6-сынып қазақ тілі қайталау сабағы

6-сыныпқа арналған сабақ жоспары.Тақырыбы: "Қайталау сабағы"кітаптың авторы:Т.М. Артыкова,А.С Жаканбаева, М.Х ТолеуоваБұл қайталау сабағы үшінші тоқсанның басында болған сабақ жоспары.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімі:Мұхамедина Әсемгүл Мирболатқызы

Сыныбы: 6-сыныптар қазақ тілі күні,айы:09.01.15

Тақырыбы:Қайталау сабағы

Міндеті: Берілген кестедегі сөз тіркестерінен дұрыс сөз тіркесін құрайды.

Сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазып,мазмұндайды.Сурет бойынша шығармалық жұмыс істейді.Сөздік қорларын дамытады.Сұрақтарға қазақша дұрыс жауап береді.Топта белсенді жұмыс істеуге машықтанады.

Нәтижесі:Тақырып негізінде қазақша сөйлеп,көмекші есімдерді,жалғау түрлерін қайталайды.Өткен сабақты қайталап, пысықтады.Топта белсенді жұмыс істеді. Ұйымшылдыққа үйренді.

Әдіс-тәсілдері: жеті модуль және СТО стратегиялары

Түрі: қайталау сабағы

Сабақтың барысы:1.Көшбасшылық «Шаттық шеңбері» оқушылар шеңберге шығып,амандасады.Бір-біріне деген тілектерін қазақша жеткізуге тырысады. Сыныптың ұранын айтады.Өз-өздерін реттеп тобына отырады.

2.Диалогтік оқыту:жұптық жұмыс барысында үйге берілген ережелерді ,сөздіктерді бірі-қазақша айтса,екіншісі-аудармасын айтып еске түсіреді.

3.АКТ : берілген анаграмманы шешеді,ойланады, сөйлем құрайды

ЕІМСДІК ТО ТА ЫТАМЛА ЫДНАҒАРАҚ

4.Мағынаны тану: топтық жұмыс.Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау барысында мағынаны таниды. Тапсырманы топта А4 парағына жазып,қорғайды.

Тапсырма:Керекті жалғауларды пайдалана отырып,сөйлемдердегі көп нүктенің орнын толықтырып жазады.5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту: деңгейлік тапсырмалар орындату: 4-тапсырма. 82 беттегі тапсырма

АКТ:Сергіту сәті жаттығу орындайды әуенмен

7.Топтық жұмыс:Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөздерді аударып айтады.

1-топ 1,2 сөйлеммен жұмыс істейді

2-топ 3 сөйлеммен жұмыс істейді

3-топ Қазақстан туралы қызықты мәліметпен танысып,топтарға түсіндіруге дайындалады.

1. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады;

2. Қазақстан мен Ресей шекарасы - әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара (7 512,8 шақырым);

3. Екібастұз ГРЭС-2 түтін мұржасы дүниедегі ең биік мұржа болып саналады;

4. Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 жылы бірінші орынға шықты (13 500 тонна);

5. Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүниеде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орынды алады;

Бірінші ондыққа кіретін мемлекеттер:

1. Ресей 2. Канада 3. ҚХР 4. Америка Құрама Штаты 5. Бразилия 6. Австралия 7. Үндістан

8. Аргентина 9. Қазақстан 10. Судан

6. Қазақстан - қызғалдақ пен алма отаны;

7. Жылқы алғаш рет Қазақстан аймағында қолға үйретілген;

8. Медеу - таудың ең биік бөктерінде орналасқан мұз айдыны;

Тап қазіргі уақытта Медеу қысқы спорт түрі бойынша көлемі жағынан ең үлкен және ең биікте орналасқан мұз алаңы болып саналады (10,5 мың м²). Таудың биік жартастары әлемдік рекордты жаңарту үшін өте қолайлы жер. Медеу мұз айдынында 170 әлемдік рекорд орнатылған.

9. Жердің алғашқы жасанды серігі (Спутник-1) мен бірінші ғарышкер адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.

10. Байқоңыр - әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда табан тіреген. Көлемі 6717 шаршы шақырым.

11. Орыс тілінің «деньги» сөзі Қазақстан елінің қазіргі валютасы «теңге» сөзінен шыққан.

12. 1968 жылы ақпанның жиырмасы күні Қазақ ССР темір жолы салмағы 43,4 мың тонна, ал ұзындығы 6,5 шақырым болатын 440 вагонымен әлемдік рекордты жаңартқан.

13. Алматы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда ол дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі.

Алматы телемұнарасы 1978-1982 жылдар аралығына салынды. 1984 жылдан бастап қолданысқа берілген. Телемұнара 600 миллион рубльге (теңгеге шаққанда 2 879 400 000 болады) салынып, сейсмологиялық талаптарға сай өте берік етіп тұрғызылған.

14. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін әр оқтың үшіншісі осы қазақстандық қорғасын өндіретін шеберханаларда жасалған.

8.Блум таксономиясы сұрақтары

9.Үй тапсырмасы: сөздіктерді қайталау,Қазақстан туралы мазмұндап келу.

10.Кері байланыс жүргізу кезеңі. Бағалау парағына өздерінің бағасын толтырады.

Аты-жөні

Үй тапсырмасының

бағасы. Топтық жұмыс

Аударма жұмысының бағасы

Жұптық жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар бағасы


Сай болыңыздар!

© 2010-2022