План урока Ыбырай Алтынсарин

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ыбырай Алтынсарин - өмір мен шығармашылығы.

Сыныптан тыс шараның мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, алған білімдерін жинақтау, жүйелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, байқампаздық қасиеті қалыптастыру. Тапқырлыққа, ой еркіндігіне, зерделікке баулу. Тіл байлығын тереңдету, өз ойларын айта білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершіліқ қасиетін қалыптастыру. Білімге қызығушылығын арттыру, еңбек етуге, тұған елін, Отаның сүюге баулу.

Турі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: Ыбырайдың портреті, суреттер, презентация, тірек сызбалар, тест, көрініс, интерактивті тақта.

Шараның барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тыс шараның тақырыбымен, тәртіппен таныстыру.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ыбырай Алтынсарин - өмір мен шығармашылығы». Алтынсаринның өмірімен, шығармашылығымен танысып, алған білімізді тиянықтаймыз, жинақтаймыз. Ыбырай Алтынсарин туралы біз не білеміз? Не білгіміз келеді? Нені білдіқ?

Біз Ыбырай Алтынсаринның өмірбаяның, шығармаларын білеміз, оқулықта берілмеген, өміріндегі маңызды жағдайлар жайында білгеміз келеді.

Ыбырай Алтынсарин қашаң, қайда дүниеге келген? Ол кім? Ол қашан, қайда білім алған? Оның атасы кім, қандай адам болған? Орыс әдебиетімен кім арқылы танысады? Ыбырай сабақ, тәрбие жұмысын жасағанда нені үлгіге алған? Оның қазақ хрестоматиясы қашан шықты? Оның қандай шығырмаларын білесіңдер?

Өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық», «Өзен», «Жаз», «Өнер білім бар жұрттар».

Әңгімелері: «Бір уыс мақта», «Талаптың пайдасы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Түлкі мен ешкі», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Китайская царевна Силинчи», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Сарандық»

«Кел, балалар, оқылық» өлеңі оқылады. (6 сыныптың оқушылары)

Презентация. Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы. Әкесі Алтынсары - орта жүз, қыпшақ тайпасынан, анасы Айман - арғын, шеген бидің қызы. 1844 жылы әкесі кенесары қозғаласында қайтыс болған, сонда бесікте жатқан Ыбырайды Жетібай Өтімесов деген азамат аман алып қалған.

Ыбырай Алтынсариннің «Бұл кім?» деген өлеңді тыңдап, өлең кім туралы анықтаңыз.

(Кударова Айда, Заворина Валентина)

Жазушының қысқа әңгімелерінен «Әке мен бала» мультфильмді тамашалаңыз.

Ыбырай Алтынсарин балалардың жалқау болмауына, еңбекқор болуына ерекше мән берген.

Берілген мақал - мәтелдерді орыс тіліне аударып, түсіндіріңіз

Өмір - үлкен мектеп,

Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

Жалқаудың жауы - жұмыс.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті

Еңбек етсең ерінбей,

тояды қарның тіленбей.

Бақыт кілті-еңбекте.

«Таза бұлақ» әңгіменің көрінісі көрсетіледі. (6 сынып оқушылары)

-міне, біз бүгін Ыбырай атамыздың бірнеше әңгімелерің тыңдадық.

Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді , шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез қүлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұнды, мағыналы, білімін көтеретің , тақырыбын қызықтаратын кітаптарды қазақ тілінде көптеп басып шағару деп біледі. Ол өзі де кітаптар жазып қана қоймай, орыс тілінен де қысқа әңгімелерді аударады.

Ыбырай Алтынсарин кім? кластерді жасау.

Тест сауалдарына жауап беру.

Қорытынды. Бүгін біз ұлы Ы. Алтынсарин шығармашылығына қайта тоқталдық. Ол кісі өзінің ағартушылық, ақын - жазышылық қызметі мен зор талантын, қайрат - жігерін жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге жұмсады. Қазақ жерінде мектептар ашып, оқушыларды озық ғылыммен қаруландыруға бар күшін жұмсады


© 2010-2022