Доклад на тему Оқу үрдісінде қолданатын жаңа технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу үрдісінде қолданатын жаңа технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Тәуелсіз еліміздің болашақ ертеңі жас буынға мектеп қабырғасында сапалы, ылайықты білім беру, бүгінгі мектеп алдында қойылған ең басты міндет болып табылады. Ауыл мектебінің жастарға білім беру мәселелерін шешуде алатын орны ерекше.

Н.Ә. Назарбаев 2030 жылдарына арналған аса маңызды стратегиялық жолдарына ауыл мектебінің статусын көтеру жайында алға қойылатын басты бағыттардың бірі деп айқын көрсетіліп, еліміздің дамуының приоритеті бағыттары анықталған. Жаңа ғасырға экономикалық және әлеуметтік енудің жетеулеуші факторы ретінде «адамның өзі, олардың күш-қуаты, білімдері» болып табылады.

Осы приориттерді, білім саясатын жүзеге асыратын мектеп. Жаңа формациядағы педагог ұғымы, біз үшін бұрынғыдай декларативті ұғым емес. Педагог құзырлығы және тұлғаға бағытталған білім беру негізінде құрылады және оқыту мен тәртібінің педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын міндетті түрде білуін қажет етеді. Оқу тәрбие үрдісінің дамытушылық ұстанымдарды іске асыру мақсатында білім саласын жаңа сапалық деңгейге көтеру. Күрделі инновациялық өзгерістерге бағыт алып интелектуалдық резервтерде даярлауға мүмкіндік беру.

Өмір талабы өскен сайын білім беру жүйесінің қайта құрылатындығына және осыған орай оқытудың мазмұны да өзгеретіні табиғи заңдылық. Оқушылардың жүрегіне жол тауып, өз пәніне қызықтыру, зейін мен ықпалын алдында қойған мақсатына қарай бір арнаға бағыттау мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты құбылыс. Ол біртіндеп қалыптасып, тереңнен ойластырылған, қажеттілікке қарай құбылта қолданатын әдіс-тәсілдер жүйесімен орындалатын оқу әрекетін ұйымдастыру арқылы іске асады. Оның нәтижелі үрдіске айналуы мұғалімнің үздіксіз ізденісі мен шығармашылық әрекеті, өз еңбегіне деген сүйіспеншілігіне байланысты екені белгілі.

Сондықтан мұғалімнің кәсіби жетіліп, акмеологиялық деңгейге шығуы, жаңашыл, бастамшыл, белсенді, өз әрекетіне талдау жасай отырып, болашақты болжай алатын, эрудициясы терең, жоғары құзыретті тұлға болуы-бүгінгі білімдендіру үдерісіндей ең маңызды талаптардың бірі.

Кәсіби өсу туралы сөз қозғағанда ғалымдар: кәсіби әрекет, кәсіби мәдениет, кәсіби құзыреттілік, педагогтік шеберлік, акмеологиялық және креативтік деңгей деген ұғымдарға көп мән береді. Жекелей алсаң, кәсіби әрекет- адами ресурстар мен функционалдық мүмкіндіктердің іске асу үдерісі. Әрбір нақты кәсіби әрекеттің түрі белгілі бір нормативті тұрақталған тәсілдер арқылы жүзеге асады, кәсіби өсу үдерісінде олар нақты бір адамның әрекетіндегі жеке, өзіне ғана тән тәсілдерге айналады.

Кәсіби мәдениет- алуан түрлі кәсіби әрекеттегі тұлғаның өзін жүзеге асырудағы шығармашылық шегі мен тәсілдері. (Д.В.Чернилевский)

Ал кәсіби құзіреттілік-тәжірибелік әрекетті орындаудағы қабілеттер түріндегі маманның кіріктірілген тұлғалық сапалары, ол тәжірибе, құзіреттілік білімі мен психологиялық, дайындықты қамтиды деген тұжырымдар бар. (М.В. Ретивых, Д.В. Симоненко т.б)

Сонымен, кәсіби құзыреттілік - ақпаратты өздігінен таба алатын, оны саралап, тиімді пайдаланатын, тез құбылмалы әлемде рационалды және табысты еңбектеніп, өмір сүре алатын маманның кіріктірілген сапалары. Бұлардың қалыптасып, дамуы әр адамның тұлғалық қасиеттері мен қабілеттеріне, ынта-пейіліне тәуелді екені даусыз. Мұғалімнің кәсіби даму жолы да, талабы мен талантына, төзімділігі мен табандылығына, интелектуалды мүмкіндігі мен шығармашылығына байланысты көзге түсетін ерекшелік. «Мәдениет иесі деп танылатын тұлғаның діңгегі оның руханилығы болып есептеледі. Рухани даму негізінде адамдарға қызмет ету, жақсылық жасау, өзін-өзі тұрақты жетілдіріп отыру арқылы объектіден субъектіге айналуға деген қажеттілік жатыр. Сондықтан жоғары мәдениетті мұғалінің ерекше сапасы оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігінде жатыр. Оған қолы жеткен педагог өз оқушыларының шығармашылықпен өзін-өзі дамыту стратегиясын болжай, түзете алады».

Инновациялық технологияларды меңгеріп, оны оқушының білік - құзыреттілігіне айналдыру оңай дүние емес. Себебі оқушы сабақ үстінде белгіленген білім көлемін меңгеруі:

-бірінші міндет, оны қандай тәсілдермен сапалы және терең тану деген мұғалімнің үйреткен технологиясын қолдана алуы;

-екінші міндет, яғни оқушы екі бағытта жұмыс істеуі керек.

Технология-оқу -тәжірибе үдерісінің мазмұндық тұрғыда жүзеге асырылу техникасы. Оқытушының міндеті білімдендірудің мақсаттарын басшылыққа ала отырып, оқылатын пәннің ерекшелігін ескере келе білімдендірудің мақсаттарын басшылыққа ала отырып, оқылатын пәннің ерекшелігіе ескере келе білімдендірудің қажетті ехнологиясын таңдау, онымен оқушыны қаруландыру. Технология -амал-әдістердің жиыны, іс-қимыл, қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі, өнері.

Бүгінгі замандағы педагогикалық технология бақталастың, нарықтық заңдылықтар деңгейінде ұйымдасады. Олай болса, нәтижеге тезірек жетудің, аз уақыт ішінде ауқымды, баянды ұтысқа қол жеткізу көзделеді. Қол жеткен табыстардың негізгі үрдісіндегі әдіснамалық жүйені басқа субъектілерге қолдана білу шеберлігі. Оқу, меңгеру басқарушы субъекті мен қабылдаушы субъектінің білімі мен ғылыми негіздерінің методологиялық шеберлігінің үздіксіз ширауына тікелей бағынышты. Демек, технология сапалы білімнің кепілі, себебі ол әрекетті бірізділік пен жүйелілік тұрғыда нақты мақсат-міндеттерге бағыттайтын, болжанған өнімге қол жеткізетін күрделі дидактикалық үдеріс. Оның негізінде қызығушылық тудыратын мотивациялық жатады.

И.Гербарт оқушының оқу еңбегіне деген қызығушылығын -өзіндік сипаты бар психологиялық процесс деп қарап, оның қалыптасуы мен дамуында белгілі бір логика барын болжайды. Ол «қызығушылығық сатыларын» анықтап алуға тырысу оны:

  • Зейін

  • Күту

  • Іздеу

  • Іс-қимыл деп жіктейді.

Қызығушылық соншалық пәрменді тірек болатындай мотивация емес, себебі қанағаттану әсері тез өтетін құбылыс. Бірақ оны мотивациялық-проблемалық жағдаяттар немесе оқу-танымдық проблемалық міндеттер қою арқылы практикалық әрекетке енгізумен байланыстарын қолданудың ықпалы зор. Мұны мұғалімнің саналы түсініп тәжірибесінде қолдана алуы оқушылардың танымдық белсенділік үнемі жандандырып отыруына негіз болады. Сондықтан қызығушылықтан басталған білім меңгеру үрдісі үздіксіз, үнемі жаңаны білуге, ғылыми ізденіске, рухани өсуге жол ашады. Абай айтқан: «Ғылыми-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таптайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты-адам».

Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды, сезінеді. Оқушының қабілеті, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Оқытушы да, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оқушыға деңгейлік тапсырмалар беру дегеніміз-балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне, мүмкіндігіне сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындаған жұмыстар беру арқылы дамыту.

Ағылшын тілі пәнінен сабақ беру барысында орыс, қазақ тілді оқушымен қарым-қатынас жасай білуге жетелеу мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Мұндай міндеттерді шешудің жолдарын ойластырып, сабағында оны тиімді қолдана білу үшін оқушының көп ізденері айғақ. Осындай мақсатты шешудің жолында оқытушы көбіне ойындарға жүгінгені абзал. Себебі мұндай ойындар оқушының ой-өрісін дамытып, сабақты жандандырып, тіл үйренушінің пәнге дейін қызығушылығын арттыра түседі. Лексикалық, тілдік, фонетикалық сұрақтарға жауап беріп, өзі тапсырма құра білу. Сөйлемдерге фонетикалық, грамматикалық талдау жасайды. Өзіне керектіні іздеп, тауып оқиды. Ағылшын тілін, оқытудың басты мақсаты да оқушының тілін дамытып, қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру. Сол себепті ағылшын тілі сабағында ойын жай ғана ойын ретінде емес, тілде оқытудың меңгертудің құралы ретінде қолданылуы керек.

Сабақта түрлі «түсіп қалған әріпті тап», «кім көп сөз біледі», «жалғасын тап», «шашыраңқы сөздерден сөйлем құра» т.б сияқты ойындармен викториналық сұрақтар, тест тапсырмаларды қолданып тұру. Мұндай ойындар оқушыларды қатты қызықтырады. Бұл оқушы тілін дамытуда аса маңызды әдіс. Соңғы кезде сабағымда пайдаланып жүрген жаңа әдістердің бірі -оқушыларға деңгейлік әдіспен тапсырма беру. Бұл әдісті белгілі бір тақырыпты біткен кезде немесе бақылау жұмысын жүгізгенде және қайталау сабағын өткізгенде өте ұтымды.

Деңейлік әдістің ең маңыздылығы - әр оқушыны өз шамасына лайықты тапсырманы орындай отырып өзінің нені білмейтінін сезеді, білмегенін біліп келуге тырысады. Әр түрлі қызықты деңгейлік тапсырмалар өз ойларын толық, дұрыс еткізуге дағдыланды. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады. I және II деңгейде орындаған оқушы «үштік» баға алатынын біледі.

I, II, III деңгейде дұрыс орындаса «5», II- III деңгейде орындаса сапасына қарай бағаланады. Әр деңгей тапсырмасы сатылы түрде ауырлай береді.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың еңбек дағдысы қалыптастырылып, әр түрлі жұмыс түрлері ұйымдастырылып. Тыңдау, оқу, жазу, тілдесу жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың танымын жетілдіріп, сөйлеу тілі артады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, дұрыс сөйлеуге үйренеді.









Қ.Камзин атындағы орта мектеп













Оқу үрдісінде қолданатын жаңа технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту.




Педагогикалық кеңес

Ағылшын тілі мұғалімі:

Жумабекова М.К.












2015 ж

© 2010-2022