Урок по казахскому языку на тему Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку на тему Жасай бер,қазақ тілі,ана тілім!Сабақтың тақырыбы: Жасай бер,қазақ тілі,ана тілім!

Сабақтың мақсаты: Үш тілді меңгерту.

Шығармашылық қабілетін дамыту.

Ұлттың тілін, әдебиетін,мәдениетін құрметтей білетін дара тұлға дайындай отырып «Тіл білгірін» анықтау.Қазақ тілін,мәдениетін,салт-дәстүрін құрметтеуге шақыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:Мемлекеттік әнұран

Әйнегі күн,шатыры аспан,

Кең дала, Төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістей шашқан,

Қазақстан Республикам менің!-деп

бүгінгі сайыс сабағымды бастағым келіп отыр.Құрметті ұстаздар, оқушылар біздің сыныптан тыс сабағымызға қош келіпсіздер!.Президентіміз «ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал деп айтқан.

Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заң қабылдады.

1989ж Тіл туралы Заң қабылданды.

1993ж Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.

1993 ж Қазақстан үкіметі жанынан Тіл Комитеті құрылды.

1997 ж 11 шілдеде Тіл туралы заң толықтырылып қайта шықты .

1998ж Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Мемлекеттік бағдарлама жасалды.

Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады.

1.Тіл туралы не білеміз?

2.Үй тапсырмасы.

3.Кім жылдам?

4.Жалғасын тап.

5.Сұрақ-жауап

6.Тақырып таңда

Қазақ тілі-қр мемлекеттік тілі қазақ халқының ана тілі.

1.Ал балалар тіл туралы не білеміз ?Мәлімет жинап келу керек болатын, сол бойынша сөйлейміз.

2.Екінші кезең: Үй тапсырмасы бұл жерде Тіл туралы өлең жаттап келу болатын

Тілім үшін мың өліп,тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып.

Тілді қорғау-парызым бүгін менің,-деп кезекті

3.Кім жылдам? Логикалық сұрақтарға жауап береміз.

1.Қанаттың Арманнан бойы ұзын,бірақ Айгерімнен кіші.Сонда кім ұзын?

2.Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар.Бірінші не жағасын?

3. Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?

4. Есікті ашу үшін не қажет?

5. Әліпбидің ең соңғы әрпі.

6.12 айдың ішіндегі қай ай ұзақ?

7. Үстел үстінде үш кесе тұр.Бауыржан бір кесе шиені жеп қойды. Неше кесе қалды?

8.Қатты жүріп келе жатқан жүк көлігін кім тоқтата алады?

9. Жеген сайын жылататын не?

10. Суды елекпен тасуға болады ма?

11. Саябақта әкесі,екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Саябақта неше адам жүр?

Бөлмеде бес шам жанып түр,екеуін сөндірсе нешеуі қалады?

Қазақ тілің-Атаң,Анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді қатар оған- деп келесі кезең

Жалғасын тап Мақалды аяқтаңдар. Үш тілде беріледі,

1.Адам басшысы-........(ақыл,ум,IhteIIeqence)

2.Человек без Родины,Что соловей без.......(леса,орман,forest)

3.Eastor west……. Is best ( home,дом,үй)

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте -деп келесі кезеңіміз

Сұрақ- жауап

1.Басқа тілден енген сөздер (кірме сөздер)

2. В человеке одно,

А у вороны двое.

В лесе не встретиься,

А в огороде трое. (буква о)

3. «Алиса ғажайыптар елінде» ертегісінің авторы кім?Льюс Кэрролл

Қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілінен сұрақтар.

Тіл-жұрттың жаны деп соңғы кезең:Тақырып таңда

Беташар

Тұсау кесер

Шілдехана

Осы қазақтың салт-дәстүрі бойынша сөйлейміз.Әрбір ұғымға толық түсінік беріп өтеміз.

Халықтың мәңгі ғұмыры -оның тілінде.Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы деп бүгінгі сабағымызды Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» атты өлеңімен аяқтағым келіп отыр.

Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін мың алғыс.



Маман пікірі:

Мұғалім сайыс сабағында өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілімізді, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттауда көп еңбек ете білген. Сонымен қатар тіліміздің үш тұғырлығына яғни, мемлекеттік тілмен қатар орыс,ағылшын тілдерін меңгеруге де көңіл бөлген.


Төлеби ауданы М.Х.Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Қазақ тілі мұғалімі:Шеримбетова Махаббат Амангелдықызы

Сыныбы.: 8 «В»







М.Х.Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектеп











Қазақ тілі мұғалімі:Шеримбетова Махаббат Амангелдықызы

Сыныбы.: 8 «В»


© 2010-2022