Қонақ түрлері - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып 22.02.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: «Қонақ түрлері»
Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қонақ түрлері жайлы түсінік беру, қазақ халқының қонайжайлылығы туралы білімдерін кеңейту.

  2. дамытушылық: Диалог құрастыру арқылы ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

  3. тәрбиелік: Оқушыларды қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі парақтар, отбасы суреттері

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру;

ІІ. Ұй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап

Қобыз аспабының суретін салып келу

  1. Қобыз дегеніміз не?

  2. Қобыз орындаушылық мекебінің негізін қалаған кім?

  3. Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?

ІІІ. «Ой қозғау». Жаңа тақырыппен танысу

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып алыңыздар.

Қонақ түрлері

Сөздікпен жұмыс - дәптерге сөздердің аудармасын жазып алу

(мұғалім сөздерді оқып, тақтаға жазғызады, сынып хормен мұғалімнің артынан қайталайды, кейін әрбір бала қайталап шығады)

Қонақ - гость

Қонақ жай - гостеприимный

Құт - счастье

Шақыру - пригласить

Күтіп алу - встречать

Қызмет ету - ухаживать

Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан соң, балаларға мәтінді тізбектеп оқыту, сөздік көмегімен мәтінді аудару.

Қазақтың дастарқаны

Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына: бесбармақ, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт тағамдары - ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар - тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары - бауырсақ, шелпек.

Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.

Сөздік

Дәм - еда, пища

Аттамайды - не перешагивают

Ауыз тимей - не попробывав

Дәннен жасалған - растительная

Қуырған бидай - жареная пшеница

Көп күттіруге - заставлять долго ждать

Диалогты оқу, аудару. Үлгі бойынша жаңа диалог құрастыру

  • Айжан сәлем! Мен сені туған күніңмен құттықтаймын! Саған денсаулық, бақыт тілеймін.

  • Рахмет, Оля! Мен де саған сондай тілек білдіремін. Бүгін кешкі 5-те маған қонаққа кел.

  • Рахмет, мен келемін. Сен тағы кімдерді шақырдың?

  • Үлкендерді, құрдастармды, сыныптастарымды шақырдым. Мен сені күтемін, кел.

Сергіту сәті - физикалық жаттығулар

Мақал мәтелдердің аудармасын дұрыс тауып, мәнін түсіндіру.

Мақал-мәтелдер

Аудармасы

  1. Сыйлап берсе, суын іш.

  2. Той тамағы - тәтті.

  3. Сыйласқанның суын іш.

  4. Тату үйдің тамағы тәтті.

  1. Когда в семье лад, все вкусно подряд.

  2. В гостях у друга и воду подадут - пей.

  3. Праздничные блюда - самые изысканные блюда.

  4. И вода - еда, если от души подана.

IV. Дәптермен жұмыс

Сөйлемдерді түсініп оқып, дәптерлеріңе жазып алыңдар.

  1. Қонақжайлылық - қазақтың ерекше белгісі.

  2. Ол туралы көптеген аңыз, дәстүрлер бар.

V. Тақтамен жұмыс.

«Қонақ», «Қонақжай» сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

Оқушылар тақтаға шығып сөздерге талдау жасайды.

VI. Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Шағын мәтінге ат қою.

Дәм татып болғанна кейін берілетін батаны оқу, кейін оқушыларға оқытқызу, дәптерлеріне жазғызу.

Бата

Басқа амандық берсін,

Жанға саулық берсін.

Босаға тең болсын,

Пейіл кең болсын.

Үйден ат кетпесін,

Алдан ас кетпесін.

Кетпес байлық,

Қайтпас ырыс берсін.

Дәулетің тасып жатсын,

Жасың жүзден асып жатсын.

VII. Жаңа сабақты бекіту

Тақырыпты, сөздерді қайталату.

Сұрақ-жауап

  1. Қазақтың қандай ұлттық тағамдары болады?

  2. Қонаққа бару сендерге ұнайды ма?

  3. Батаны кім береді?

VІII. Үйге тапсырма

Батаны жаттау

VІІ. Бағалау



© 2010-2022