Абай Құнанбайұлы Ғылым таппай мақтанба

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы меңгерту, ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәлімет беру, өлеңнің идеялық мазмұнын таныстыру;

Ә) Дамытушылық: тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту;

Б) Тәрбиелік: ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету, ақын шығармалары арқылы балалар бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге үлес қосу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек сызбалар, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа

аудару.

2.Үй тапсырмасы.

3.Жаңа сабақ:

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді: 1-топ: «Ибраһим», 2-топ: «Абай».

Әр топ Insert кестесін толтырады, бірінші және үшінші бағанын:

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?



Әр топ толтырған кестелерін оқиды.

Слайдты көрсете отырып ақынның өмірі және шығармашылығы жөнінде түсінік беру.

Оқулықпен жұмыс:

  • Ақын туралы берілген мәтінді түсініп оқу, аудару;

  • Сұрақтарға жауап беру.

Өлеңмен жұмыс:

  • Өлеңді мәнерлеп оқу (орысша аудармасымен салыстыра отырып);

  • Өлең бойынша тапсырмаларды орындау:

  1. Өздеріне ұнаған үзіндіні оқу, мәнін айту;

  2. Өлең бойынша сұрақтарға жауап беру;

  3. «Бес асылды» және «Бес дұшпанды» кестеге жазу:

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Бес асыл іс

Бес дұшпан




  1. Қазіргі замандағы «бес асыл іс пен бес дұшпанға» нелер жатады? Өз ойларын кестеге жазу:

Біздің ойымыз

Бес асыл іс

Бес дұшпан



4.Сабақты бекіту:

- слайд арқылы білім мен байлықты салыстыру;

- кестенің екінші бағанын толтыру.

5.Сабақты қорытындылау:

- ақын туралы сөзжұмбақты шешу.

6.Үй тапсырмасы:

Өмірбаяны, өлеңнен өздеріне ұнаған үзіндіні жаттау.

Бағалау.



© 2010-2022