Балабақшада ағылшын тілінен Colours тақырыбында ашық сабақ

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түстер

Оқу материалы

Сабақтың тақырыбы

Лексика

Сөйлем құрамдары

Грамматика

Colours

orange, red,* yellow,*pink, blue,*white, black, brown, violet, grey, green.

Which (flower) do you like? - I like this one.I like (blue).(Spot) has got (three) flowers.

one белгісіз есім;

Present Simple

Бұл сабақта олар үйренеді:

1)ағылшын тілінде түстерді атауды;

2) қай түс ұнайтынын айтуды;

3) "I like this one" сөйлем құрамын айтуды.


Мұғалім: Hello, children! I am glad to see you. Let's begin our English lesson. Today we'll learn how to count to . Бүгін біз 12-ге дейін санап үйренеміз. Now close your eyes, let's count to. One, two, three…. Open your eyes!

Балалар көзін жауып 12-ге дейін санайды.

Спот шыға келеді, қолында гүлдер.

Балалармен амандасады.

Балалар: Hello, Spot! Good to see you!

Мұғалім: Look, Spot has got some flowers. How many flowers has he got? Let's count the flowers. One flower, two flowers, three flowers… ten flowers! Spot has got ten flowers. What colour are the flowers?

Спот: This flower is red (қызыл гүлді көрсетеді). This flower is yellow (сары гүлді көрсетеді). This one is blue (көк гүлді көрсетеді).

Спот барлық түстерді атап шығады, ал мұғалім оның соңынан қайталайды.

Мұғалім (Гүлдерге сілтеп): Aha, red, yellow, blue… white. I see. Балалар гүл ағылшынша - a flower. Мен сендерге қызықты әңгіме айтып беремін. Ол бір Айгүл деген қыз туралы. Ол өзінің ата-анасымен саяхаттап жүріп, Англияға бір әйелдің үйіне барады. Сол әйелдің ғажайып бақшасы болды, онда түрлі түсті гүлдер өсті. Ол әйел ағылшын тілінде сөйлейді екен. Ол Айгүлге гүлдерді сыйлағысы келді, ағылшынша оған: Which flowers do you like? Choose! (Қай гүл саған ұнайды? Таңдап ал!) деді. Бірақ Айгүл оған не айтарын білмеді. Сонда оған мамасы көмектесті. Мамасы ағылшынша біледі екен. Мамасы Айгүлге: Саған ұнаған гүлді көрсет те, "This one, please!" деп айт. Сонда ол саған гүл сыйлайды, дейді. Айгүл мамасын тыңдап, "This one, please! And this one, and this one!" деп айта берді. Сөйтіп ол өзіне гүлшоқ жинап алды. Бұл әңгімені ол маған Қазақстанға келгесін айтты.

Спот: which flower do you like?

Мұғалім (бір гүлді көрсетіп): I like this one, the blue one. And you, Spot, which flower do you like?

Спот (бір гүлді көрсетіп): I like this one. , which flower do you like? And you, , which flower do you like?

Спот балалардан кезек-кезек сұрап шығады.

Балалар гүлді көрсетіп, "I like this one"сөйлеу құрылымын қолданады.

Спот: It's red. Here you are. (Түсін атайды да, балаларға ұнаған гүлді береді)

Мұғалім: Now, children, let's play. Қане, ойын ойнайық. Мен сендерге ағылшынша ұнаған гүлді айтамын, мысалы, I like yellow. Егер бұл сендердің гүлдеріңнің түсі болса, оны жоғары көтересіңдер. Ready? Let's begin. I like red! I like pink! I like violet! I like blue! I like orange! I like yellow! I like white!

Балалар естіген түске сәйкес гүлді көтереді.

Мұғалім: Good for you.

Спот мұғалімге сыбырлайды.

Мұғалім: OK, Spot. Балалар, Спот сендермен ойын ойнағысы келіп тұр. Ол түстерді қате айтады, ал сендер оны түзетесіңдер. Give the flowers to Spot, please.

Балалар Спотқа гүлдерді біледі.

Спот (көк гүлді көтеріп): It is (red).

Балалар: No, it isn't. It is (blue).

Мұғалім: Very good. Now let's play "What colour is missing?". "Қандай түс жоғалды?" ойынын ойнаймыз ба? Сендер көздеріңді жабасыңдар, ал Спот бір гүлді тығады. Сосын сендер көздерінді ашып, қандай түс жоғалғанын айтасыңдар. Close your eyes (бір гүлді тығады). Open your eyes.

Спот: Kids, please, guess what flower (colour) is missing?

Балалар қандай түс жоғалғанын айтады.

Балалар: Is it the blue flower?

Спот: No, it isn't

Балалар: Is it the orange one?

Спот: Yes, it is. It's the orange one. Here it is.

Мұғалім: кім өзі тығады балалар? Lera, come here. Lera, tell the kids to close their eyes. Балаларға "көздеріңді жабыңдар",- деп айтыңдар.

Бала: Close your eyes.

Мұғалім: Now choose a flower. Good. Put it in this bag(box) . Now tell the children to open their eyes. Балаларға "көздеріңді ашыңдар",- деп айтшы.

Бала: Open your eyes. What colour is missing? және т.б.

Балалар кезек-кезек гүлдерді тығып, табады.

Мұғалім: Well done, kids. Балалар, қазір мен сендерге әр түрлі заттардың атауларын атаймын, ал сендер ол заттардың түсін айтасыңдар. Жарайды ма? Аспан.

Балалар: Blue.

Мұғалім: Күн (қар, шөп, аю, өрік, алмұрт, шие, сәбіз, қалпақ, кемпірқосақ).

Балалар ағылшынша заттардың түстерін атайды.Мұғалім "кемпірқосақ" дегенде, балалар әр түрлі түстерді атайды.

Мұғалім: Very well, you know so many colours. Жарайсыңдар, көп түстерді білесіңдер.

Біздің бір кейіпкеріміз түстер туралы ән шығарыпты және оны жиі шырқайды. Өлеңді тыңдайық..

Colour Song

("The Itsy Bitsy Spider" әуеніне.)

Orange is a carrot,

Yellow is a pear,

Green is the grass,

And brown is a bear,

Purple is a plum,

Blue is the sky,

Black is a witch's hat,

And red is cherry pie.

Мұғалім мен балалар "The Itsy Bitsy Spider" әуеніне "Colour Song" айтады. Балаларға күн, қар, шөп, аю, өрік, алмұрт, шие, сәбіз, қалпақ, кемпірқосақтың суреттерін көрсетеді.

Мұғалім: Балалар, қандай кейіпкер бұл әнді айтады? Естеріңе түсті ме? Дұрыс, бұл өрмекші "The Itsy Bitsy Spider". Let's sing this song together.

Мұғалім мен балалар "The Itsy Bitsy Spider"әнін тиісті әрекеттермен көрсетіп, айтады.

Мұғалім: Great! You can sing very well. Now you know many new English words. Сендер енді көп ағылшын сөздерін білесіңдер. Кімнің есінде қалды, қалпақ ағылшынша қалай? шөп? алмұрт? өрік? Жарайсыңдар! Goog for you. Now it's time to say good-bye. Take care!


© 2010-2022