Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мазмұны:


1.Кіріспе.........................................................................................................4

2.Жаңа ақпараттық-технология туралы түсінік..........................................5

3.2.1. Шет тілі сабағында компьютерлік технологиясын қолдану............7

4.2.2. Шет тілі сабағында интернетті қолдану...........................................14

5.2.3. Шет тілі сабағында ойын технологиясын қолдану..........................18

6.Қорытынды..................................................................................................23

7.Қоланылған әдебиеттер тізімі...................................................................24


.




Тақырыбы: Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Мақсаты:

Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.

Міндеті:

1. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді.Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет.
2. Ауызекі сөздің жалпы міндеті - сөздің мағынасын түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану және сөз қорын молайту. Әр курстың бағдарламасына қарай оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жаттаумен тынбай, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем және мәтін құрастыра білу.

Өзектілігі: Адам іс-әректінің әр түрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Кіріспе

Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі - заманның қажеттілігі.
Н.Ә. Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз баяндамасында «Біз күдіктенбейтін жаңа білім, даму жүйесінің басты бағыттарының айқындалуы XXI ғасырға білім ғасыры деген анықтама беруге мүмкіндік береді» деген болатын.Яғни, қазіргі кезеңде бұрынғы таптаурын болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-өмір талабы. Шетел тілін жаңаща оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Ұстаздардардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады.Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады . Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т б . Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді.

2.Жаңа ақпараттық-технология туралы түсінік

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:

  • білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.

  • жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.

  • әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б.)

  • оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б.














2.1.Шет тілі сабағында компьютерлік технологиясын қолдану

«Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі-мұлахаза (ой,пікір алысу), екінші-мұхафаза (сақтау, қорғау). Бұл екі қуатты зорайту жаһантінде (күшті жұмсау, тырысу) болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды» деген керемет ойды ұлы данышпан Абай дұрыс айтқан.

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек.Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында(3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практиға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта(e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ , сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видеокөріністер, презентациялар, флипчарттар(интерактивті тақта) және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

ХХІ ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасырды деп жай атамаған. Компьютер-адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады.Дүниежүзілік қоғамдастықты қоғамдық өмірдің барлық саласы жаһанды ақпараттандыру процессі дамытылуда.

Компьютерлік технология- оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарың анықтайтын технологиялық- педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.

Ең алдымен компьютер оқытушыға білімгерлердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынандай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады.

  1. Сұрақ -жауап диалогы.

Білімгерлер сұраққа құралған лексика граматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.

  1. Тандамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма. Компьютерге жауап беру үшін білімгер ұынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.

  2. Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.

  3. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.

Компьютер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі, немесе компьютер ұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады.

  1. Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.

Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады :

  • Сөздердің синонимдік пен антонимдік қатары тауып алуға комегін туғызады.

Қазіргі кезде белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнауы мынадай бағдарламалар бар: А) Уордсток (сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы) ; Ә) Мэтчмастер ( сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған бағдарламалар); Б)Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын бағдарламалар); В)Клоузмастер (бос орынды қажетті жауаппен толтыру дағдысын қалыптастыруға арналған бағдарлама); Г) Кроссводмастер (кроссводтарды толтыруға уйрететін бағдарлама); Д)Юнисаб (сөз немесе сөз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдырландыру бағдарламасы); Е)Юнилекс (мәтін бойынша сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы); Ж)Гэпмастер (жеберілген бос орындарды толтыруға дағдарлындару бағдарламасы); З)Пинпойт (іздену, шешу, табу дағдырларын қалыптастыруға арналған бағдарлама); И) Спидрит (білімгерді шапшаң оқуға дағдырландыратын бағдарлама); Қ)Тестмастер (сұрақ-жауап формасындағы тест алуға арналған бағдарлама);

Қорытындылай келе, ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданылудың маңыздылығы төмендегілерден көрінеді:

  1. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктері;

  2. Видиефильмдер мен мультимедиалық призентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын пайдалану;

  3. Ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тіл үйретудің әдіс- тәсілдерін меңгерту;

  4. Ағылшын тілін үйрету процессіндегі мультимедиа мен видиеофильмдерді пайдалану;

  5. Флипчарттар арқылы сабақты дәстүрлі емес түрде өткізу;

  6. Интерактивті тақтаның жаңа сабақты оқушыға сондай-ақ, күрделі тақырыптарда уақытты үнемдеуге өте тиімді;

  7. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.
Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда "English grammar for pupils», ' English 95", "Enjoy english" электронды оқулықтарын жиі қолданамын.
"English grammar for pupils"ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.

"Enjoy English" электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады.

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;

• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:

• оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;

• оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;

• дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;

• ойлау қабілетін дамыту;

• ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету.

Осыған орай оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ең күрделі түрі: «Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу». Бұл, сөз жок, оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барсыныда оқушының оған қызығуы арта түседі. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: түрлі-түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

Шетел тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады. Соның негізіне оқытудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады. Олар мыналар:

► компьютер арқылы нашар оқитын балаларды оқытудың тиімдылыгі артады;

► компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді;

► оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады.

Әр сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.

Әр сабақ төмендегілерді қатиды:

Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.

• компьютермен үзіліссіз тілдік қарыс-қатынас;

• бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталанудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі;

• компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады;

• оқушымен жекелей жұмысты іске асырады;

• компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

Компьютер мәтінмен жұмыс жасау барысында тапсырмалау төмендегідей бірнеше бөлімдерден болуы мүмкін.

  1. Берілген мәтіннің тақырыбын ашу.

  2. Мәтіндегі кейіпкер тобын ажырату (кейіпкердің аты-жөні, ұнамды ма, ұнамасыз ба?).

  3. Қызықты оқиғалар бойынша суреттер салу.

  4. Мәтін мазмұнында кездесетін қанатты сөздерді жазу.

  5. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою.

  6. Мәтіннің әрбір бөліктеріне тақырып қою.

  7. Ұнаған тақырыбына қысқаша өз ойын жазу.

Оқушылардың ағылшын тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты.Оның бірі-түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрдастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес.

Өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Бұл жағдайда ағылшын тілі пәні мүғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пәкеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сондай-ақ ағылшын тілін меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Компьютерлік технологиялар арқылы өтетін оқу үрдіс оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шағармашылық қабілеттерін дамытып өздерінің кәсіби потенциялдарының қалыптасуына жол ашады. Компьютерлік технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді.

2.2. Шет тілі сабағында интернетті қолдану

Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

  • электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;

  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

  • серверге жеке шығару;

  • ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дедактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады:

  • күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды,оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;

  • интернеттен алынған материалдарды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерің жетілдіру;

  • жазбаша серіктеріне хат жазу, жауап жазу, баяндама, реферат, т.б. жазба жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша білігін арттыру;

  • активті және пассивті сөз қорын, қазіргі шет ел тілі лексикасымен, жаңа терминдермен толықтыру;

  • өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту;

Оқу үдерісінде интернетті қолданудың әдістемелік ресурстарына тоқталсақ, ағылшын тілі сабғында интернетті қолдана отырып, активтік мәтінді қолданып, тілді жетік білушілерді тыңдап, қарым-қатынас жасай отырып тілдік ортаны қалыптастырады. Желідегі барлық ақпарат ағылшын тілінде. Интернет компьютер технологиясын білумен шектелмейді. Сонымен қатар шет тілінде білуге тиіс. ЮНЕСКО ХХІ ғасырда полиголоктар ғасыры деп атауының себебі де осы. Ақпараттандыру ғасырының басты қаруы ақпарат. Жетістікке жету жолы ақпарат көзін білу және онымен жұмыс істей білу қаблеті.

«Шет тілі» пәнін меңгеруде ең маңыздысы теориалық негіз емес, тәжірибелік яғни, тыңдап-түсіну, оқу, ауызша сөз, жазу қабілеттері. Мамандықтың психологиялық теориясына байланысты белгілі бір пәнді игеру, жүзеге асыру, орындау операциялары, қарым-қатынас, яғни коммуникация арқылы іске асады. Сондықтан да, әр түрлу сөз дағдырларын қалыптастыруда оқушыларға өздері білетін үлгілер түрінде тапсырмалар беру керек. Шетел тілінде сөйлеу дағдыроарын қалыптастыруды тыңдап-түсіну негізгі қызмет атқарады. Сөйлеу дағдырларын қарым-қатынас жасау арқылы жетілдіруге болады. Бұл үшін серіктес қажет. Компьютерлік бағдарламалар, СD-ROM дискілер, интерактивті тақта болса да, олар тек техникамен қарым-қатынас жасайды.

Тек компьютерлік телекомуникация ғана оқушыға шетел азаматтары мен сөйлесуге диалог (ауызша, жазбаша) құруға мүмкіншілік береді.

Шетел тілін оқыту оқушыларға өздері оқып жатқан тілдін мемлекетімен жақынырақ танысуға яғни, география, тарих, ел тану пәндерімен тығыз болуды қажет етеді. Сондықтан оқытушы сабаққа дайындық үстінде дидактикалық, әдістемелік тапсырмаларын ішінде кайсысы маңызды екенін шешіп алу керек. Интернетке келетін болсақ, оны қалай және қандай мақсатқа қолдану керектігін анықтап алайық:

  • желідегі материалдарды сабақ мазмұнына қосу;

  • сабақ тақырыбына сай ақпараттарды іздестіруде оқушылардың ізденіс жұмыстары;

  • өзіндік оқу, шетел тілінің әр түрлі атыларындағы іскерліктерді игеру, дамыту;

  • оқытушының басқаруымен шетел тілінің белгілі бір тақырыбы бойынша білімдерін тексеру;





Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызыБаяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызыБаяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызыБаяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы



Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызыБаяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызыБаяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызыБаяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызыБаяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы

Баяндама Жаңа технологияларды шет тілін оқыту үрдісінде қолданудың маңызы











Интернет мүмкіндіктерін жоба жасауға оқушыларға ұсынып, тапсырма береді. Қолданған да қызықты. Мысалы, берілен мәселе бойынша оқушылар оқытушы қазіргі кезде мазалап жүрген ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол мәселелерді интернеттен тауып алып, жобаға енгізген материал бойынша өз ойын, ұсынысын беріп, ақпараттармен келісіп немесе келіспей талқылай алады. Әр мәселе бойынша материалдар ұсынуға болады. Интернеттегі аудио-видео бағдарламаларды магнитафонға жазып алуға, оқушыларға тыңдатуға, талқылауға болады.

Сабақта көп бағдарламаны компакт дискілерге қолдану ең тиімді болып табылады. Интернеттен ең жаңа мәліметтерді үнемі алып отырауға болады. Мысалы,телеконференция, электронды хаттамалардағы чатты қолданып шетел тілін жетік білушілердің, белгілі бір мәселе бойынша ойларын біліп, салмақта талқылауға болады (мысалы, президентік сайлау, әлемде болып жатқан оқиғалар, білім беру жүйесіндегі жаңалықтар, т.б.). Сабақта осы мәселелер бойынша жоба құрылады және мұндай тапсырмалар оқушылардың өз бетімен жұмыс жүргізуіне, ізденіс жасауына, ақпарат көздерін табуға яғни шығармашылық белсенділігін арттырады. Жұмыс аяқталған соң, әр жоба талқыланып, оқушының жұмысы бағаланады. Ал ағылшын тілі сабағында интернетті қолдану арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады.



2.3. Шет тілі сабағында ойын технологиясын қолдану

Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:
1. Рөлдік ойындар.

2. Іскерлік ойындар.

А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.
Ә)Өндірістік ойындар.

Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі. Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады. Мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда.
Шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?»немесе «Мынау не?»деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго»ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.

Әдеттегідей ойынға оқушылар 2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы»ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады.

Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін, тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын.
Ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар.
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.
2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет. Мысалы, «оқушы, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады. Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушылардың білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндігімен т.т. байланысты. Мысалы, егер ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде жүргізілсе , онда ойынға уақыт көбірік бөлінеді, ал кейінірек сол ойын өткен материалды қайталау ретінде ұйымдастырылса 3-5 минут жеткілікті.

Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын болса, оқу-тәрбиек үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылтын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты-бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, таянақтау, пысықтау.

Міндеті-баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар-балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында-өткен сабақты еске түсіреду. Сабақтың ортасында-көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында-тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімне ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелері есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс ұшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды

Қазіргі Қазақстан оқу білім орындарында жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуы қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Инновоциялық оқу оқудың түсіндірілмелі-түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекеттерінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойына жобалауды қажет етеді.

Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

Ағылшын тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін қолдану жақсы нәтижелер береді.

Мысалы: Саусақ ойыны. Сабақтың басында ойналады.

Ойынның мақсаты; «Жанұя тақырыбына байланысты лексиканың айтылу дағдысын жетілдіру.

Балалар өлеңді жатқа айтып тұрып саусақтарымен көрсетеді. Көрсетілген саусағын жұмып қояды.

This is our father,

This is our mother,

This is our brother,

This is our sister,

This is our baby,

Oh, how we love them all!

«Please» деген сөзді естіген соң бұйрықты орында ойыны:

Stand up, please,

Put down your books, please.

Take your books, please.

Sit down, please.

Look at the window.

Look at me, please.

Бұйрықты дұрыс орындамаған оқушы «жазаланады» -өлең айтады иә мәнерлеп жатқа өлең оқиды.

Prepositions/Предлогтар/

Ойынның мақсаты: Предлогтарды ажырата білу, тақырыпқа байланыста лексиканы пысықтау және диалогқа үйрену.

Hide-and Seek in a picture

Бір оқушы тақта алдына шығады. Ол, ойша сыныптағы заттардың бірінің артына тығылады. Ойынды жүрізуші қайда жасырынғанын қағазға жазып мұғалімге береді. Сынып оны іздейді.

P1: Are you under the table?

L.: No, I am not.

P2: Are you behind the blackboard ?

L.: No, I am not.

P3: Are you in the bookcase?

L.: No, I am not.

P4: Are you under the desk?

L: Yes, I am.

Жүргізушінің қайда тығылғанын тапқан оқушы ұпай алады да, ойынды әрі қарай жалғастырады.

«Синонимін табайық» ойыны.

Ойынды «Синоним» тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың «Синоним» тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздіік қорын байыту .

Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгізіледі. Ойынның шарты . Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар жазу тапсырылады. Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.

Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор.

Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меігеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, өорытынды жасауға дағдылананды. Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар оқушының таным түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді.
Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.

Шет тілі сабағында оқушылардың жас ерекшелік психологиясын, ойынның дидактикалық ерекшеліктерін ескере отырып тіл дамыту, жаттықтыру ойындарын немесе ойын элементтерін жиі жүргізген жөн. Кейбір қызықсыз материалды балалардың санасына ойын арқылы әсерлі етіп жеткізуге болатын ұстаздардың іс-тәжірибесінде дәлелденген.

Қорытынды


Қорыта айтқанда: «Білекке сенерзаманда-ешкімге есе бермедік.Білімге сенер заманда -қапы қалып жүрмейік»-деп, Абылай хан айтып кеткендей , ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық.Инновациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден - бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым - қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Студеннтердің сабақ барысында шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттырудың маңызы зор. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың оқық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Өйткені ағылшын тілін сапалы оқыту -глобальды заман талабы.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Стронин М.Р Обучающие игры на уроке иностранного языка М.,1981

  2. Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №3, 2004

  3. Мектептегі шет тілі -Иностранный язык в школе №1, 2008

  4. Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №5, 2009

  5. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №6, 2006

  6. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №1, 2007

  7. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №5, 2009

  8. Полат Е.С.«Интернет на уроках иностранного языка»

  9. Азимова Э.Г, Вильминецкая Е.Н. «Материалы интерната на уроке англицскогоязыка»

  10. Рақымжанова С.Қ.«Шетел тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін қолдану»

  11. Селевко Г.К. «Современные образователные технологии,»

  12. Щукин А.Н. «Обучение иностранным языкам: теория и практика: Учебное пособие.- » М.Филоматис,2006

13.Бим И.Л.«Методика обучения иностранным языкам как наука и проблемы школьного учебника» М.1997

14.«Voice and vision»,2004-2005, №4

15.«Білімдегі жаңалықтар», 2005 №1

16.Дьюи.К «Школа профессионального развития»,2005

17.«Қазақстан мектебі», 2005. №6

18. Агабекян И.П «Английский язык для ССУЗ-ов» М.,2007

19. Учителю иностранного языка, «Методика обучения иностранным языкам»,изд.КАПО,Санкт-Петербург2008ж.

20. Stevenson P.K., American Life and Institutions. D.C., 1993 ж.

21. Ештаева Н.А., Джунусова Е.А. «Английский язык»-учебно-

методическое пособие,2005ж.

22. Л.К.Буренина, С.В.Консон «Учебник ангийского языка для ссузов»

23.В.Т.Тихомирова. «Уроки сотрудничество», Алматы, 2000 ж.

24.Г.Ю.Ксензова. «Перспективные школьные технологий». Учебно-методическое пособие. Москва, 2001г.

25. Андреев В.Е. Педагогика. Учебный курс для творческого саморазвития.-Казань: Центр инновационных технологий, 2000-606с

27


© 2010-2022