• Преподавателю
  • Иностранные языки
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің отырысында оқылған баяндама «Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды өздігінен ойланып жұмыс істеуге, ауызша, жазбаша тілін дамытуға тәрбиелеу»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің отырысында оқылған баяндама «Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды өздігінен ойланып жұмыс істеуге, ауызша, жазбаша тілін дамытуға тәрбиелеу»

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Осы заманғы білім беру жүйесі болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп бере алатын , саналы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені даусыз. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында сапалы білім жүйесін құру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мектепте қай пән болмасын өзіне тән білім беру ерекшелігімен маңызды.Әдебиет-оқушының өмірге деген көзқарасын,ұстанымын, талғамдарын қалыптастыруға үлес қосатын, қиял көгіне шарықтататын, жан дүниесіне адамгершілік пен ізгілік дәнін себетін ерекше пән. Әр сабақта тілдің мән-маңызын, қадір-қасиетін мүмкіндігінше жан-жақты аша түсіп, ана тілімізді ардақтауға, шексіз сүюге оның алтын қазынасын өмірде дұрыс қолдана білуге шәкірттерімізді баулып келеміз.

Сабақта оқушылардың сөздік қорын үнемі толықтырып,белгілі ұғымдар жайлы түсініктерін жаңғыртып отыратын сала-тіл ұстарту жұмысы. Тіл дамыту сабағында атқарылатын жұмыстар әр түрлі. Мысалы өлең шумақтарының мазмұнын ашу,мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрау, сөз ұйқасын табу, белгілі бір тақырыпқа шығарма жаздыру.

Тіл ұстарту жұмысын жүйелі жүргізу үшін ең алдымен оқушылардың сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ой -өрісін кеңейтуге көңіл бөлу қажет. Оқушылардың сөздің қоры неғұрлым көп болса, тіл ұстарту жұмысы да жеңіл әрі өнімді жүреді. Оқушылар шығарма, мазмұндама жұмыстарын бастауыш сыныптардан бастап жазады. Кейбір оқушылар суреттеме, мазмұндама, еркін тақырыпқа шығармалар жазады. Осындай жұмыс түрлерін жүргізгенде оқушының сөйлем құруына, сөз қолдану аясына, ойының жүйелілігіне ерекше мән беріп, үнемі талдау жүргізіп отыру керек.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар ғылым негіздерін меңгерумен бірге, алған білім мен іскерлік дағдыларын одан әрі дамытады. Көркем мәтін негізінде мазмұндама, шығарма жазу - оқушыларды көркем әдеби тілді игеруіне әсерін тигізеді.

Тіл ұстарту жұмыстарында бейнефильмді пайдалану да аса тиімді. Шығарма оқушының ішкі жан дүниесін ашады. Оқушыларды өзін-өзі тануға үйретеді. Шәкірттерге тақырып табиғатына қарай тілдің қоғамдық ролін, әр алуан қырларын тануға ұмтылу, мәтіндермен жұмыс жүргізу, тілдегі түрлі құбылыстарды байқату сауаттылық дағдысын қалыптастыруға, тіл мәдениетін бағалауға ықпал етеді.

Мектепте берілетін білім - тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін ескере отырып, оқудағы негізгі салмақ оқушылардың ойлануы мен еңбектенуіне негізделеді. Олай болса бүгінгі күні тек сауатты оқушыларды ғана тәрбиелеу жеткіліксіз. Мектеп қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын, шығармашыл азамат тәрбиелеп, шәкірт жүрегіндегі мөлдіреген тұнық, кіршіксіз сезімге дақ түсірмей, асыл армандарын қанаттандырып, ел сенімін ақтар кезеңге жеткізу, заман тізгінін қолына сеніп тапсыру - біздің басты ұстаздық парызымыз. Жас ұрпаққа сапалы білім беру-қоғам алдындағы басты міндет. Ал қазіргі оқу процесінде ескі әдіс-тәсілдердің жаңа заман талабына жауап бере алмайтыны белгілі. Сондықтан бүгінгі жас ұрпаққа заман талабына сай, сапалы білім беруді жетілдіру-оқу-тәрбие процесіне озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді талап етеді. Ал жан-жақты жетілген, өресі кең, ақыл-парасаты мол, Отанының нағыз азаматын тәрбиелеуде, оларға сапалы білім беруде ұстаздардың ролі ерекше.

Қазіргі кездегі қазақ тілі сабағына қойылатын негізгі талап-қазақ халқының бай тілін оқыту, сабаққа халық педагогикасын қолдану, пәнаралық байланыс жасау және сабақты қызықты, мәнді етіп өткізу.Ол үшін сабақты компьютер және интерактивті тақтаны пайдалана отырып жүргізу. Мұғалімнің алдына қойылар басты мақсаты-оқушылардың білім сапасын арттыру. Олардың пәнге қызығушылығын , ізденімпаздығын, өздігінен ойланып, жұмыс жасай білу қабілеттерін жетілдіруге,өзіндік дамуына, қазақ тіліндегі қиын дыбыстарды мең геруіне, еркін сөйлеп, мәнерлеп оқи білулеріне оқытудың жаңа технологиялары зор мүмкіндік береді,. Сондықтан да сабақты түрлендіріп өткізудің мәні зор. Сабақты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып , оқыта үйрету, әр түрлі ойын элементтерін пайдалану, түрлі жаттығулар жүргізу-оқушылардың іскерлігін, дағдыларын жетілдіріп, айтылым ,тыңдалым, оқылым, жазылым әрекеттерін дамытып,өздеріне деген сенімдерін нығайта түспек.



«Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды өздігінен ойланып жұмыс істеуге, ауызша, жазбаша тілін дамытуға тәрбиелеу»



БАЯНДАМА



Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Касенова А.А.













Семей қаласы









© 2010-2022