Урок «Кең-байтақ Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы: Кең-байтақ Қазақстан. Сабақтың мақсаты: 1.  Мемлекет мағынасын түсіне отырып, есте сақтау қабілетін кеңейту.  2. Еркін сөйлеуге баланың тілін дамыту. 3. Балалардың туған еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекі  құралдар көмегіне сүйену Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Мемлекетінің рәміздер суреттері, слайд Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақстанның қалалары туралы сұрақ-жауап. ІІІ. Жаңа сабақ . Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын жариялау. Біздің Қазақстанды кең байтақ деп атайтын себебі бар.  Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде 9-шы орын алса, ал ТМД елдері бойынша 2-ші орын алады. Қазақстанның жер аумағы 2,7 млн. шаршы шақырым. Жері қазба байлықтарға бай өлке.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кең-байтақ Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

1. Мемлекет мағынасын түсіне отырып, есте сақтау қабілетін кеңейту.

2. Еркін сөйлеуге баланың тілін дамыту.

3. Балалардың туған еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекі құралдар көмегіне сүйену

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Мемлекетінің рәміздер суреттері, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақстанның қалалары туралы сұрақ-жауап.

ІІІ. Жаңа сабақ . Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын жариялау.

Біздің Қазақстанды кең байтақ деп атайтын себебі бар. Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде 9-шы орын алса, ал ТМД елдері бойынша 2-ші орын алады. Қазақстанның жер аумағы 2,7 млн. шаршы шақырым. Жері қазба байлықтарға бай өлке.

Мемлекетіміздің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Қазақстан азаматтары, сонымен қатар Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті. Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас демекші, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда-саттық қарым-қатынас жүргізе алады.. Ол 14-әкімшілік территориялық облысқа бөлінген.Мемлекетіміздің астанасы 1997 жылы бұрынғы Целиноград, қазіргі Астана қаласына көшірілді. Бүгінде Астана қаласы еліміздің ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналды.
Қазақстан көп ұлтты бауырына басқан, татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Байлықтарымыз да, астықтарымызда көп.Елімізде көптеген жұмыс орындары, емханалар, мектептер, заводтар бар.

- Балалар кім Отан туралы,ел, Қазақстан туралы тақпақтар орындап береді?

Жаңадан тақпақ жаттаймыз.

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің -тірегім,

Құшағында гүл атам.

-Балалар енді екі топқа бөлінеміз.Ақ плакат беремін, сендер «Менің Қазақстаным» атты газет жасайсыңдар.

Суреттер беріледі, соны рет-ретімен жапсыру керек.

IІІ. Сергіту сәті: «Қандай қимыл?»

ІҮ. Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап құрастыру.

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта бұрын өңіміз түгілі түсімізге енбеген оқиғалар болды.

Олар:1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
1991 ж.2 қазанда Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 ж.1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
1992 ж.2 наурызда ҚР БҰҰ-на мүше болып кірді.
1992 ж.4 маусымда ҚР Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
1993 ж.28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің ата заңы Конституция қабылданды.
1993 ж.15 қараша ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.
1994 ж. Ядролық қаруды таратпау туралы келісімшартқа қол қойылды.
1996 ж. Алматы қаласында тәуелсіздік монументі ашылды.
1998 ж. Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.

IV. Қорытынды.

V. Үйге тапсырма: сұрақ-жауап.

VI. Бағалау.




© 2010-2022