Ағылшын тілі пәнінде ақпараттық коммуникативті оқыту әдісі

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі пәнінде ақпараттық коммуникативті оқыту әдісіАғылшын тілі пәнінде ақпараттық коммуникативті оқыту әдісіАғылшын тілі пәнінде ақпараттық коммуникативті оқыту әдісіАғылшын тілі пәнінде ақпараттық коммуникативті оқыту әдісіАғылшын тілі пәнінде ақпараттық коммуникативті оқыту әдісіАғылшын тілін коммуникативті оқыту

Қазақстан республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартында «Шетел тілі» мамандығы бойынша бітірушілерді даярлау деңгейіне арнайы пәндер бойынша қойылатын талаптар мыналар: негізгі мектептің шетел тілі мұғалім тікелей қарым- қатынас, магниттік таспаларға жазылған сөздерді лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс ұғынуды, тақырып бойынша өткен материалдарды, суреттер мен диафильмдерді мазмұнды түсіндіруге, мәтіндерді түсініп, қайта жаңғыртып айтуды, сөйлеу қарым - қатынасында, сөйлеу этикасының негізгі формуларын білу және дұрыс қолдана алу, сұрақтан тұратын репликалары, диалогтарды қолдана алуды, таныс қарым - қатынас тақырыбындағы жағдайларға диалог жүргізе білу, болашақ мамандықтақырыбына байланысты әңгіме құрастыру, ауызша және жазбаша формада берлген ақпараттарды дыбыстай білу, әңгіме құрастыру, өзіндік баға берілген пікірін білдіру,нақты жоспарға мәлімдеме жасау, берілген тақырыпқа баяндама жасау, шетел тілінде дыбыстаудың артикуляция базасын, грамматикалық дамуы мен эвалюциясын түсіндіруге. Осы талаптарды және оқытудың мақасаттардың қатерге ала отырып әдістемедегі ең үздік, алдыңғы қатарлы бағыт деп біз коммуникативті бағытта айта аламыз.

Коммуникативті оқытуда білім беру - оқушының өзін ауызша және коммуникацияға тарту, яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым - қатынас қалыптастыру деген сөз. Бұл бағыт ағылшын тілін оқытуда қазіргі шыққан әдістемелік кешендерде, оқулықтарда, қосымшақұралдарда кеңінен қолданылып жүр. Осы коммуникативтік әдіс шетел тілін оқыудағы оқу - тәрбие үрдісінің барлық мақсат - міндеттерін қамтиды. Тіл ақылы сөйлесіп, үйрену, яғни дыбыстық ауыз екі сөйлесу мен графикалық код,яғни, сөйлесудің жазбаша формасын жүзеге асырады. Осы коммуникативтік оқытуда мынадай ережелерді ұстанған дұрыс деп есептейміз. Оны мына төмендегі кестеден көруге болады.

Коммуникативтік бағыт

Жағдаятты таңдау Көпжақтылығы және

жаңалығы

Барлық оқушының Тілдесуге қажетті жағдайды

Тілдесуге қатысуы туғызуы

Тапсырманың коммуникативтігі

Міне, осы коммуникативтік бағытты іске асыру үшін мен өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдында мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешімін іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады.

Неліктен мен бұл бағдарламаны таңдадым? Сын тұрғысынан ойлау- ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталынған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші- дамуына, оның өзіндік «менің» жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкінділігін ашуға, яғни бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін бағдарлама.

Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланғанда, мен оқушылардың білімді өз бетімен тауып, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жодармен ұсынатындарын, жаңа жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, олардың күнделікті өмірдегі жағдаяттармен байланыстыратындарын, бір - біріне деген сенімділіктерін мен түсінушіліктерінің дамитынын байқадым

© 2010-2022