Разработка внеклассного мероприятия на тему «Кім боламын» (9 сынып)

Сабақтың мақсаты:       Білімділік:                       Оқушылардың сөздік қорларын мамандық тақырыбына байланысты сөздермен байытып, қазақ тілін коммуникативтңк-танымдық тұрғыдан меңгерту, қазақша тілдік қатынасты еркін игеру. Мамандыққа байланысты терминдерді үйрету.   Дамытушылық:            Ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуді үйрету, шығармашылық ойлауын дамыту, сөз тізбегі арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз ету, үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдануға бейімдеу...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс сабақ. 9-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Кім боламын?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сөздік қорларын мамандық тақырыбына байланысты сөздермен байытып, қазақ тілін коммуникативтңк-танымдық тұрғыдан меңгерту, қазақша тілдік қатынасты еркін игеру. Мамандыққа байланысты терминдерді үйрету.

Дамытушылық: Ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуді үйрету, шығармашылық ойлауын дамыту, сөз тізбегі арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз ету, үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдануға бейімдеу. Өз ойын тұжырымдауға баулу, ой- өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, қоғамға пайдалы істермен шұғылдануға баулу, өз Отанына шексіз қызмет етуге бағыттау, болашаққа дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, мамандықты таңдай білу- өмірдегі ең маңызды, шешуші фактор екндігіне көз жеткізу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірталас,парлингвистикалық білім беру.

Көрнекілік: денсаулық бұрышы, иллюстрациялық түрлі көрнекіліктер, мамандыққа байланысты киімдер, сахналандырылған көрнекіліктер.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

мақсаты

тапсырмалары

барысы

әрекет иесі

Берілген уақыт

1.

«Мұғалім- мектептің жүрегі»

Ұстаз-ұлағатты, ұлы күш иесі екнін таныту.

Ұстаздық қызмет- талмай еңбек етудің нәтижесін көрсететіндігін айқындау.

Сахналандырылған көрініс арқылы мамандықтың маңыздылығын көрсету.

оқушылар

5-7

мин.

2.

«Денсаулық- зор байлық»

Дәрігер- адам өмірін арашалаушы.

Ақ халатты абзал жанның тынымсыз да, жауапты сәттерін ашу.

Дәрігердің дер кезінде көмекке келуі.

оқушылар

5-7 мин.

3.

«Ән -көңілдің ажары»

Сазды да, әсем әуеннің адам жанына әсерлілігі.

Сазды әуенмен сүйемелдеу және биші оқушылардың көмегімен ән орындау.

Шет ел делегациясымне кездесу барысы.

оқушылар

5-7 мин.

4.

«Қазіргі өмір талабы- көптілділік»

Қазіргі жастарымызды үштілділік қағидасымен қаруландыру.

Аудармашы, оның ішінде кәсіби аудармашының шеберлігі неде?

Басқа ұлт өкілдерімен кездесу.

оқушылар

5-7 мин

5.

«Қазақстанның әр азаматы еркін өмір сүруге құқылы»

ҚР-ның әр Ата заңды біліп, құрметтеуге тиіс екндігін ұғыну.

Заңгердің ҚР Ата заңына байланысты әділ, нақты шешімдер қабылдаудағы әрекеті.

ҚР Тіл туралы Заңын атап өту.

оқушылар

5-7

мин

6.

«Адам көркі- шүберек»

Талғамға сай киіну- мәдениеттіліктің белгісі.

Ұлттық үлгідегі киім үлгілерін насихаттау.

Сән үлгілерінің көрсетілімі.

оқушылар

5-7

мин

7.

«Жинақ қоры- ертеңгі күннің сенімді кепілі»

Банк жүйесінің қызмет етудегі тиімділігі.

Халыққа қызмет етудің жоғарғы үлгісін көрсету.

Банк жүйесінің тиімді жақтарын жарнамалау.

оқушылар

5-7

мин


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Кіріспе сөз.

Құрметті оқушылар, сендер биылғы жылы 9-сыныпты аяқтап, кәсіби білім алатын оқу орындарына барасыңдар. Адам өміріндегі ең жауапты кезеңнің бірі-болашақ мамандығыңды дұрыс таңдай білу болып табылады.Өйткені белгілі бір маман иесі болу болашаққа деген іргетастың дұрыс қалануы.Сондықтан бүгінгі пікір алмасу сабағымызды осы тақырып төңірегінде болмақ, яғни «Кім боламын» деген мамандық таңдау сабағы.

Негізгі бөлім.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, -демекші, сөз кезегін қазіргі заманның ұстазына беріледі.

(Мұғалім меноқушылар арасындағы көрініс)

Адам өмірінің арашасы- ақ халатты абзалжандар- дәрігер мамандығына сөз беріледі.

(Дәрігерлер туралы көрініс көрсетіледі.)

«Әнді сүйсең, менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай, жезтаңдай әншілерімізді ортаға шақырамыз.

(Әнші және биші оқушылардың өнерлері тамашаланады.)

«Сегіз қырлы, бір сырлы» ұғымы қазіргі дәуірде қалыптасқан -көптілділік.

(Ортаға аудармашылар шығады.)

Келесі сөз кезегі біздің заманымыздың билері- заңгерлерге беріледі.

(Заң қызметкерлері шығып өнелерін көрсетеді.)

«Алтын қорларыңды жинақ кассаларында сақтау тиімді»-дейді банк қызметкерлері.

(Банк қызметкерлерінің жарнамасы)

«Адам көркі- шүберек» -деп сәнгерлердің сән үлгілерін тамашалайық.

(Ортаға сән үлгілерін көрсетушілер шығады.

Қорытынды.

Ал енді, балалар, бүгінгі мамандық таңдауға байланысты өткізіліп отырған сабағымызды қорытындылай отырып, мыналарды есте ұстауларың керек дейміз. Ол-дұрыс мамандық таңдау. Сондықтан мамандық таңдауда қателеспеген жөн.

© 2010-2022