Урок казахского языка в 7 классе

Сабақтың мақсаты: білімділік - жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту, оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен тақырыпты естеріне түсіріп, жаңа тақырыпты қорытындылау; дамытушылық - оқушылардың сөздік қорларын байыту, тіл байлығын кеңейту, ес қабілетін (еске түсіру, қайта жаңғырту процестері) дамыту; тәрбиелік - оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Типі: жаңа білімді меңгерту. Көрнекілігі: сабақ тақырыбы, суреттер, плакаттар. I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырм...
Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫН ОҚЫТУ

Сабақтың мақсаты: білімділік - жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту, оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен тақырыпты естеріне түсіріп, жаңа тақырыпты қорытындылау; дамытушылық - оқушылардың сөздік қорларын байыту, тіл байлығын кеңейту, ес қабілетін (еске түсіру, қайта жаңғырту процестері) дамыту; тәрбиелік - оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Типі: жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: сабақ тақырыбы, суреттер, плакаттар.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

IV. Үйге тапсырма беру.

V. Сабақты қорыту, бағалау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Жақсы, рахмет, отыра ғой.

Тіл дамыту жұмысын жүргізу:

- Бүгін қай күн?

- Аптаның қай күні? Аптаның күндерін кім атайды?

- Бір айда қанша күн бар?

- Бір жылда қанша күн бар? Ал, қанша ай бар?

- Жыл мезгілдерін бізге кім атайды?

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қыстың айларын бізге кім атайды?

- Тамаша! Енді, бапалар, «Жыл мезгілі» тақырыбы бойынша әңгімелесейік.

«Жыл мезгілі» туралы бір-екі оқушы диалог құрады.

Өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарын қоямын:

* Қоршаған ортаға не жатады?

* Біздің Отанымыз қай мемлекет?

* Қазақстанның астанасы қай қала?

* Біз қоршаған ортаны қорғау үшін не істейміз?

- Балалар, біз қандай грамматикалық тақырыпты өттік?

1. Есімдік деген не?

2. Есімдіктің қанша түрі бар?

3. Жалпылау есімдіктерін ата.

4. Болымсыздық есімдіктерін ата.

5. Жіктеу есімдіктерін ата.

6. Сілтеу есімдіктерін ата.

7. Сұрау есімдіктерін ата.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

«Қоршаған орта» тақырыбын әңгімелету. (Үй жұмысын тексеремін)

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Балалар, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз - «Сын есімнің шырайларын оқыту».

Сын есім

Сын есім заттың сынын, сапасын, дәмін, көлемін білдіреді. Сұрақтары: қандай? қай?

Заттың сыны мен сапасының әр түрлі дәрежелік сипатын білдіретін белгілер шырайлар деп аталады.

Құрамына қарай

Дара Күрделі

Мысалы: сары, ақ, т.б. қара ала, қоңыр, күрең

Тұлғасына қарай:

Негізгі Туынды

Мысалы: сары, ақ, т.б. ақылды, жазғы, сарғыш

Мағынасына қарай:

Сапалық Қатыстық

Мысалы: жақсы, әдемі, т.б. ойлы, қысқы, т.б.

Сын есімнін шырайлары

Жай шырай Салыстырмалы Күшейтпелі Асырмалы

қызыл қызғылт Қып-қызыл Тым қызыл

Бекіту.

Сын есім деген не?

• Сын есімнің сұрақтары қандай?

• Құрамына қарай сын есім қандай болады?

• Сын есімнің қандай шырайлары бар?

Бекітуге арналған жаттығу жұмысы. (Тапсырмадан сын есімдерді тауып, құрамын, шырайын анықта)

Қып қызыл, ақ, сары, әдемі, күн, қара ала, ай, аппақ.

1. Сөздікпен танысып, сөз тіркестерін құрастыру.

Бөрене - бревно;

Сақтану - опасаться;

Ыңғайлы - удобный;

Ойпат жер - низменность;

Қателеспейді - не ошибаются;

Болжағыш - предвидящий;

Күрке - палатка;

Үңгірін кезіктірдік - увидели берлогу.

2.«Болжағыш аю» мәтінін оқып, 5 сұрақ құрастыру, негізгі ойды анықтау.

Тапсырманы орындау.

1. Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

2. Олардың мінездері қандай? (ақылды, айлакер, қорқақ, сақ, төзімді, т.б.)

3. Жабайы аңдар қай жерлерде тіршілік етеді?

4. Олардың тұрақты мекені қандай?

5. Жабайы аңдар немен қоректенеді?

IV. Үйге тапсырма беру: «Сын есім» ережесін жаттау. Бес сөз жазып келу. Жаңа сөздерді жаттау.

V. Сабақты қорыту, оқушылардың білімдерін бағалау, мадақтау.



© 2010-2022