыпты еңгізу, тілдік материалды бекіту барысында тыңдауға арналған жаттығулар мен тапсырмалардың тіл үйрену процессі барысында берері мол. Соның ішінде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысындағы музыканың орыны зор.

  1. Әнмен жұмыс барысында грамматикалық құрылымдардың қарқыны арта түсетіндіктен, оқушының грамматикалық құрылымдарды еске сақтауды жеңілдей түседі.

  2. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы жаңа лексиканы қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады, дұрыс артикуляцияны қалыптастырады.

  3. Эстетикалық тәрбие қалыптасып, оқушының шығармашылық қабілеттері ашылады. Сонымен қоса сабақтағы психологиялық климат ретке келіп, тілдік әрекет қарқындалып, эмоционалдық көңіл күй көтеріліп, оқушының тілге деген қызығушылығы арта түседі.

Ән сабақтың негізгі тақырыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды біткен кезде қолданамыз және әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады.

Шет тілін әр деңгейде меңгеріп жатқан оқушыларға берілетін кейбір әндерге мысал келтіре кетейік.

Жаңа лексиканы бекіту барысындағы берілетін бір әнге мысал келтіре йік.

  1. Әнді тыңда, жетпейтін сөзді толықтыр.

What is your …? (1 деңгейдегі оқушыға)

Now tell me, …

  1. Әнді тыңда, to be етістігінің қай формада тұрғанын анықта.

What is your name? (2 деңгейдегі оқушыға)

3. Сұраққа жауап бер. (3деңгейдегі оқушыға)

1. What is the girl's name?

Her name is Helen.

2. How old is she?

She is eleven.

3.Where is she from?

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыс әр түрлі.

Соның ішінде шет тіліндегі әдебиетпен жұмыс істеу барысында кем дегенде оқудың негізгі деген төрт түрін қолдану қажет болады.

  1. Мәтіннің жалпылама мазмұнын түсіну.

  2. Шолып оқу, немесе іздене оқу.

  3. Мәтіндегі хабарламамен танысып шығу үшін мәтінді жылдам оқып үйрену.

  4. Мәтіндегі неізгі ой мен тұжырымды анықтауға дағдылану.

  1. деңгей

  1. Мәтінді қарап шық, жаңа сөзді аудар. Сөздің асты сызылып тұрады.

  2. Мәтіннен халықаралық сөзді анықта.

/ ocean, container, recorces, peak, territory/

2-деңгей

1. Географиялық аттарды жазып ал, оқы.

2. Предлогтарды, сын есімнің салыстырмалы/ күшейтпелі шырайларын тауып ал, оқы.

3- деңгей

1. Сандарға байланысты сөйлемдегі сандарды дұрыс оқып беру.

2. Сөйлемдерді сәйкестендір.

4- деңгей

Оқушы оқылған мәтіні бойынша карта жасайды.

Мысалы:

  1. Өзен, көлдер аттары.

  2. Таулар.

  3. Ауа-райы

  4. Жануарлар

  5. Өсімдіктер

Мәтінде кездеспеген, бірақ өзі іздеп, аударып жасаған сөздерді қосады.

Өздік жұмыстың оқушыға берері мол, өйткені ол шығармашылықпен айналысу мен қоса өзінің жинақтаған базалық білім қорын да колдана алады.

Жиі қолданылатын сөздерді меңгеру барысында оқушының өз қолымен жасалған және әрқашан толықтырылып отырылатын терминологиялық глоссаридің жасалуы керек.

Бұл жағдайда оқушының меңгерген лексикасы мен терминдерін бақылап отыруға мүмкіндік алады.

Оқу түрлерін дұрыс ұйымдастыру - оқушының шет тілін үйрену барысында көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне ықпал жасайды.

Оқушы көлемді мәтіннің ішінен негізгі информацияны айта алумен қатар көпшіліктің алдына өзінің жобаларымен шығып, оны қорғай алатын деңгейге қол жеткізеді.

Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру мақсатында түрлі әдістерді қолдануға болады. Соның бірі- тест арқылы оқушының білімін тексеру, сол пәнге қызығуын арттыру, білімге құштарлығын ояту. Тест жұмыстарын Англия, Қазақстан, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия тақырыптары бойынша жүргізуге болады. Бұдан оқушы тілді түсінеді, ізденеді, сұрақ-жауап жұмысына машықтанады. Сол ел туралы оқығанын пысықтайды. Ел тарихынан, мәдентиетінен мағлұмат алады. Оқушының танымдық белсенділігі артады.





Ағылшын алфавитінің мерекесі

Мақсаты- ойын түрінде алфавиттің қалыптасуын анықтау, сөздік қорының жинақталғанын, оқу әдісінің, жазу орфографиясының қалыптасуын және ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру.

Мерекеге ата-аналар, ұстаздарды шақыруға болады.

Көрнекіліктер: әріптер, суреттер, шарлар т.б

Teacher: Today we'll celebrate the ABC's holiday.

1. Let's repeat all together.

( Оқушылар әріптерді қайталап, әнін айтады )

A, B, C, D, E, F, G,

H, I, J, K, L, M, N, O, P,

Q, R, S, T, U, V, W,

X, Y,Z

Happy, happy, happy we shall be

When we learn our ABC

2. Оқушыларға жаттығу ретінде өлеңдер беріледі, дұрыс оқуға тапсырма екі топтағы балаларға таратылады.

1/ What a big black cat!

What a cat! What a cat!

2/ Ann's cat is black.

3/ Peter has a pencil.

Peter has a pen.

4/ Why do you cry, Willie?

Why do you cry?

Why Willie? Why Willie? Why Willie? Why?

5/ A black cat sat on a mat,

And ate a fat rat.

6/ Together, together, together every day

Together, together we work and play.

7/ Here is a rose

The rose is red.

8/ Pat's black cat is

in Pat's black hat.

3. Тақтада сөздер жазылады, жетпейтін әріпті тауып жазу керек.

Good mo - ning! Good eve-ing!

Fat-er, bro-her, mot-er, sis-er

4. Топқа тақырып беріледі, сол бойынша сөздерді атап беру.

Subjects:

A pen, a pencil, a bag, a table, a book, a computer, a chair, a chalk, a notebook, a map, a blackboard, a calculator, a rubber, a ruler

Family:

A grandmother, a grandfather, a mother, a father, a sister, a brother, an aunt, an uncle, a niece, a nephew, parents

5. Әр топ « Танысу» тақырыбы бойынша диалог құрастырады.

6. Сұрақтарға дұрыс жауаптарды анықта.

1. What is your name? a/ Fine, thanks

2. Where are you from? b/ 5c

3. How are you? c/ eleven

4. Which class are you in? d/ England

5. How old are you? e/ Bob

6. When is your birthday? f/ It's December

7. What is the date today? g/ It's in Kazakhstan

8.What is your sister's name? h/ It's in winter

9. Where is Almaty? i/ It's 21st of December

10. What month is it now? j/ Her name is Maira

7. Сандарды дұрыс жаз.

Seven- Twelve-

Nine- Three-

Eight- Twenty-

Eleven- Two-

Twenty one- Six-

Five- One-

8. Ағылшын тілінде өлең айтып беру.

1. Good morning, good morning

Good morning to you

Good morning, good morning

I am glad to see you.

2. One, one, one

Little dog run

Two, two, two

Cat sees you

Three, three, three

Birds on a tree

Four, four, four

Rats on a floor

9. Оқу әдісін көрсету. Мәтінді дұрыс оқып бер.

Бір мәтін алынады.

10. Соңында өлең орындалады.

What is your name?

What is your name?

Now tell me please

What is your name?

My name is Helen

My name is Helen

My name is Helen

That's my name.

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп



Ағылшын тілінің алфавитінің мерекесі


Өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

А. С. Жексенова

© 2010-2022