Семинар тренинг по английскому языку

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі

«Шетел тілі» пәндік циклі

апталығы аясында өткізілген

«Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер»

тақырыбындағы

қалалық семинар-тренинг

ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУЫ



Жауапты «шетел тілі» пәндік циклі оқытушылары :

Кахметова А.Б.

Ахметова А. Б.

Жұлдызбай Г.Д.



Қызылорда, 2015 оқу жылы

Ағылшын тлілі пәне оқытушылары «Шетел тілі»пәндік циклі апталығы аясында қалалық деңгейде Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер тақырыбында семинар-тренинг өткіздік.

Семинар -тренингті өткізерде алға қойған мақсатымыз кәсіптік орта оқу орындарында дәріс беретін ағылшын тілі пәні оқытушыларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы,сондай -ақ ағылшын тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер,технологияларды қолданылуы болатын. Қатысушы оқытушылар өте жақсы белсенділікпен өз сабақтарын көрсетіп, пікірлерімен бөлісті.Семинар -тренинг өз деңгейінде өтілді. Сонымен осы өткізілген іс-шараға талдау жасар болсақ..

Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер тақырыбында өткізген семинар-тренингтің мақсаты:

Кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау , сараптау. Оқытушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл -күйден арылу,күш-қуат жинау,өзін -өзі тану,құрметтеу,өзін еркін сезінуге көмектесу. Өзара тәжірибе алмасу.

Көрнекі құралдары: интерактивті тақта,слайд,флипчарт

Барысы:

  1. Ашылуы (таныстыру ,топқа бөлу )

  2. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерге шолу

  3. «Идеялар жәрмеңкесі »Ықшам сабақ (микро урок )

  4. Сапалық сараптама дөңгелек үстел (пікір алмасу )

  5. Жаңа технологияны пайдалану қолжетімді ме?»топтық жұмыс

  6. «Тәуелсіз сарапшылар» анкета алу

  7. Қорытынды.марапаттау.

1. Ашылуы

Колледж директоры С.Тәуіпбаев мырзаға сөз берілді.

Қатысушы оқытушылар берілген тапсырма бойынша өздерін таныстырып,топқа бөлінді

2. Әдіс-тәсілдерге шолу және семинар-тренигтің мақсаты мен шарттарын жүргізуші слайдпен түсіндіріп шықты.

Семинар тренинг по английскому языку

3. «Идеялар жәрмеңкесі » Қатысушы оқытушылар өз ықшам сабақтарын көрсетіп шықты.

Семинар тренинг по английскому языку

4.Сапалық сараптама дөңгелек үстел. Көрсетілген әдіс-тәсілдер

бойынша пікір алмасу ретінде оқытушылар өз ойларымен бөлісті.

5.Жаңа технологияны пайдалану қолжетімді ме?»топтық жұмыста қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп,өз жауаптарын дәлелдермен түсіндіріп өтті.

6.«Тәуелсіз сарапшылар» анкета алу. Көрермендерден көрсетілген ықшам сабақтар бойынша анкета алынды

7.Қорытынды . Қатысушылар және көрермендер тарапынан тілек-лебіздерін білдірді

8.Марапаттау. Номинациялар бойынша қатысқан оқытушыларды әділқазы мүшелері сертификаттармен марапаттады







© 2010-2022