АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЫРҒАҚ ПЕН ӘННІҢ РӨЛІ

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЫРҒАҚ ПЕН ӘННІҢ РӨЛІ

Тапалова Н.

№ 40 білім беретін орта мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Алматы қаласы


Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең менше сүй.

  • деп Абай атамыз жырлап кеткендей ән мен күйдің адам өміріндегі

маңызының жоғары екендігі сөзсіз шындық.

Оқытудың практикалық, білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын кешенді түрде шешу балалардың санасына әсер етумен қатар олардың ішкі жан дүниесіне әсер етудің ең тиімді түрінің бірі-ән, ырғақ санның түкпір-түкпіріне ене алатын күшті психикалық оятушы бола алады.

Белгілі ұстаз Ян Асмос Коменский былай жазған «Кімде-кім ырғақты, әнді түсінбесе, сол адам надандар қатарына кіреді».

Ежелде қазақ халқы көптеген жырларды әнмен жаттаған, ал үнді елінде бастауыш мектептерде әліппе және арифметиканы әлі де әнмен жаттайды. Балалармен бірге ұстаз да көңілді және қызыға айтады

Ырғақ және ән айту мектепте шет тілін оқытуда бағасыз көмек көрсетеді. Ағылшын тілін оқытуда әннің әдістемелік көмегін нақытылап айтайық.

Ән тілдік қарым-қатынастың бір түрі ретінде ішінде жеке сөздер кездесетіндіктен сөз байлығын кеңейту және тыңғылықты тіл меңгеру құралы болып табылады. Әндерде таныс сөздер жаңа мәтінде болғандықтан оны меңгеру белсенділігі артады.

Әндерде жалқы есімдер, географиялық атаулар, сол елдің нақыштары, поэтикалық сөздері кездеседі. Бұл оқушылардың тілдік стилистикалық ерекшелітерін дамытады.

Әндерде грамматикалық құрылымдар меңгеріледі. Кейбір елдерде кең жайылған құрылымдарды үйрету үшін әндер басылымға шығады. Олар заманауи ырғақтармен жазылған және түсініктеме мәтіндері қоса беріледі. Олардың мақсаты мазмұнын жақсы түсінгенін, шет тілінің фонемаларын дұрыс айтуға дағдылануын, ырғақ естуді дамытады, әнді шет тілінде айтуды үйретеді. Музыкалық есту бақылауы дыбыстау құралмен тығыз байланысты екені дәлелденген. Қысқа, нақышы оңай қайталанып келетін әндер, дыбыстарды дұрыс айтуға, фразалық екпін ережесін, ритм ерекшелігін, сөйтіп құрылымын түсінуге көмектеседі.

Әндер оқушыларға эстетикалық тәрбие беріледі, ұжымды біріктіруге, әр баланың шығармашылық өнерін ашуға ықпал етеді. Ән арқылы сыныпта жақсы психологиялық жағдай туындайды. Тіл іс-әрекеті белсенді болады, көңіл-күйлері көтеріледі, шет тілін оқуға қызығушылығы артады.

Ән және басқа музыкалық шығармалар монологтық және диалогтық сөйлеуге, оқушылардың тілдік ойлау қабілеттерінің негізін қалап, аяқ асты сөйлеуді дамытады.

Шет тілі сабақтарында әндер мынадай жағдайда қолданылады:

  1. Сабақтың бастапқы бөлігінде дыбыстық жаттығу ретінде;ъ

  2. Лексикалық және грамматикалық материалдарды бекіту үшін;

  3. Тілдік дағдыларды және білімдерді дамытуға ықпал етеді.

  4. Сабақ ортасында немесе соңында релакция есебінде балалар шаршағанда сергіту, жаттығу ретінде;

  5. Жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қолданылады.

Бастауыш сыныптарда шет тілі сабақтарында әр тақырыптарға байланысты мына әндерді айтуға болады: « What's the weather like?»

What's the weather like?2, Is it sunny?3, Is it cloudy?3, Is it rainy?3, Is it windy?3

Әнді тыңдаған соң, тақтаға суретін салып немесе қол қимылы арқылы түсіндіру, сөздің дұрыс айтылуы, сұраулы сөйлемнің интонациясына сөздік қорды молайту және мұғалімнің сол күнгі ауа-райын балалардан сұрауына және жауап бергеніне байланысты сабақ бекітіледі. Сол сияқты:

  1. Сандар тақырыбына «Numbers».

  2. Танысу тақырыбына «What's your name?».

  3. Отбасы тақырыбына «Where is the mother?».

  4. Киім- кешек тақырыбына «I'm going out to play».

  5. Ойыншықтар тақырыбына «My blue scooter».

  6. Дене мүшелері тақырыбына «Look at my big ears», «Alouette».

  7. Жануарлар тақырыбына «Jungle song».

  8. Тамақ тақырыбына «I like pizza».

  9. Менің үйім тақырыбына «Rooms song».

  10. Мейрамдар тақырыбына «Father Christmas», «Five funny pumkins», «Eggs song», «Happy birthday».

Осы материалдар, яғни әндер бойынша лексикалық байыту, бекіту және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға болады. Әндерді лексика-грамматикалық материалдарды бекіту үшін қолданған болсаңыз бұл жұмыс бірнеше сабаққа созылады және бірнеше бөлікке бөлініп жүргізіледі. Мысалы: модальдық етістік «can» және дене мүшелерін білдіретін сөздерді бекіту мақсатында: «My eyes can see» әнін алуға болады.

Бұл ән 3-ші немесе 4-ші тоқсанда барлық сөздер белгілі болған кезде қайталау ретінде қолданылады. Мұғалім бірінші шумақты айтып, дене мүшелерін көрсету қимылдарын жасайды. Ал келесі сабақта мұғалім осы шумақты қайталап, әне сәйкес қимыл-әрекеттер жасап, оны оқушылар қайталап, дене мүшелерін көрсете отырып істейді. Мұғалім мәтінді айтады, оқушылар қайталайды.

Бастауыш сынып оқушыларына «Everybody stand up»3 (march now, dance now, tip-toe, sit down)3 әнін сергіту сәтінде қолдануға болады.

Әңгімеге және пікірталасқа ынталандыру ретінде заманауи жастар арасында көп қолданылатын әндерді алуға болады. Бұл әндер мазмұны жағынан қызық болуы шарт, өйткені оларды талдауға, әннің мазмұны мен айтылуы жөнінде өз ойларын анық айтуға итермелеуі керек. Саяси әндер, халықаралық жағдайлар туралы, қоғамдағы әлеуметтік түйіткілдер лирикалық әндер мен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы әңгіме шақырады.

Шет тілін тереңдетіп оқытылатын сыныптарда тілдік материалды қосымша меңгертіп және белсенділігін арттыруға әр түрлі жанрдағы түрлі музыкалық шығармалардың үзінділерін ауызша немесе жазбаша таңдаулар, тақырып бола алады. Дұрыс таңдап алынған музыкалық шығарма оқушыларды монологтық және диалогтық мәтіндерді дұрыс қабылдауына және қайталап айтуға қызықтырып, оның тақырыбын ашып, ойналатын сахналық қойылымның жанрын айтуға дайындайды. Мысалы: «Мына музыкалық шығармадағы үзіндіні тыңдап оның негізгі тақырыбын шет тілінде айтып, өздеріңде қандай көңіл-күй туғанын айтыңдар»- деп тапсырма беруге болады. «Жыл мезгілдері», «Адамдардың сырт бейнесі мен мінездері», «Спорт», «Театр» сияқты оқулықтағы тақырыптар мен мәтіндерге ұқсас музыкалық шығармалар ауызекі тілді дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Қазіргі кезде кинофрагменттер мен СD-дискілерде, диафильмдерде музыкалық фондар бар, үйретіліп жатқан елдің әндері бар. Осы материалдар оқушылардың дайындалған және және дайындалмаған тілдерін дамыту құралы болып табылады және олардың сол ел туралы танымдық білімдеріне және мәдениетіне үйретеді.



© 2010-2022