БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ   Шарбанова Қымбат Бақытбекқызы Павлодар қаласы Инновациялық үлгідегі гимназиялық  сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі   Мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаттары тілдік, лингвистикалық коммуникатив құзырдың құралымын қалыптастыру. Норматив құжаттардағы мақсаттардың  (ортақ) орта білім оқу дайындығы коммуникатив құзырмен анықталады. Көбінесе, тұлғаның коммуникатив біліктілігінің деңгейі оның с...     Осындай сызбалар есте тез сақталынады, өсы сөздерді сөйлесуде де пайдалануға болады.     Бастауыш сыныпта жуан және жіңішке дыбыстардың айырмашылығын көрсету үшін осындай ойындарды пайдаланамын: «Тамшыларды жина», «Буындардан сөзді теріп жаз», «Сынық робот», «Мен сияқты істе».    «Киім», «Мектеп» тақырыптарынын өткен кезде; метаграммаларды еңгіземін.     Мысалы:         Сөз басында «Б» болса,                          Қаламда бар,                             Бас киімім боламын.               ...                                                             «Ойлан, тап» ойынында оқушылардың кез келген білетін тақпақтарын интерактивті тақтаға жазып, тақпақтағы қазақ тіліне тән дыбыстарды алып тастап дыбыстарды тақтаға шашыраңқы етіп жазып, сол дыбыстарды көп нүктенің орнына  дұрыс қойып шығу керек. «Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын. Грамматиканы өткіз...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ


Шарбанова Қымбат Бақытбекқызы

Павлодар қаласы

Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар

жалпы орта білім беру мектебі

Мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаттары тілдік, лингвистикалық коммуникатив құзырдың құралымын қалыптастыру. Норматив құжаттардағы мақсаттардың (ортақ) орта білім оқу дайындығы коммуникатив құзырмен анықталады. Көбінесе, тұлғаның коммуникатив біліктілігінің деңгейі оның серіктестерімен табысты әрекеттестігінің жанасушылығына байланысты болады.

Қазақ тілін үйренгенде компетентностік тіл табу оқушының қандай деңгейінде тұрғанын, тілге қалай ие болғанын көрсетеді. Оқушылардың тіл иеленушілігі текқана қағидалы білімімен, емленің жанжосықтарымен анықталған емес, сонымен бірге сөздің қызметін білдіретін практикалық дағдыларымен, олардың шығармашылық және зерттеу жұмыстарымен анықталады.

Мұғалімнің мақсаты оқушының проблемалық жағдайлардан қорықпайтын, оқушының ізденгіштік танымдылық қасиеттерін дамытуға көмектесу.

Қазіргі заманда біздің қоғамызға білімді , қиын жағдайларда шешімін табатын, ынтымақ- тастыққа дайын, ел үшін жауапкершілік сезімі мол адамдар керек.

Сол себептен мектеп өзінің оқушыларын өзгерістерге дайындап, олардың жинақылық, динамизм мен конструктивтілік қасиеттерін дамытуға тиісті. Осымен байланысты білімнің қазіргі өлшемдері оқушыдан алған білімдерін пайдаланып, түрлі ақпараттарды қолданып бір-бірімен араласуын қажет етеді.

20 ғасырдың 2 жартысында тәжірибеге еңгізілген табыспен тәрбиелеу әдісі ең маңызды ашылым деп есептеледі. Табысты оқушы - табысты, қызықты адам ғой. Оқуда табысты болуы баланың психикалық тұлғасының аман болуына өте маңызды. Табысты дамуының шарты, кілтті компетенттерінің құралымы болып табылады, оның ішінде - коммуникатив жанасушылығы.

Коммуникатив жанасушылық құзырдың дамуын көздейді.

Коммуникатив құзыр, коммуникацияны немесе жанасушылық қамсыздандыратын, бірнеше құзыр құрамынан құрастырылады.

Коммуникатив құзырдың қалыбы тілдің 4 аспектінің бір-бірімен байланысы:

- Жазылым

- Айтылым

- Аудирование

- Оқылым

Оқылымның негізгі әдіс - тәсілдеріне мәтіннің жатқа айту және жазбаша алып шыққан ақпараттың кейінгі сарапшылығымен, тілдің жорамалы, оқылымның жылдам аумақтауы жатады.

Бірақ ең басты, менің ойымша, мәтін балаға қызықты, танымды болу керек.

Мәтінмен жұмыс кезеңдер бойынша құрылады:

  • Мәтіннің тақырыптамасын оқып шығу, тақырыптама бойынша мәтіннің негізгі ойын, немесе мәтіннің не туралы екенің анықтау.

  • Мәтіннен таныс сөздердің, немесе түсінетін сөздердің, интернационалдық сөздердің астын сызу.

  • Жаңа сөздермен танысу. Олармен сөз тіркестерді құрастыру.Мәтінді түсініп, тапсырманы орындау мақсатымен мәтінді оқып шығу.

  • Оқушылардың өз ойын ауызекі немесе жазбаша жеткізу.

  • Мәтінге сұрақтарды немесе диалогты қойып құрастыру.

Осы кезендерді орындау үшін бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс істегенде осынай ойындарды өткіземін: «Кімнің аудармасы ең жақсы?» немесе «Мәтін бойынша кім тез жауап береді?».

Мәтінмен жұмыс істегенде мен оқушылармен бірге фразеологизмдерді, қарама қарсы сөздерді, мәндес сөздерді іздеймін, типологиялық анализды өткіземін. Орыс тілімен қазақ тіліндегі сөздерді салыстырамыз, өйткені осының бәрі туған тілін қадағалауда мәнді болады.

Аудирование - осында негізінен мәтінді есте сақтау, түсінуге дайындау жаттығулар енеді, сөздің мағынасын, жазуын қайталау үшін диктанттарды жазуға болады. Бастауыш сыныпта сабақтарда «сурет диктанттарды» өткізуге болады. Оқушылар мұғалімді тыңдайды, мәтін мазмұнына сурет салады.

Жазылым - жазылымға осындай жаттығулар енеді:

  • Жад оқыған немесе аудирование кезеңінде оқыған шағын мәтіндерді жазбаша жатқа жазу.

  • Мәтіндерді қысқартып жазуға, айтуға. Негізгі мазмұны бар сөйлемдерді тауып, оларды қысқарту.

  • Сұрақтар бойынша жоспарды құрастыру.

  • Жазбаша сұрақтарға жауап беру.

  • Мәтіннің негізгі мазмұндамасын қысқартып жазу.

  • Басты ойды анықтау.

  • Фонетикалық талдау жасау.

  • Карточкалардағы грамматикалық тапсырмалармен жұмыс істеу үшін тестілік тапсырмаларды орындау.

Айтылым - сөйлеу қызметінің нәтижесі болып табылады.

Балалар сөйлеу үшін ойындарға ерекше рөл бөлінеді.

Менің тақырыбым «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту». Басты мақсатым және міндетім - қазақша сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлей білу, игерілген білімдерін қолдана білу, белгіленген талаптарды игеру.

Балаларды қазақша сөйлей білуге үйретуде мынадай талаптар қойылады:

1. Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру.

2. Сөз балаларға таныс заттарға байланысты болу керек.

3. Әрбір сөз үнемі пайдаланылып, қайталанып отыруы тиіс.

4. Сөздік қорды молайтып отыру.

5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.

Бұл талаптарды орындау үшін әр сабақ қызықты құрылып, сабақтың әр кезені әдістемелік талапқа сай жүргізілуі тиіс. Тіл үйрену баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау дағдысын жан - жақты дамытып, кеңейтеді. Балалардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйеніп мынадай тәсілдер қолданамын:

- сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, оқу т.б.)

- көрнекі құралдар қолдану (сурет, ойыншық)

- ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті - рольдік, логикалық т.б.).

Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі - сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл - ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл - ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл - сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез ұғып алады. Ойындар грамматикалық, фонетикалық, лексикалық, орфографиялық болады. Олардың барлығы тілдік дағдының қалыптасуына әсер етеді.

«Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен кезде, нәтиже сабақта ойнатуға болады.Мысалы, «Азық түлік» тақырыбын өткен кезде үш оқушы тақтаға шығып сөздер жазады. Бір оқушы сүт тағамдарын жазады,екінші оқушы азық- түліктерді жазады,үшінші оқушы ет тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол оқушы жеңімпаз болады. Бұл ойын оқушыларға өте ұнайды, оқушылар белсене қатысады. «Сандарды сөйлет» ойыны оқушылардың сөйлеу дағдылары дамиды, оқушылар қызыға ойнайды. Бұл ойынды «Жыл мезгілдері», «Қазақстан Республикасының мерекелері» тақырыптарын өткенде ойнатуға болады. Сандарды кеспе қағаздарға жазып, бір- бір оқушыдан тақтаға шығып сөйлем құрастырады. Мысалы 365, 12-Бір жылда12 ай бар ,бір жылда 365 күн бар, 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні. «Кім көп біледі?» деген дидактикалық ойынды сөздер айту, сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру арқылы ойнатамын.

«Дыбыстар жұмбағы» ойынын барлық сыныптарда ойнатуға болады.

Бұл ойын сөздік қорларын дамытады, дыбыстарды дұрыс табуға, айтуға үйретеді. Мысалы, кез келген тақырыпты қайталаған кезде ойнатуға болады. Оқушылар жиі қолданылатын сөздік қордан сөздер табуы тиіс. Сөздік жұмбақты өздері құрау керек.

Бірінші сыныптарда «Танысу», «Мектеп», «Сынып», «Отбасы», тақырыптарын өткенде, бірінші сабақтардан бастап, төрт жолды тақпақтарды бергенде, балаларды қызықтыру үшін сызба бойынша беруге болады.

Мысалы: Сенің атың- балапан,

Менің атым - балақан.

Балапандар шоқуда,

Балақандар оқуда.

Келесі сабақта балалар сызба бойынша айтады.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Осындай сызбалар есте тез сақталынады, өсы сөздерді сөйлесуде де пайдалануға болады.

Бастауыш сыныпта жуан және жіңішке дыбыстардың айырмашылығын көрсету үшін осындай ойындарды пайдаланамын: «Тамшыларды жина», «Буындардан сөзді теріп жаз», «Сынық робот», «Мен сияқты істе».

«Киім», «Мектеп» тақырыптарынын өткен кезде; метаграммаларды еңгіземін.

Мысалы: Сөз басында «Б» болса, Қаламда бар,

Бас киімім боламын. Өшіргіште жоқ

Сөз басында «Ө» болса, Қарындашта бар,

Жазда пісіп аламын. Сызғышта жоқ.

Бұл қай әріп? Бұл қай әріп?

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ


«Ойлан, тап» ойынында оқушылардың кез келген білетін тақпақтарын интерактивті тақтаға жазып, тақпақтағы қазақ тіліне тән дыбыстарды алып тастап дыбыстарды тақтаға шашыраңқы етіп жазып, сол дыбыстарды көп нүктенің орнына дұрыс қойып шығу керек. «Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын.

Грамматиканы өткізгенде грамматикаға байланысты осындай ойындарды өткізуге болады: септіктерді өткенде «Түймедағы» ойыны қайталап жаттықтыру үшін өткізіледі. Таблицаның басына «Түймедағы» деп жазылады , астына дөңгелек сызылады. Шетіне гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, оның гүл тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен жасалған кәртішкелер жасалады.

Ойнау жолы:

Атау септігінде тұрған «гүл» сөзі оны дөңгелек тілігіне іледі. Осы тәртіппен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздер жазылған тостағаншалары ілініп болады. Сонда таблицада гүлшоғы пайда болады. Ойын барысында реттік септіктегі сөзді тауып, орналыстыра алмаған бала ұтылып , ойыннан шығарылады, оның орнын басқа бала алмастырады. Екінші оқушыларды қызықтыратын ойын «Қайда менің өз жағым?», осы ойын тәуелдік жалғауларын меңгерту үшін беріледі. Қолдарына 1, 2, 3 жақ деп жазылған кәртішкелер беріледі, оқушылар тақта алдына шығады. «Өшіргіш, аға» тағы басқа сөздер үш жақта жекеше, көпше тәуелденген кәртішкелер оқушыларға таратылады, тақта алдында тұрғандар «Қайда менің жағым?» деп шақырады. Қолдарына кәртішке алған оқушылар өз тәуелдік жақтары болып тұрған баланың қатарына келіп, қолындағы кәртішкелерін көрсетеді. Тексеруші қай жақта қате тұрған оқушы көп болса, сол жақтың ұтылғанын айтады.

Ойынның түрлері өте көп. Ойынның тағы бір түрі - Тілдік ойын. Тілдік ойындарға ситуациялық, рөлдік, іскерлік ойындар жатады.Рөлдік ойындары жақсы, табысты өту үшін, балалар қазақ тілінен минимум сөйлесу бірліктерін білуі қажет, ал олар жаттығуларды орындағанда дамиды. Бастауыш мектеп оқушыларының, қандай тілге болса да , жанасушылық дағдылары жоқ екенін ұмытпау керек. Сондықтан, рөлдік ойындар арқылы жанасушылықты ұйымдастыру үшін, осы дағдыларды оқу үрдесінде қалыптастырамыз.

Осы мақсатқа жету үшін осындай жаттығуларды пайдаланамыз:

  1. а) Этикет сөйлемшелер жаттығулары.

б) телефонмен әңгімелесу дағдыларын дамытатын жаттығулары.

2. Жұп бойынша оқушылардың микродиалогты құрастыратын жаттығулары.

3. Диалогты өздері құрастыру үшін, үлгі- диалог беріледі.

Жұмыс кезең- кезеңмен өткізіледі:

. диалогты рөл- рөлмен оқығанда, есте сақтау сөздерге назар аудару;

. диалогтағы жоқ сөздердің орнын толықтыру.

. диалогтың инсценировкасын жасау.

. басқа жанасушылық жағдайда ұқсас диалогты құрастыру.

Бұл ойындарды «Азық түлік», «Отбасы», «Киім», «Тамақ», «Дүкенде»», «Менің сүйікті ісім», «Зергерлік бұйымдар» тақырыптарын өткенде өткізуге болады, ойындар оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытады, оқушылардың қызығушулықтарын арттырады.

Мысалы: «Дүкенде» тақырыбын алатын болсақ , бала мен бала, сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу болады. Ойын әдісінің тиімділігі тілді үйренуде сөйлеу, тыңдау және көру іс- әрекетінің маңызды екендігін байқатады.

Тіл үйренуді ойын түрінде жүргізу оқу мотивациясын арттырады; оқушының кейіпкер сөзін, іс - әрекетін қабілетіне қарай қайталап (рөлдерде ойнап) қарым қатынасқа түсу әсері жоғары болады; оқушының түсіну және түсіндіру қабілеті дамиды. Рөлдік ойын лексикалық материалды бекіту мен жандандыру үшін пайдалы. Ең бірінші сөйлеу іс- әрекетінің тыңдау-сөйлеу түрлері негізге алынады. Оқушының танымдық белсенділігі, ойын жүйелі жеткізу дағдысы, яғни білімге деген жан - жақты терең қызығушылығын, дербес белсенділігін туғызады. Айта кету керек, ойын әдісінің өте тартымды әрі тиімділігіне қарамастан,сезімді шектей білу керек, әйтпесе ойын оқушыларды жалықтырып жіберуі және эмоционалды әсерді жоғалтуы мүмкін.Сонымен қатар сергіту ойындарын пайдаланамын. Сабақта балалар шаршады-ау деген мезетте сергіту, бой жазу жаттығуларын жүргіземін. Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан шаршамайды, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамай қалады. Ойын оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, мысалы, өзара көмек, бірін-бірі қолдау, жолдастық сезім, сондай- ақ бірқатар психикалық үдерістердің: есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау т.б. дамуына әсер етеді. Ойын төменгі сынып оқушыларының топта жұмыс істеу арқылы ұжымдасуына көп көмегін тигізеді. Егер ойын сабақтың басында өткізілсе, балалар қалған уақытта тамаша жұмыс істейді, нашар оқушылар жеткілікті дәрежеде белсенділік танытады, сабақтың ортасында да, соңында да сабаққа қызығушылығы артып, назар аударуы жоғарлайды.

Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Комышева А.В. Игровые методы обучения иностранным языкам // Қазақ тілі әдістемесі , 2008, №1, 16-17, 20-21 б.

2. Сұнғатова Г.Ж. Сабақта ойын жағдаяттарын пайдалану // Қазақ тілі әдістемесі, 2008,

3. Сұнғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі // 2009, №3, 26-29 б.

4. Құдайбергенова А.М. Ойындар - коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру құралы // Қазақ тілі әдістеме, 2009, № 8. 20б, 22 б.

5. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению

М.Просвещения 1991г. - 223с.

6. Погожина Е. Формирование коммуникативной компетенции.

Семей, 2008 г.

7. Материалы Международной научно-практической конференции «Образование и

наука». Семипалатинский Государственный Педагогический Университет.

8. Махмутов М.И. Современный урок. М., 1985 г

9. Сорокоумова Е.А. Уроки ОБЩЕНИЯ в начальной школе. М.: 2008 г.




© 2010-2022