Уш танбалы сандарга жазбаша болу тасилдери

"Описание материала: Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері білімділік : Оқушыларды үш таңбалы сандарға бөлудің жаңа түрімен және оны шығару амалдарымен таныстыру, әртүрлі есептерді шығару абілетін жетілдіру; дамытушылық: бөлу мен көбейтудің жазбаша бөлу тәсілдерін меңгеру деңгейін, қалып қою және уып жету қозғалысына берілген есептерді шығару дағдыларын тексеру; тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,жүйелілік пен тәрбиелікке, бірізділікке баулу; Сабақтың түрі: танымдық- дамытушылық "Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, тренинг,тест "Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ,электронды оқулық, слайдтар, Астананың сәулет нышандарының макеті "Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық тренинг Мақсатымыз - білім алу Міндетіміз – еңбектену 5-ке қолды жеткізу Үй тапсырмасын сұрау №7 тапсырма Теңдеуді шешу Жаңа сабақ . "Балалар біз бүгін бас қаламыз- Астананың сәулет құрылыс кешендерімен танысатын боламыз. Ол үшін тақырыпқа сай берілген тапсырмаларды орындаймыз. №1 тапсырма. Есептемей салыстыр. Балалар берілген өрнектерді ауызша тез әрі жылдам ойланып салыстырамыз. 4219*26 26*4219 60*523 670*523 4200/70 4200*2 5480/2 5480/20 3700*540 540*3600 2800*38 28*21800 Жақсы балалар.Біз алғашқы тапсырманы орындадық. Уәде еткеніміздей Астанадағы сәулет өнерінің үлгілерімен таныс боламыз. Қазақ елі монументі. Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна­лас­қан орталық тұғырнамасы 1 гек­тар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды. Жаңа университ... Қазақстан Республикасының білім мен ғылым
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда қаласы №101 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Туысбаева Ж

Пәні : Математика

Тақырыбы: Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері

Сыныбы : 4 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері Сабақтың мақсаты : білімділік : Оқушыларды үш таңбалы сандарға бөлудің жаңа түрімен және оны шығару амалдарымен таныстыру, әртүрлі есептерді шығару абілетін жетілдіру; дамытушылық: бөлу мен көбейтудің жазбаша бөлу тәсілдерін меңгеру деңгейін, қалып қою және уып жету қозғалысына берілген есептерді шығару дағдыларын тексеру; тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,жүйелілік пен тәрбиелікке, бірізділікке баулу;

Сабақтың түрі: танымдық- дамытушылық

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, тренинг,тест

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ,электронды оқулық, слайдтар, Астананың сәулет нышандарының макеті

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық тренинг Мақсатымыз - білім алу Міндетіміз - еңбектену 5-ке қолды жеткізу

Үй тапсырмасын сұрау

№7 тапсырма Теңдеуді шешу

Жаңа сабақ

. Балалар біз бүгін бас қаламыз- Астананың сәулет құрылыс кешендерімен танысатын боламыз. Ол үшін тақырыпқа сай берілген тапсырмаларды орындаймыз.

№1 тапсырма. Есептемей салыстыр. Балалар берілген өрнектерді ауызша тез әрі жылдам ойланып салыстырамыз.

4219*26 26*4219 60*523 670*523 4200/70 4200*2 5480/2 5480/20

3700*540 540*3600

2800*38 28*21800

Жақсы балалар.Біз алғашқы тапсырманы орындадық. Уәде еткеніміздей Астанадағы сәулет өнерінің үлгілерімен таныс боламыз.

Қазақ елі монументі. Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна­лас­қан орталық тұғырнамасы 1 гек­тар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан құйылған монумент­тің биіктігі - 91 метр, бұл - Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жыл­дың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояу­мен әрленген алып құс - Сам­ұрық Қазақ­стан­ның тынышты­ғын "күзетіп" тұр. Монументтің түсі - ақ. Ол қазақстан­дық­тардың дос­тық­қа адал, бау­ырмал, ақ ниетін паш етсе ке­рек. Көптеген елдерде орнатыл­ған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күш­тің, қанның белгісі іспетті.

"Қазақ елі" монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колон­на да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ орта­сында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызыл­ған. Оның төрт қырлы болған се­бебі - дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.

2-тапсырма.Жаңа сабақ

Электронды оқулықтан үш таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері түсіндіріледі. Және де 2-тапсырманың а-бөлігін өзім тақтаға түсіндіріп жазамын. Ал балалар бөлу тәсілі түсінікті болса, 2-тапсырманың ә-бөлігін тақтаға орындайық. Егер де жақсы орындасақ, сендерді бас қаламыздың тағы бір керемет ғимаратымен таныстыратын боламын.

1206/134=9 1188/132=9 2528/316=8

1960/245=8 2097/233=9 1107/123=9

Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.

Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Ғылымды, білім мен ұлттық экономиканы дамытуға бейімделіп қалыптасқан бәсекеге қабілетті түлектер

Дарынды, бәсекелестікке қабілетті адамзат капиталымен Еуразияның ғылыми-білім және мәдениет орталығы ретінде Астананың қарқынды өсуіне ықпал ету.

Қазақстан Республикасының білім мен ғылым жүйесін қарқынды дамыту және халықаралық деңгейге шығуды қамтамасыз ету.

3-тапсырма. Өрнектердің мәнін тап.

(13968- 9756) / 234 = 18 59993 + 616528 / ( 21851 -21763)= 66999

Сергіту сәті. Балалар біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз ғой. Бір күні ол екеуі бір себет балықты бөліп жемекші болыпты.

Сонда қасқыр:

  • Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлші,- депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті.

  • Біреуі саған, екеуі маған, екеуі саған, екеуі маған, екеуі саған, үшеуі маған, біреуі саған, екеуі маған, біреуі саған, біреуі маған.

  • Қасқырға 1+2+2+1+1=7

  • Түлкіге 2+2+3+2+1=10

4-тапсырма.Әртүрлі тәсілмен есепте

1-тәсіл. 67*19 +67*35 = 3618 (л)

2-тәсіл. (19+35) *67 = 3618 (л)

Жарайсыңдар балалар. Өте жақсы. Дәптерге ұқыпты, толық жазып болсақ, сендерге тағы бір тың мәлімет бере кетейін. Астана қаласынының маңын бойлай Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен , орман егілуде.

5- тапсырма. «Мұны білу пайдалы»

10 км2 = 10 000 000 м2

50: 5 = 10 (м2) - 1г -мұнай өнімі зиянын тигізетін аудан.

10 000 000 : 10= 1 000 000 г = 1т -мұнай өнімі көлемі 10 км2 ауданды алып жатады.

5- тапсырманың шешуін таптық. Олай болса, мен сендерді Астананың ай өзен бойында орналасқанын көрсетейін.

Есіл өзені

6- тапсырма

«Бәйтерек» сәулет құрылыс кешені

«Астана-Бәйтерек» монументі - Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Қазақша аудармасы «бәйтерек» дегенді білдіреді. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңынды шишадан керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманай қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

«Бәйтерек» диаметрі -22 м

r- см, мм- мен өрнекте.

22м: 2 = 11 м

11 м= 110 см = 1100 мм

Бейбітшілік және келісім сарайы

Сарай Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Республика жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы болып атақты британ сәулетшісі Норман Фостер табылады.

Сарайда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезді, Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Бас ассамблеясы сынды халықаралық ауқымдағы іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылады - Конституция күні, Қазақстан халықтар Ассамблеясы Сессиясы. Бейбітшілік және келісім сарайы Сізге іс-шаралар өткізу үшін залдар беру бойынша қызметтер ұсынады


Ә) 350 д м = 35 м

35 м+62 м = 97 м

Яғни, Бәйтерек монументінің биіктігі -97 м

Қорытынды.

Сонымен балалар, біз бүгінгі сабақты қорытындылаймыз.

Электронды оқулықтан тест тапсырмасы беріледі.

Үйге тапсырма.№7 тапсырма. Кестемен жұмыс.

Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып, араласқан белсенді оқушыларға Бәйтерек макеті тапсырылады.

© 2010-2022