Ертегілер әлемінде «Үй жануарлардың таласы»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Қатынас»                                                                                                                               Кіші сала:мемлекеттік тіл                                                                                                                         Тақырыбы: Ертегілер әлемінде. «Үй жануарларының таласы»                                                              Мақсаты: Ертегіні тындап, сурет бойынша әңгімелей білуге, кейіпкерлердің сөздерін ... Қызмет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Дәлелдеу -ояту Балаларды сабаққа дайындап, амандасып, отырғызу. Балалармен жылдың қай мезгілі екенің, аптаның қай күні екенің анықтап, балаларды әңгімеге тарту. Балалар  амандасып, өз орындарына отырады. Мұғаліммен сөйлеседі. Ұйымдастыру-іздеу Дыбыстық жаттығу Мұғалім айтып, балалар дұрыс айта ма тексереді.           Іңкәрді тындасақ –Бүгін мен сендерді ертегі тындауға шақырамын. Бұл ертегі тыңдауға... Күтілетін нәтиже:                                                                                                                                         Ұғынады: сурет бойынша әңгімелей білуге,                                                                                                                                                     Түсінеді:  кейіпкерлердің сөздерін жатқа айта білуге үйрету,                                                                                                 ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас» Кіші сала:мемлекеттік тіл Тақырыбы: Ертегілер әлемінде. «Үй жануарларының таласы» Мақсаты: Ертегіні тындап, сурет бойынша әңгімелей білуге, кейіпкерлердің сөздерін жатқа айта білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ тілін оқып-үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу -ояту

Балаларды сабаққа дайындап, амандасып, отырғызу. Балалармен жылдың қай мезгілі екенің, аптаның қай күні екенің анықтап, балаларды әңгімеге тарту.

Балалар амандасып, өз орындарына отырады. Мұғаліммен сөйлеседі.

Ұйымдастыру-іздеу

Дыбыстық жаттығу

Мұғалім айтып, балалар дұрыс айта ма тексереді.



Іңкәрді тындасақ

-Бүгін мен сендерді ертегі тындауға шақырамын. Бұл ертегі тыңдауға шақырамын. Бұл ертегі «Үй жануарларының таласы» деп аталады.

Бір күні сиыр, ат, ит үшеуі таласты. Сиыр айтты: «Қожайынымыз мені жақсы көреді. Етімді жейді, сүтімді ішеді, құрт, май, ірімшік, жасайды, терімді тон қылып киеді. Менің пайдап өте көп». Ат айтады: «Жоқ, қожайынымыз мені жақсы көреді. Менің етімнен қазы, қарта, шұжық жасайды. Сүтім -қымыз, бәйгеге қатысып жүлде әкелемін. Менің пайдам өте көп». Ит айтады: «Жоқ, қожайынымыз мені жақсы көреді. Мен үй күзетемін, қорадағы малға қасқырды жолатпаймын. Жеті қазынаның бірімін. Менің пайдам өте көп». Қожайын бұлардың таласын естіп: «Сендер босқа таластындар, маған бәрін де керексіңдер»-деді.



Балалар қайталайды:

йын-йын-йын-қожайын

қо-қо-қо-қожа

сы-сы-сы-жақсы

ді-ді-ді-көреді

ні-ні-ні-мені

Балалар ертегіні тындайды.











Рефлекстік-түзету

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Балалар сабақта не істегендерді айтады. Олар өздері ұнаған кезеңдері, не естеріне қалғандары туралы әңгіме қозғайды.

Күтілетін нәтиже: Ұғынады: сурет бойынша әңгімелей білуге, Түсінеді: кейіпкерлердің сөздерін жатқа айта білуге үйрету, Қолданады: тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ тілін оқып-үйренуге қызығушылықтарын арттыру.



© 2010-2022