Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» үзіндісіндегі бала Тұрар бейнесі

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен өткізілген сабақ үлгісі


Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» үзіндісіндегі бала Тұрар бейнесі

Сабақтың мақсаты: 1. Бала Тұрар бейнесін жан-жақты талдау арқылы білімін кеңейту;
2.Әңгіме тақырыбы мен идеясына талдау жасау арқылы біліміді игерту; кейіпкер бейнесін талдау ;
3. Өз ойын еркін жеткізе білетін, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға тәрбиелеу ,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

Оқып-үйренудің негізгі нәтижесі: 1\ Бала Тұрар бейнесін талдау арқылы жаңа білімді игереді; кеңінен мәлімет алады.
2/Тақырыбы мен идеясына талдау арқылы игереді,кейіпкер бойындағы жақсы қасиеттерді талдау арқылы зерек,білімге құштар болуға дағдыланады.
3\Өз ойын еркін жеткізуге,шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.


Түйінді идеясы: Бала Тұрар бейнесіне талдау арқылы көркем шығармадағы кейіпкер мен тарихи тұлға Т.Рысқұлов туралы жан-жақты білімді меңгерту; Оқушы бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, деңгейлік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыруға, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету

Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары: эссе,әңгіме кестесі /топтық,жеке жұмыстар/

Ресурстар: оқулық, Тұрар Рысқұлов бейнебаян

Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. Шаттық шеңберінде оқушыларды сабаққа бағыттау.

Үй жұмысы: Үзіндіні оқу. Әке, бала, тәрбие туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер тауып әкелу. Бұларды сабақ барысында пайдалану.

Мағынаны тану.

Сабақтың эпиграфі: «Жақсы бала жеткізеді мұратқа»

Ой толғаныс. Осы шығармадағы әке мен балаларды атаңдаршы, неше отбасы бар екен? Рысқұл әкесі, баласы Тұрар. Приходко мырза әкесі, балалары Аркадий мен Наташа.

Сұрақтар бойынша Екі топқа екі сұрақтан беріледі.

Үзінде неге «Тұтқын бала» деп аталады?

Бала неге түрмеде, қандай себеп?

Рысқұлдың түрмеге отыру себебі?

Тұрар түрмеде үнемі әкесінің қасында болды ма?

Тұрар туралы бейнебаян көру.

Бала Тұрардың өсу жолдарын постерге жазу. (топтық жұмыс).Ары қарай жұмысымыз Тұрардың өсу жолы бойынша жалғасын табады.

ОЙЫН БАЛАСЫ
ПӘУЕСКЕ ЖҮРГІЗУШІ
ЖҰМЫСКЕР
ОҚУШЫ
ТІЛМАШ.

Болжау стратегиясы бойынша

Тұрар ойын баласы бөлігін ойдан құрастырыңдар. Әр топ өз пікірлерін білдіреді.

Пәуеске жүргізуші.

Ортақ сұрақ. (топта ақылдасып, жауап беру)

Пәуеске деген не?

Тұрар қалай пәуеске жүргізушісі болды?

І топ

1) Рысқұл баласын күтіп неге мазасызданды?

2) Тұрардың пәуеске жүргізушілік қызметі көрінетін диалогті тауып оқиды.

ІІ топ

1)Тұрардың пәуеске жүргізуші қызметінде жүргендегі «Құдай үйінің» тұсынан өткендегі ойын тауып оқиды.

2) Тұрардың гимназия алдында тұрған кездегі арманы не туралы?

Жұмыскер

Тұрардың пәуеске жүргізушіліктен басқа қандай жұмыс атқарды?

Әр топ постерге тек тірек сөздерді жазады. Жазған постерді топ бір бірімен ауыстырады, тірек сөздер арқылы қысқа мәтін құрастырады.

1906 жыл.

Рысқұлдың кететін түні камерадағы баласына айтқаны (І топ үзіндіні оқиды)

Тұрар мен әкесінің айырылысу (ІІ топүзіндіні оқиды).

Оқушы.

Тұрардың оқушы болуына кімдердің септігі тиді? Қырғызбай мен Салиха деген кімдер? Қырғызбай неге тұрарды өз атына жаздырып мектепке жаздырды?

І топ. Тұрардың мектепте дәптеріне жазған сөздер, ол сөздерді мұғаліміне қалай түсіндірді?

ІІ топ. Тұрар тақтаға шыққанда жырқылдап күлген бала кім?
. Атамырза Тұрарға не үшін күлді?
«Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды» деген Ломоносовтың сөзін кім айтты?

Тілмаш

Жалпы сұрақ: Тұрар бұл қызметке қалай келді? Тілмаш не істейді?

І топқа: Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде Тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін директордан кешірім сұрады?
Директор сол кезде не істеді?

.ІІ топқа. «Диірменде туған тышқанның баласы диірменнің дүрсілінен қорықпайды». Кімнің сөзі?
.«Сен жаралы арыстанның баласысың, бауырым, Қызыл Жебе!»деген сөзді кім айтты?

Кітаптан ұстазының Тұрарға берген батасын дауыстап оқимын.

Ой толғаныс: Шығарманы оқып талдау барысында Тұрар бойынан қандай қырларды көре алдыңдар осы төңіректе ой бөлісейік. Тұрарға мінездеме беру барысында өздері тауып әкелген мақал-мәтелдермен тұжырымдау.
1. Тұрар - сезімтал.
2. Тұрар - еңбекқор.
3. Тұрар - ұғымтал, білімге құштар, арманшыл.
4. Тұрар - намысшыл т. б.



Сәйкестендіру тесті


Кейіпкерлер Шығармадан үзінді
Рысқұл: О не дегенің байғұс - ау, алжиын дегенсің бе? Тұрарды қайтесің? Ол бала емес пе екен?
Надзиратель:. Оян, Тұрар!
Бронников: - Сен енді маған әрі тілмаш, әрі писарь боласың.
Қырғызбай: - Әй, бандиттің баласы! Осы көрген күніңді көпсініп жүрсіңбе, ей?!
Салиха:- Турарка, сен де шоқына сал, пайдасы болмаса, зияны жоқ
Приходько: -- Баланы қорлаушы болма, хайуан!
Наташа:- Сабақтан қайтар уақытта кешігуші болма!
Аркадий: - Бізде оқуға беретін бала жоқ, қарағым.
Иван Владимирович: - Жайырақ, құдай үшін, жайырақ!
Атамырза: - Жай, әншейін, ананың шынтағына қараңызшы,- деп Тұрарға қолын шошайтты
Тұрар: «Әттең, Аркашаның орнында мен оқыр ма едім, кітаптан бас алмас едім»-
Семашко: Сен тышқанның баласы емес жаралы арыстанның баласысың. Сен - Қызыл Жебесің, бауырым!

Бағалау. Спикерлердің жұмысы.

Үйге: эссе «Жақсы бала жеткізеді мұратқа»

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының

аты

Ойын баласы

Пәуеске жүргізуші

Жұмысшы

Оқушы

Тілмаш

Спикер бағасы

Мұғалім бағасы















© 2010-2022