Диалогтік оқыту-оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру тәсілі

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Диалогтік оқыту - оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру тәсілі.

К. Ушинский «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт.

Қазіргі кезде қоғам талабына сай, ағылшын тілін оқытуда ортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту, ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін дамыту.

Диалогтік әдіс - оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, ағылшын тілінде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тіл үйретудің тиімді жолы саналады.

Диалог арқылы оқытуға мынадай сипаттама беруге болады. «Диалог екі немесе одан да көп серіктестердің ауызша сөйлесу әрекетінің үйлесімді жемісі, ол- өзара байланысы бар мәтін».Өз ойын еркін жеткізе білетін, үш тілді жақсы меңгерген, өзіндік пікірі бар, өз бетімен шешім қабылдай алатын ұрпақ тәрбиелеу үшін, оқушы мен мұғалім өзара қарым-қатынасы, мектептегі рухани атмосфераны өзгерту маңызды. Диалогтық оқыту арқылы осындай жеке тұлғаны қалыптастыруға болады деп ойлаймын.

Оқуды диалог түрінде оқыту оқушылардың белсенді болуына ықпал етеді және ынтымақтастыққа үйретеді.Оқушыларға өз бетінше орындау құқығын берілгенде, сыныпта демократиялық атмосфера қалыптасады.

Мерсер мен Литлтон зерттеуінде «диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады» деп тұжырым жасаған.

Диалогтік сұхбаттасу оқушылардың ауызекі тілін дамытуға қомақты үлес қосатын шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі. Диалогтық оқыту нәтижесінде оқушының сабаққа қызығушылығы артып өз еркімен ынталанып жұмыс жасай бастағанын және ауызекі сөйлеу дағдысының қалыптаса бастағанын байқауға болады .

Егер балалар жұптасып, топтасып атқарылатын жұмыстарда өздерін еркін сезіне алмайтын болса, оларды мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Осы мақсатта сыныптағы балалардың кімдермен қарым-қатынас жасайтынын білу керек. Баланың қарым -қатынас жасау үшін қабылдаған барлық әрекеттерін марапаттап отыру қажет. Баланың ауызекі тілін жөндеуден аулақ болу, одан да сөйлеуді дамытатын жақсы модельдермен және мүмкіндіктермен қамтамасыз еткен тиімді. Атақты американдық жазушы Е. Градин «You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes» деп айтқандай, кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады.

Өзім сабақ беретін сыныптар жұп немесе топ болып диалогтік сөйлесуге дағдыланып қалды. Бір - бірімен диалогтік әңгімеге кез-келген сабағымда еркін араласады алады Бас кезінде оқушылардың көпшілігінің өзіне-өзі сенімі төмен болған еді, қазір олар сенімдері молайған. Бiз сабақтағы жұмысты топтардың құрамын үнемi өзгертiп отыратындай етiп ұйымдастыра алуымыз қажет. Сонда оқушы сабақ барысында кез келген сыныптасымен диалогқа түсе алатын болып қалыптасады.

Мектеп оқушыларының сөздік қорының аз екендігі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу деңгейінің төмендігі,тіпті өз ойларын да жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы оқушылардың сөйлеу біліктілігінің жоқ екендігін аңғарылады.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ барысында төмендегі диалогтік әдісті қолдануға болады.Мысалы:

Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның (саясат қайраткері, әнші, актер, спортшы, т.б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлі сұрақтар қоя отырып, оның кім екендігін табуы тиіс

Сұрақтар былай болуы мүмкін:

What's your hobby? What kind of meal/ sport/clothes/ do you like?

Are you a man or a woman? Are you married or a single? т.б.

Just the facts. Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer?

Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады.

Бұл ойынды Атамұра баспасынан шыққан, авторлары: Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А. 9 - сынып оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде пайдалануға болады.

Why?

Мына төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың сүйікті заттары, әрекеттері туралы айтады.

What is your favourite TV show? Why?

What is your favourite magazine? Why?

What is your favourite gift you have received? Why?

What is your favourite time of the day? Why?

What is your favourite day of the week? Why?

Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында сахналық көріністерді ойнау маңызды .2014 жылы У.Шекспирдің 450 жылдығына арнап оқушылармен "Who is the mightiest in the world?" атты ертегіні сахналастырдым. Ертегіде оқушылар «әлемдегі ең күшті кім?» деген сұраққа жауап іздегендіктен , көрініс диалог негізінде қойылды.

Оқушылардың диалогтік әдісті қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойының туындауы себепші болады. Кейбір балалардың бойында ұялшақтық пен ұяңдық басым, олардың өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсуі баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда диалогтік әдістің ролі өте зор.









© 2010-2022