Қазақ әдебиеті 7 сынып М. Мақатаев. «Қара өлең», «Қайырлы түн», «Елім барда», «Анау –аспан, мынау –бақ» өлеңдері

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті 7 сынып М.Мақатаев. «Қара өлең», «Қайырлы түн»,«Елім барда», «Анау –аспан, мынау –бақ» өлеңдеріМахамбетов Қожабек Шалғынбайұлы.

29.01.1984ж.

Бітірген оқу орыны: Қызылорда ҚМУ 2005ж

Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Еңбек өтілі: 10 жыл.

Санаты: І

Жұмыс орыны: Қызылорда обл. Арал ауд. Қарашалаң ауылы №75 орта мектеп

Пәні: Қазақ әдебиеті.

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев. «Қара өлең», «Қайырлы түн»,«Елім барда», «Анау -аспан, мынау -бақ» өлеңдері

Сілтеме

Білім стандарты,

Жалпы

мақсаты:

ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, поэзияның Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидың өміріне шолу, ақынның поэзиясына талдау жасай отырып өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру.оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау, ауызша да, жазбаша да еркін, көркем сөйлеуге ақын шығармашылығы арқылы үйрету,поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, елін, жерін сүюге , әнді, өлеңді қадірлеуге, табиғатқа деген мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтиже:

Оқушылар тақырыпты толық меңгереді,жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,

Тақырып бойынша зерттеу-шілік жұмыс жүр-гізуге дағдыланады.

Бірлесіп жұмыс жасауға қалыптасады.

Негізгі идеялар:

Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.

Тапсырмалар:



Топтық жұмыс. Өлеңді мәңерлеп тізбектей оқыта отырып, бірнеше сұрақтар қою арқылы өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу мақсатында жұмыс жүргізіледі.Постер қорғайды.

Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс. Графопроектор арқылы үш сөйлемнің басы беріліп, соңын өз беттерінше аяқтау.

Жұптық жұмыс.

Семантикалық карта арқылы

Кейінгі тапсырма:

Рефлексия

Кейінгі оқу:

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: СТОстратегиялары-ой қозғау, мағынаны ажырату, көрнекілік, сұрақ қою, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, түрлі түсті қағаздар, үнтаспа, графопроектор, карта-инсерт, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

1) Сыныпқа жақсы психологиялық жағдай туғызу.

2) Оқушыларды топқп бөлу

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Жаңа сабақ.

І. Ой шақыру стратегиясы

Оқушыларға үнтаспадан өлең тыңдатылады. Оқушылар бұл ақынның кім екендігін табады.

Жаңа сабақтың дәйек сөзі: «Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады». (Күләш Ахметова).

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-Балалар, бүгін біз сендермен «Мен XX ғасыр ұрпақтарының құрдасымын,
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың құрдасымын да...» -деп өзі жайында айтып кеткен қазақтың біртуар ақиық ақыны, мұзбалақ ақын, қазақ поэзиясының қанатын кеңге жаюға үлкен үлес қосқан Мұқағалидай ақынның өмірі мен шығаршылығына шолу жасап, «Қара өлең», «Қайырлы түн»өлеңдерімен танысамыз.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) - қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.[

Хронологиялық кесте

  • 1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;

  • 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

  • 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;

  • 1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;

  • 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;

  • 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;

  • 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

  • 1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;

  • 1962-1963 - «Социалистік Қазақстан»

  • 1963-1965 - «Парасат»

  • 1965-1972 - «Жұлдыз» журналдарының редакциясында,

  • 1972-1973 - Жазушылар одағында қызмет атқарады.

"Мен бір нәрсеге- поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол-ақын. Ақырғы сөз сонікі"

Мұқағали өлеңдері (өз даусы)арқылы үнтаспадан оқушыларға тыңдату

«Қара өлең», «Қайырлы түн»өлеңдерін мұғалім мәнерлеп оқып береді.

Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады. Екі сөзден құралған «қара өлең»ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты. «Өлең» ұғымы қыпшақ тіліндегі «ұма»сөзінен шыққан екен. Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген мағына береді. «Қара»- ол әлемнің алғашқы қалпы. Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады. Оның иесі, авторы - халық. Табиғатқа таңдануды, әділетті, аңсауды, сұлулыққа сүйсінуді т. б бір шумақ қара өлеңмен сипаттау - халқымыздың қанына сіңген қасиет.

ІІ.Мағынаны тану.

Топтық жұмыс. Өлеңді мәңерлеп тізбектей оқи отырып, бірнеше сұрақтар қою арқылы өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу мақсатында жұмыс жүргізіледі.Постер қорғайды..

Топ көшбасшысы бағалау критерийлерін белгілейді және жұмыс барысында топ мүшелерін бағалап, түсіндірмесін жазады.

Критерийлер

Көщбасшы

Баяндамашы

Хатшы

Уақыт

сақшысы

­Өз міндетін атқару


Құнды пікір айтуы


Жағымды ахуал туғызуы


Жеке жұмыс.

а) Дәптермен жұмыс. Графопроектор арқылы үш сөйлемнің басы беріліп, соңын өз беттерінше аяқтау.

  1. Мұқағали Мақатаев 1931...

  2. Оның өлеңдерінің тақырыбы ...

  3. Біз Мұқағалидың ....

ә) Төрт жол өлең шығару …
……………………………………… Қайырлы түн
……………………………………… Қайырлы түн
------------------
……………………………………….Қайырлы түн

Жұптық жұмыс.

Семантикалық карта арқылы


Мұқағалидың өлеңдері


Өлеңнің негізгі тақырыбы


Өлең туралы сенің пікірің

4.Сергіту сәті.

Біз бесеуміз, бесеуміз.

Бес тармақты жұлдызбыз.

Біз бесеуміз, бесеуміз

Ақ қалпақты құндызбыз.

Аяғымыз қайда екен,

Тез қозғалсақ пайда екен.

Бiзден биiк секiрер

Мықты жандар бар ма екен?

5.Сабақты бекіту.

  1. Мұқағали Мақатаев (топтастыру )

  2. Мұқағали ақынға хат…

6. Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.

" ҚАЙЫРЛЫ ТҮН "мәнерлеп оқу "ҚАРА ӨЛЕҢ" жаттау
"МҰҚАҒАЛИ ӘЛЕМІ" тақырыбында мәнжазба дайындау.


© 2010-2022