Мақал - мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтел. Сабақтың мақсаты : Мақал – мәтелді түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, шұрайлылығын, тазалығын тексере отырып, халқымыздың мақал – мәтелдерін қаншалықты меңгергенін және сол мақалдың білу білмеуін тексеру. Сабақтың міндеті : Білімділік: білімін көтеру. Дамытушылық: ой – өрісін, оцлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: ата- бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: плакат, мақал – мәтел, кітаптар, ұлағатты сөздер, кестелер. Сабақтың ә...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтел.

Сабақтың мақсаты :

Мақал - мәтелді түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, шұрайлылығын, тазалығын тексере отырып, халқымыздың мақал - мәтелдерін қаншалықты меңгергенін және сол мақалдың білу білмеуін тексеру.

Сабақтың міндеті :

Білімділік: білімін көтеру.

Дамытушылық: ой - өрісін, оцлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ата- бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, мақал - мәтел, кітаптар, ұлағатты сөздер, кестелер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, тарих, шешендік өнер т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Нақыл сөздер дегеніміз не?

Анықтамасы: мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал - мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже - қағидалар. Мысалы: Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

(М. Әуезов)

Жаңа сабақ

Жоспары:

  1. Мақал - мәтелдер туралы түсінік беру.

  2. Мақал - мәтел ерекшелігі, бөлімі, құрылымы жайлы мағлұмат беру.



  1. Мақал - мәтел ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні зор рухани байлық. Ұлы педагог А. Байтұрсынов « мәтел дегеніміз кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі - белгілі сөздер. Мәтел мақалға қарағанда жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай әдетті сөз есебіне айтылады» - деп анықтама беріп кеткен екен.

  2. Иә, мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі. Ал мәтел - белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы. Енді мақал мен мәтелдің ерекшеліктеріне тоқталсам.

Мақалдың мәтелден ерекшелігі:

а) құрылысы жағынан екі - үш бөлімді болады. Мысалы: Жақсы бала ата - анасын төрге сүйрейді, жаман бала ата - анасын көрге сүйрейді.

ә) ой нақты айтылады. Мысалы: Жері байдың елі бай.

б)ақыл - кеңес, үлгі - өнеге түрінде айтылады. Мысалы: Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Мәтелдің ерекшеліктері:

а) көбіне бір бөлімді болады. Мысалы: Көппен көрген - ұлы той.

ә) ой, ишара, тұспал түрінде айтылады. Мысалы: Әлін білмеген әлек.

б) көбіне эмоциялық мағына басым болады. Мысалы: Айдағаны бес ешкі, ысқырғаны жер жарар.

Сабақты пысықтауға арналған тапсырмалар:

А) Плакатта жазылған мақал - мәтелдердің мағынасын аша отырып, мақалға немесе мәтелге жататындығын анықтау.

1. Дүние жиып нетесің,

Бір күні тастап кетесің.

2 . Қайта келер есігіңді қатты серіппе.

3 . Қатық ішкен құтылады,

Шелек жалаған тұтылады.

4 . Үре білмеген ит, үйіне қонақ келтірер.

Ә) Мақал - мәтелдердің жалғасын тап.

1. Тең - теңімен,...................... \ тезек қабымен\

2. Кімді айтсаң,........................\ сол келер \

3. Екеу болсаң, бір - біріңмен кеңес,..............\біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес\

4. Батыр туса - ел ырысы,.............. \жаңбыр жауса - жер ырысы\

5. Ат айналып қазығын табар,..............\ ер айналып елін табар\

6. Байлықтың атасы еңбек,.................\ анасы - жер\

7. Жердің сәні - егін,................\ ердің сәні білім\

8. Еңбек ердің көркі,........................\ ер елдің көркі\

9. Білім - теңіз,..................\ мектеп кеме\

10. Әдепті бала - арлы бала,..................\ әдепсіз бала сорлы бала\

11. Еңбектің наны - тәтті,.....................\ жалқаудың жаны тәтті\

Б) «Ойлы болсаң тауып көр» атты келесі тапсырмаға өтейік.

Бір сөз беріледі, оған көмекші төрт сөз беріледі, осыған төрт сөздің қайсысы сәйкес келеді сонымен байланыстырып бір мақал - мәтел шығару.

От

ЖЕР

ЫСТЫҚ

ЕЛ

АНА

Отан - оттан да ыстық.

ТІЛ

КӨЗ

ӨНЕР

ҚҰЛАҚ

ҚОЛ

Өнер алды - қызыл тіл.

ӨНЕР

БИ

БІЛІМ

КҮЙ

ОҚУ

Оқу - білім бұлағы.

АТА

ӘКЕ

КӨҢІЛ

АНА

ӘЖЕ

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

ИТ

МЫСЫҚ

ЖЕР

КҮШІК

ҚОЯН

Ит қорыған жерге өш.

Қорытынды.

Оқушыларға ұйқассыз мақал - мәтел тарату арқыл сабақты қорытындылаймын.

  1. Ас, тоқ, ауру, сау, қадірін, білмес

  2. Дария, ақыл, теңіз, ой

  3. Көркі, мақал, сөздің

  4. Сөзге, жоқ, асыл, өлім

  5. Айнасы, сөз, адамның

  6. Бауы, бала, етің

  7. Елу, ел, жылда, жаңа

  8. Алар, орар, берген, еккен

  9. Достық, жоқ, сауда

  10. Алты, арсызға, мейрам, күн

  11. Ойран, түбі, кек

  12. Өліммен, тең, ұйқы

  13. Қақпақ, екі, елі, ауызға, бір, елі

Үйге тапсырма.

Әр салаға байланысты бес - бес мақал - мәтел жаттап келу.









© 2010-2022