Ойын технологиялары арқылы студенттің кәсіби құзыреттіліген арттыру әдістемелік баяндама

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойын технологиялары арқылы студенттің кәсіби құзыреттіліген арттыру

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.

Бүгінгі заман талабы білімді, білікті өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан оқытушының басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйласа, ұстаз шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген. Олай болса,оқытушы әрдайым шәкірт жанының тамыршысы болып, оның жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білуі керек. Сондықтан «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім әрдайым ізденіс үстінде болуы маңызды.

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.

Оқу үрдісінде түрлі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың кепілі. Жаңа педегогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдарды іс-әрекеттермен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз.

Жаңа замануи технологиялардың бірі -ойын технологиялары.

Ойын - бұл әрекет және белсенділік. Интерактивті ойын - оқытудың тиімлі тәсілдерінің бірі.Себебі көптеген мақсаттарға қол жеткізуге болады.Ойын барысында студенттер елеусіз түрде қазіргі қоғамда өздерінің дамуына қажет әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларға қол жеткізеді. қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар. Олар -ойынның мақсаты нақты болуы керек, əрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек; - ойын ережелері оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым əрі шағын болу тиіс; -ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет; -ойын жүру барасында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет. Оқытудың ең басты, əрі негізгі мақсаты - білімнің сапалы, нақты, толық болуында.

Сонымен, грамматикалық ойындар еркін шығармашылық іс-əрекет ретінде оқушы ойын, қиялын дамытып, сөздік қорын молайтып, өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыларындырады жəне оқушыларды сабаққа деген қызығушы- лықтарын, белсенділіктерін арттырып, ойлау қабілетін дамытып, ұжымшылдыққа тəрбиелейді жəне тапқырлық пен алғырлыққа, жыл- дамдыққа баулиды.

«Жылдам жауап» ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал- мәтелдермен дұрыс әрі жылдам-жылдам жауап берулері керек.

« Кім жылдам?» ойыны. Мынадай сөздердің қайталануымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім тауып айта алады? Мақалдың мәнін түсіндіріңдер.
ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС, ҚАЙСЫСЫ БҰРЫС?

Сонымен бірге ойын технологиясы белгілі бір ортада өзіне тән ерекшелігімен көрініп, ойынды түрлі затпен, затсыз, сыныпта, көшеде, компьютермен т.б. түрлі қозғалыс жүйелерінде айқындайды. Ойынды өткізуде оны жалпы, топтық, жекелей немесе жекеше деген түрлерге бөледі. Орыс мектептерінде «фонетика, графика, айту немеесе дұрыс жазу» тарауларында пайдалануға болатын ойын түрлеріне тоқталып өтейік:
1. Иммитативтік және жүргізушіге еліктеу ойындары.
2. Фонетикалық ойындар.
3. Орфографиялық ойындар.
4. Лексикалық ойындар.
5. Грамматикалық ойындар.
6. Рөлдік ойындар.
Иммитативтік және жүргізушіге еліктеу ойындары.
Бұл қарапайым ойында мұғалімнің сөйлесуіне еліктеу. Дұрыс сөйлету мақсатында ойнатылатын бұл ойыннның негізгі тәсілі мақал, мәтел, жаңылтпаш, өлең жаттау. Ойынның бұл түрінің негізгі мақсаты: мәтін бойынша немесе дұрыс айту мәнерін байланыстыра сөйлеу кезінде қалыптастыру.
Фонетикалық,Орфографиялық ойындарды лексикалық материалды өтуде орфографиялық заңдылықтар туралы түсініктерін дамыту және тексеру үшін өткізуге болады. Орфографиялық ойындарға мынандай ойындар жатады: «Шашылаған әріптер», «Әріпті қой», «Сиқырлы алма» т.б. ойындардың негізгі мақсаты: сөздердегі дыбыс сәйкестігін таба білуге үйрету,оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту.
Лексикалық ойындар.
Лексикалық ойындар лексикалық тақырыпты өту және бекіту кезінде қолданылады. Бұл ойындардың негізгі мақсаты: сөз таптарын қайталау.
Рөлдік ойындар.
Соңғы жылдары тіл үйренушінің мамандығына қарай бейімдеп оқытуға талап та, сұраныс та көбейіп келеді. Осыны ескере отырып, тілді үйрету үрдісіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдердің бірі - рөлдік ойын екенін айтқымыз келеді. Рөлдік ойындар белгілі талаптарға жауап беруі қажет. Ол талаптардың ескірмейінше табысқа жетуі мүмкін емес. Негізгілерін атап шығайық:
1. Рөлдік ойындар оқушылар үшін пайдалы, қызықты болуы қажет, тапсырманы жақсы орындау үшін қызығушылық пен ынта тудыруы тиіс;
2. Рөлдік ойындар шынайы кәсіби қатынастық жағдайлар негізінде өтілуі тиіс;
3. Рөлдік ойын мазмұны мен құрылысы жағынан жақсы дайындалуы, нақты ұйымдастырылуы қажет. Оқушылардың өздері рөлді қабылдаудың қажеттігіне сенімді болуы қажет. Өздері рөлге кірісіп кеткенде ғана ойыннан әсер пайда болады.
4. Рөлдік ойын жұмыстың қажетті, қызықты және тиімді түрі ретінде бүкіл топ арқылы қабылдануы тиіс;
5. Рөлдік ойындар жақсы шығармашылық қарым-қатынаста өткізіліп, қатысушылардың қуаныш, қанағаттану сезімдерін ояту тиіс. Рөлдік ойын барысында оқушылар өздерін еркін сезінген сайын қатынаста ынталы бола түседі және уақыт өте келе оның бойында берілген рөлге шыға алатындығына, өз күшіне сену сезімі пайда болады, яғни рөлдік ойынға қатыса отырып, оқушылар бірте-бірте өзінің болашақ мамандығының негізін шеберлікпен игере бастайды.
6. Ойынды белсенді тілдік қатынаста оқушылар өтілген тілдік мәліметті барынша тиімді пайдалана алатындай дәрежеде құрғаны жөн;
7. Рөлдік ойында оқытушы биік тұлға болмауы қажет:
Ойын әдістері мен тәсілдері арқылы оқушыларға жан-жақты білім бере отырып, оларды тәрбиелейміз. А.С.Макаренко еңбек пен ойынның ұқсас жақтары бар деп айтқан. «Әр жақсы ойында жұмыс әрекеті сонымен қатар ой әрекеті де бар. Іс-әрекетсіз ойналған ойын ойын емес» деген А.С.Макаренко.

«Ойға шабуыл». Бұл әдісте білім алушының қойылған сұраққа қайтарған кез-келген жауабы есепке алынады. Айтылған пікірге бірден баға бермей, оны қағазға немесе тақтаға жазып түсірудің маңызы бар. Олардан берген жауаптарының негізделуі, түсіндірмесі сұралмайтынын білім алушылар білуі тиіс. «Ойға шабуыл» 4-5 минуттан аспауы керек, аяқталғаннан кейін жауаптардың барлық нұсқаларын талқылап, бастылары таңдап алынады да, қосалқылары қалдырылады, яғни жауаптың тиімді нұсқасын топ талқысы таңдайды. Бұл әдіс мынадай қажеттіліктерде тиімді болады:

 күрделі және даулы мәселелерді талқылағанда;

 өзіне сенімсіз білім алушыларды талқылау ісіне ынталандыруға;

 қысқа мерзімде көп ұсыныс-пікір жинақтау қажет болғанда;

 дәрісхананың ақпараттануын немесе дайындығын анықтауға;

Шағын топтардағы жұмыс.

Білім алушылар 4-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Оларды бөлуге әртүрлі әдіс қолданылады. Мысалы, оқытушы білім алушыларға бір,екі,үш,төрт,деп санауды ұсынады. Санақ саны қанша топ құру қажетіне сәйкес алынады. Біріншілер бір топқа, екіншілер екінші топқа т.с.с. топтасады. Шағын топтардағы жұмыс барлық қатысушыларды белсенді іс-әрекетке, ашық пікір алмасуға, пікір сайысқа тартуға мүмкіндік береді. Тапсырма орындалғаннан кейін әр топ орталарынан жұмыс қорытындысын хабарлайтын жетекші таңдайды.

Жобалар жасау. Бұл әдіс білім алушыларды ойша оқу орнынан тысқары шығарып, талқыланып отырған мәселе бойынша өз әрекеттерінің жобасын жасауына мүмкінік береді. Ең бастысы, топ немесе жеке қатысушы өзінің жобасын қорғауға, оның артықшылығын басқалар алдында дәлелдеуге, достарының пікірін білу мүмкіндігіне ие болады.Мысалы: «Өз қалаңда ЖҚТБ-ның алдын алу шараларының жобасын жасаңдар». Білім алушылар қосымша мәліметтер алуға арнайы мекемелерге, кітапхана т.с.с. барып,сұрау салуына болады. Тақырыпқа сәйкес газет-журналдардағы мақалаларды, суреттерді жинауға ұсыныс беруге болады, жиналған жадығатты топ болып талқылай келіп, жоба жасайды.

Бейнефильдер. Бейнефильмдерді тақырыпты меңгертуге қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында білім алушылардың назарын негізгі 4-5 мәселеге аударуын ескерту қажет. Ол фильмнің мазмұнын талқылауға негіз болады. Алдын- ала таңдап қойған көріністерге келгенде фильмді тоқтатып, пікірталас жүргізіледі.

Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.

Қорыта келе айтарым,интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде ұйымдастырылған сабақтар оқушының зерттеушілік, шығармашылық ізденістерін, қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсеге өз ұсынысын еркін жеткізе білетін қабілеттерін дамытып, құзіреттіліктерін қалыптастырады.

Сабақ кезеңдерінде интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде қолданудың сапалық нәтижелері:

- берілген ақпаратты қарастыра отырып, ондағы көрсетілмеген жақтарын анықтайды;

- үйренген білімді дереу қолдана біледі;

- әр тұтас бөлшектердің ішкі құрылысын білу үшін бөліктерге бөліп, оны қайтадан тұтасқа айналдыру қабілеттері артады;

- шығармашылық қабілеттері шыңдалып, өмірмен байланысы күшейеді;

- нақты ақпаратты жүйелейді;

- ынта қызығушылықтары, танымдық іс-әрекеттері, ойлау белсенділіктері, тапқырлықтары артады;

- оқушының дербестігі, өз-өзіне сенімі, өзін ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдылары , құзіреттіліктері қалыптасады;

- алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады;

- шығармашылық қабілеттері артады.



© 2010-2022