Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері

  Сабақтың мақсаты:  Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма-                                        шылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философия-                                  лық тұжырымдары - қара сөздерімен  таныстыру,  ой - өрістерін                                          кеңейту, рухани -жан дүниелерін қалыптастыру. Сабақтың міндеттері: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау дағ-                                         дыларын дамыту. Абай атамыз...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ақтөбе облысы, Қобда ауданы

Жарсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жангалиева Гауһар Оразалықызы


Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері.


Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма-

шылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философия- лық тұжырымдары - қара сөздерімен таныстыру, ой - өрістерін

кеңейту, рухани -жан дүниелерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау дағ-

дыларын дамыту. Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөз-

дерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, ең-

бекқорлық, саналылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, аудару.

Көрнекілік: компьютер, слайдтар, Абай Құнанбайұлының портреті, өлеңдер жинағы,

«қара сөздері», Абай энциклопедиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатын айту.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,

Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.

Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір,

Арттағыға бір белгі қойса нетер?!» - деп ақын атамыз өзі айтқандай, бүгінгі сабақта

біз Абай атамыздың даналық сөздері - қара сөздерімен танысамыз.

Абай атамыз бізге өшпес мұра - өлеңдерін қалдырды, ендеше біз оны кім деп білеміз?

  • Дұрыс айтасыңдар - ақын. Ол қандай тақырыптарға өлең жазған?

Жыл мезгілдері: «Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым» (слайд)

Тағы қандай тақырыптарға жазған өлеңдері бар?

Ғылым, білім жайлы: «Әсемпаз болма әрнеге», «Білімдіден шыққан сөз», «Интернат-

та оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» т.б. (Оқушылар оқиды)

  • Абай атамызды ақын ретінде есімізге түсірдік, оны тағы кім ретінде білеміз?

  • Әнші, композитор.

  • Қандай өлеңдеріне ән жазған?

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.

-Соңғы өлеңді кім жазған?

- Неміс ақыны Гете жазған, орыс ақыны М.Ю.Лермонтов орыс тіліне, Абай атамыз

қазақ тіліне аударған. (слайд)

- Абай тағы кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

- А.С.Пушкин, И.А.Крыловтың шығармаларын.

- Сонымен, біз Абай атамызды әрі аудармашы ретінде білеміз.

Абай аудармасындағы «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін «Досмұқасан» ансамблінің

орындауында тыңдайық.

Абай атамызды әр қырынан таныдық, енді бүгінгі сабақта даналық сөздері - қара

сөздерімен танысамыз.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қара деген сөздің бірнеше мағынасы бар, оны мына сөз тіркестерінен көруге болады:

Қара шаңырақ - отчий дом; қара жұмыс - тяжелая работа; қара басы - сам, выделение

личности, қара сөз - это не простые слова, они отличаются от других слов своим со-

держанием, в них заключается философская мысль.

Осындай сөздер Абай атамызда бар. Жаңа тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар:

Абайдың қара сөздері.

  1. Сөздік жұмысы (жазғызу, оқыту)

  2. 38 қара сөзбен таныстыру (Мұғалім өзі мәнерлеп оқиды, қазақ-орыс тілінде) Тақырыбы қандай? Адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған.

  3. Мәтін бойынша сұрақ - жауап.

І топ - қазіргі ұрпақ, ІІ топ - Абай атамыз, қазіргі ұрпақ сұрақ қояды, Абай атамыз

жауап береді.( Виртуальді түрде сөйлесеміз)

ІV. Топпен жұмыс.

І топқа: 1 абзацты оқып, одан адамға керекті жақсы қасиеттерді теріп жазу.

ІІ топқа: мәтіннің екінші бөлімінен адам неден аулақ болу керек немесе адамға жақын

болатын қасиеттерді теріп жазу.

ІІІ топқа: күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсені дәптерге теріп жазу.

(Жауаптарын әр топтан бір оқушы оқып береді)

  • Абай атамыздың қандай өлеңінде адамның жақсы және жаман қасиеттері жөнінде

айтылған? Дұрыс, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде.

V. Қорытынды.

Оқушылардың өздері дайындап келген сөздерін тыңдайық. 7-ші, 19-шы, 38-ші сөздер жатқа айтылып, түсіндіріледі.(қысқаша аударма).

VІ. Сабақты бекіту. Абай атамыз бұл сөздерін бізге не үшін жазған? Неге қалдыр-

ған? Қара сөздердің тақырыбы әр алуан. Біз үшін ең қажеттісі: «оқу керек, оқығанды көңілге тоқи білу керек, білім алу үшін талап керек». Жақсыға жақын, жаманнан қа-

шық болу керек. Сонымен, Абайдың қара сөздерін тану арқылы біз оны кім деп біл-

дік?

- Ұлы дана, философ деп білдік. Абайдың қара сөздері - көркем әңгіме емес, даналық

сөздер, ғылымдық, философиялық шолулар.

«Қара сөздер» - қазақ әдебиетінде де, әлем әдебиетінде де жаңа жанр.

VІ. Үйге тапсырма: «Абай - ұлы ойшыл» атты эссе жазу.

© 2010-2022