Қазақ тілінен сабақ жоспары. Тақырып: Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есімСабақтың мақсаты:1.Білімділік: Сын есім туралы білімдерін кеңейту2.Дамытушылық:алған білімді есте сақтауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту,дәлелді сөйлеуге дағдыландыру.3.Тәрбиелік:Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға,сыйлауға баулу.Шапшандыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,талдау,ойлау,дәлелдеу.
Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 6 сынып


Күні: 9 айы:12 жылы: 2013

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сын есім туралы білімдерін кеңейту

2.Дамытушылық:алған білімді есте сақтауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту,дәлелді сөйлеуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік:Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға,сыйлауға баулу.Шапшандыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,талдау,ойлау,дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: ӨЖ -өзара жаттығу карточкалары, деңгейлік тапсырмалар интербелсенді тақта,флипчарт.

Психологиялық дайындық.

-Балалар,қазыр қандай сабақ?

-Қазақ тілі-атаң,анаң,

Қуат алар Отан одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмиді қатар оған.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын сұрау:

Кіріспе сөз:

-Балалар, бүгінгі сабақта өткен тараулар бойынша теориялық білімдерімізді тексеру мақсатында ыстық орындыққа қай оқушымыз отыратын еді?

III.Сабақта қолданатын тәсіл «Ыстық орындық» -Бегжан Серікгүл.

А.1.Мәтін дегеніміз не?

Қ.2.Әдеби тіл дегеніміз не?

Х.3.Сөз қандай бөлшектерден тұрады,өзіне тән белгілері қандай?

А.4.Түбір дегеніміз не, мысал келтір?

Қ.5.Қосымшаның неше түрі бар?

Х.6.Жұрнақ неше түрге бөлінеді?

А.7.Сөз тудырушы жұрнақ дегеніміз не, мысал келтір?

Қ.8.Күрделі сөздер нешеге бөлінеді, ата?

А.9.Біріккен сөз дегеніміз не?

Қ.10.Қос сөз дегеніміз не, мысал келтір?

IY. Тіл дамыту әрекетін белсендіру мақсатында оқушылардың тілін дамыту үшін әр сабақта дәстүрге айналған «Менің айтқым келгені» тәсіліне қай оқушымыз дайындалып келді?

Тақырып:«Айналдым ана деген үш әріптен» Мағзұм Қайрат.

Y.ӨЖ- өзара жаттығу карточкасымен жұмыс.

ӨЖ-1

1

Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Қазақ тілінде 9 сөз табы бар

2

Қазақ тіліндегі 9 сөз табын атап бер?

Зат есім, сын есім, сан есім,есімдік, етістік,үстеу,еліктеу сөздер, шылау,одағай

3

Зат есім дегеніміз не,анықтамасын айтып,мысал келтір?

Заттың атын білдіріп, кім?, не? Деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады? Мысалы: ана, ауыл, ағаш, дәптер .

ӨЖ-2

1

Зат есімдер неше түрге бөлінеді?

Зат есімдер негізгі, туынды және күрделі болып үш түрге бөлінеді.

2

Деректі зат есімдер дегеніміз не, мысал келтір?

Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Мысалы: мектеп,қағаз,ағаш,қалам.

3

Дерексіз зат есімдер дегеніміз не, мысал келтір?

Көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға болмайтын ұғым атауларын дерексіз зат есімдер деп атаймыз. Мысалы: ақыл, адамгершілік,сезңм, парасат.

YI.-Балалар,енді зейінімізді жаңа сабаққа аудармас бұрын,интербелсенді тақтаға қарайық.

ФЛИПЧАРТ. Суретті сипаттау. ( Суретте нендей суреттерді байқап отырсыңдар?) Осы суреттерді сендер қалай сипаттар едіңдер?

Дұрыс балалар. Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай? СЫН ЕСІМ

-Ал енді балалар өздерің осы тақырыпқа қандай мақсат қояр едіңдер?

Балалар: -сын есім туралы білуге, оның мағыналық түрлерін меңгеруге үйрену.Оған қойылатын сұрағын білу.

ФЛИПЧАРТ. Сын есімді маңызды белгілеріне қарай орналастыр:

5.Сергіту сәті:

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.

6.Дәптермен жұмыс 128-жаттығу. Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.

7. Сын есімге қатысты кестені толтыру.

8. ФЛИПЧАРТ. Антонимдік қатарларды белгіле.

9. ФЛИПЧАРТ. Суретті сипаттап жазу. (Дәптерлерімен алмасады)

10.Терме диктант. (Дәптерлерімен алмасады)

Терме диктант

Күн шайдай ашық, жылы еді.Хамит орман ішіндегі ескілеу жолмен жүріп келеді. Астындағы мінген аты асау еді.Арман қолындағы жуан ағашын сүйрей жөнелді. Олар ұзын жолмен үйлеріне бет алды. Ауылдан барған Айдос биік үйлерге таңырқай қарады. Ол досының сараңдығын бірден байқады. Тұшты айранды бірақ ұрттады.

11.Деңгейлік тапсырмалар.

Сын есім

І- деңгей

1/ Сын есімдерге сұрақ қой

Ащы, биік, балапан, ту, таяз, қызық, ақ, әдепті,ұзын, құстар, жақсы

2/ сын есімді тауып жаз:

....... қант ......бала

.........көше ..... алма

.......аспан ........ат

ІІ- деңгей

1/ Қарсы мағынадағы сын есімді жаз:

Биік-

Жас-

Ащы-

Үлкен-

Ыстық-

ІІІ-деңгей

1.«қысқа» деген сөз қандай сын есімге жатады.

а/ негізгі в/ туынды

2/ Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, олардың астын сыз:

Асқар тау тұр мұнартып,

Ақша бұлттан жүр артып,

Найза шыңдар аспанға, қол созады құмартып.

YIII.Қорытынды. Рефлексия. Үй жұмысы.

© 2010-2022