Урок на тему Қазақтың ұлттық тағамдары

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақтың ұлттық тағамдары.

«Білгірлер мен тапқырлар» сайысы .

Мақсатты: меңгерген білім деңгейін анықтау,қазақ халқының салт- дәстүрлері арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,білімді,жан-жақты болуға үйрету,сыйластыққа,ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация,таратпалы парақта жазылған тапсырмалар,әділқазыларға арналған жауап кілтер.

1-жүргізуші:-Армысыздар,құрметті қонақтар және ойынға қатысушы сайыскерлер!»Күш-білімде»,»Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі,сүйеніші боламыз!Сондықтан бүгін мемлекеттік тілді қаншалықты түсініп,сөйлей алатынымызды дәлелдеу үшін білімділер сайысын назарларыңызғаұсынбақпыз.

2-жүргізуші:-Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:-Қатысушыларды шақырамыз.Құрметті сайыскерлер,өздеріңізді қысқаша таныстырып өтсеңіздер.

Сәлемдесу рәсімі:

1-топ:-Егемен елдің ұлымыз,

Ертеңгі кұннің нұрымыз.

Отаның сүйген азамат,

Таланттылардың біріміз.

Тобымыздың атты-«Сусындар»

2-топ:-Ау,халайық,халайық,

Бәріне жар салайық.

Сәлем жолдап баршаңызға,

Келіп тұр бүгін ортаңызға

«Тағамдар»атты тобымыз да.

2-жүргізуші:-Ендеше,бүгінгі»Білгірлер мен тапқырлар «сайысын бастайық.

1-гейм.»Бой сергіту»Команданың әр мүшесіне кәртішке беріліп,дайындыққа 1 минут уақыт бөлінеді.1 минут уақыттан кейін әрқайсысы жауап беріп,сәйкес фишка алады.

«Сусындар»тобына берілген сұрақтар:

1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?/Шұжық,бесбармақ,қазы,қарта,т.б/

2.Шұжық ненің етінен жасалады?/қой,сиыр,түйе,жылқы/

3.Сенің сүйікті тамағын не?/../

4.Қазақтың басты ұлттық тағамы не?/ет/

5.Қымыз ненің сүті?/биенің/

6.Сүт тағамдарын ата?/шұбат,айран, қымыз,т.б/

«Тағамдар»тобына берілген сұрақтар:

1.Айран ненің сүтінен жасалады?/сиыр,/

2.Қазы, қарта ненің еті?/жылқы/

3.Бесбармаққа ненің етін салады?/сиыр, жылқы, қой,түйе/

4.Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?/жылқының еті қатпайды,майы тоңазымайды/

5.Құрт неден жасалады?/сүттен/

6.Сенің сүйікті тағамын не?/../

1-жүргізуші:

2-гейім.»Шашылған бауырсақтар»

«Сусындар»тобына берілген сұрақтар:

1.Мына сөйлемді аудар:

Из мяса конины готовят казы-карта./Жылқының етінен қазы-қарта дайындайды./

2.Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?/баяндауыш кім?не?/

3.Мына сөйлемді аудар:

Творог,курт,,масло-молочные блюда./Сүт тағамдары-ірімшік,сүт,құрт,май/

4.Толықтауыш,анықтауыш,пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері?/тұрлаусыз/

5,Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт:

Когда в семье лад, все вкусно подряд./Татуүйдің тамағы тәтті/

6.Сөйлем мүшелерін ата./бастауыш, баяндауыш, толықтауыш,анықтауыш,пысықтауыш/

«Тағамдар» тобына берілген сұрақтар:

1.Мына сөйлемді аудар:

ВКазахстане есть саноторий,где лечать кумысом./Қазақстанда қымызбен емдейтінсанаторий бар./

2.Бастауыш,баяндауыш қандай сөйлем мүшелері?/тұрлаулы/

3.Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар.Оларды атта./ет,сүт,нан/

4.Мына сөздерді аудар:

Еда,пища/дәм/

не попробовав/ауыз тимей/

гость/қонақ/

гостеприимство/қонақжайлылық/

5.Мақал-мәтелді аяқта:

Ат-адамның қанаты,/ас-адамның қуаты/

6,Қазақ тілінде неше шақ бар?/өткен,келер,осы шақ/

2-жүргізуші:

3-гейім.Фонетика әлемінде.

Сөйлемдерде дауысты,дауыссыз дыбыстар түсіріліп жазылады.

«Сусындар»тобына:

1.Қаза..тың ұлт..ық та..амдары ал..ан түрлі.

2.Дастар..андағы д..м, та..амнан а..ыз тимей кетуге болмайды.

«Тағамдар» тобына:

1.Тамақ ішуге шақыр..анда,тама..ты к..п күтт..руге болмайды.

2.Қазақта дастар..аннан,д..мнен үлкен н..рсе жоқ.

1-жүргізуші:Команданың капитандарына тапсырма.

4-гейм.»Сен маған,мен саған»

Ас туралы өлең жатқа айту.

2-жүргізуші:-Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз.

1-жүргізуші:-Осымен «Қазақтың дәстүрі-ай»апталық күніне арналған «Білгірлер мен тапқырлар»сайысы аяқталды.Назарларыңазға рахмет!



© 2010-2022