Міржақып Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 5 «Б2»

Күні: 05.03.14ж 1сағат

Деректемелер: базалық оқулық Тұрсынғалиева С.Ч. «Арман - ПВ» Астана 2009

Қосымша әдебиет: интернеттен

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі.

  1. Сабақ мақсаты:

- білімділік: : Қазақ халқының ұлы ақыны Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру. Ақынның «Шешенің баласын сүюі» өлеңінің мазмұнымен , идеясымен таныстыру.

- дамытушылық: Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру.

- тәрбиелік: Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, анаға деген махаббат сезімдерін дарытуға ықпал ету.

2. Сабақ типі: жаңа ақпаратпен танысу, материалды бекіту сабағы

3. Әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, кестемен жұмыс, көрнекілікті қолдану

4.Қажетті техникалық жабдығы: интерактивті тақта

5.Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар: ақын портреті, шығармалары, үнтаспа, қосымша материалдар

6. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі және сабақ басталуы.

  • сәлемдесу;

  • түгендеу;

- сөйлесу;

ІI. Сабақ мақсаты мен міндеттерін айту.

ІII. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаңа материалды оқу.

1. Ақын туралы кітапта берлген мәтінмен жұмыс:

а) «Сұрақ-жауаппен қатынас» техникасын пайдалану.

Әр оқушы бір сұрақ дайындап, оны қағазға жазады, бұл қағаздар бір оқушыдан екіншіге беріліп, алмастырылады. Сұраққа жауап бергісі келгендер, алдыңғы жазылған жауаптардың астына өз жауаптарын жазады. Ал егер жауап болмаса, келесі оқушыға беріледі. Жұмыс соңында барлық сұрақтар мен жауаптар оқылып, тақтаға жазылады.

ә) Сөзік жұмысын өткізу:

өлеңдір жинағы - сборник стихов

ауыр науқас - тяжелая болезнь

бақытсыз - несчастный

қамауға алыну - взять под стражу

күресу - бороться

мәдениетті - культурный

қазақ әдебиет тарихында - в истории казахской литературы

саяси айып - политическое обвинение

бостандық - свобода

білімді - образованный

б) Тақтада көрсетілген кестені толтыру.

Жылдар

Маңызды оқиғалар

Шығармалары

Сергіту кезеңі:

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

2. Ақынның «Шешенің балаларын сүюі» атты өлеңімен жұмыс.

а) өлең мәтіні үнтаспадан тыңдалады.

ә) өлеңге берілген сөздік

сүю - любить

күю - горевать

байғұс - бедняга, беспомощный

тербету - укачивать

сергіту - взбадривать

көз жасын көлдету - лить слезы

шет - за пределы

төбесі көкке жету - сильно радоваться

қайғы - горе

кірпік қақпау - не смыкать глаз

дамылсыз - без устали

еркелеу - баловать

камқор ана - заботливая мать

сағыну - скучать

хат - письмо

б) «Сөз сыры» айдарымен берілген тапсырманы орындау.

Сөз сыры: қуанышқа қуану, қайғыға күйіну, түн ұйқысын төрт бөлу, кірпік қақпау, ...

в) Ананың балаға деген махаббатын қандай жолдары арқылы берілгенін қара сөзбен жазып шығу. Өлеңдегі ананың балаға махаббаты қандай етістіктер арқылы берілгенін теріп жазу, мағынасына үңілу.

V. Сабақты бекіту: хрестоматияда берілген Ыбырай Алтынсариннің «Бұл кім?» өлеңімен салыстыру. Тапқан ұқсастықты өлең жолдарымен дәлелдеу.

VІ. Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау:

  1. Интерактивті тақтадан Б.Бұлқышевтің ана туралы сөзі көрсітіледі:

«Анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болмауы мүмкін емес!»

2. Оқушылардың анаға деген сезімдерін білдіретін сөздерін тақтаға жазу:

* Ана - менің қамқоршым.

* Ана - менің ең сүйікті адамым.

* Ана - менің өмірім.

* Ана - мені өмірге әкелге батыр адам.

* Ана - менің жүрегім.

* Ана - менің ең қымбатты адамым.

VIІ. Рефлексия кезеңі:

«Ана туралы жыр» әнінің әуенінде:

Аналарына, тәрбиелеп отырған әжелері мен апаларына өз махаббаттарын білдіріп, тілек жолдау.

VIІІ. Үй тапсырмасы:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. Хрестоматияда берілген ақын өлеңдерімен танысу.

  3. Ана туралы мақал-мәтелдер мен даналық ойларын жазып келу.

© 2010-2022