Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары Мектеп кітапханасы 6 - сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байсарина Гүлім Оразбайқызы

Көкшетау қаласы №5 көппрофильді «Таңдау»

гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


6 сынып. Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы

I. Сабақтың мақсаты: Оқушының өміріндегі кітапхананың қажеттілігін түсіну.

II. Күтілетін нәтиже: Тақырып бойынша сөздік қорлары қалыптасады, сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрауға үйренеді. Лексикалық тақырыпты игереді.

III. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО, диологтық оқыту, АҚТ, бағалау

IV. Ұйымдастыру кезеңі

А) амандасу

Ә) Кезекшімен жұмыс (түгендеу)

V. Сергіту сәті. Шаттық шеңберін құру. «Дене мүшелерімен» амандасу. «Алғырлар», «Білімділер», «Мейірімділер» деп үш топқа бөлу.

VI.Топ ережесі мен бағалау парақшаларын тарату.

VII. «Ой қозғау» стратегиясы. Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.

VIII. Сөздік жұмыс. Интерактивті тақтадан жаңа сөздер шығады.

Шығарма - произведение

Көбінесе - в основном

Ұлттық кітапхана - Национальная библиотека

өлеңдер жинағы - сборник стихов

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Өлеңдер жинағын сатып алу, ...

  1. Сөйлемдер құрау.

Кеше мен Абайдың өлеңдер жинағын сатып алдым.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

I. кезең. Мәтінмен жұмыс.

1 топ. «Мектеп кітапханасы» мәтінді оқып аудару

2 топ. «Мектеп кітапханасы» топтастыру жасау.

3 топ.Оқулықта берілген 2 тапсырманы орындау. Сурет бойынша диолог құраңдар.

II. кезең. Жаттығу жұмысы. Оқулықта берілген 3- тапсырманы орындау. Сөз тіркестерін құрастыру.

1 топ. Сын есім + зат есім (3 сөз тіркесін)

2 топ. Сан есім + зат есім(3 сөз тіркесін)

3 топ. Зат есім + етістік (3 сөз тіркесін)

Әр топ берілген сызбалар бойынша сөз тіркестерін құрастырады. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тыңдау.

III. Сергіту жаттығу өткізу. Жаңылтпашты оқу.

Ұқыпты бала-

Кітапты түптеп бастады.

Ұқыпсыз бала-

Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

IV. 6-тапсырма.Аударма жұмыс.

  1. топ. Библиотека открыта? У Жанар есть богатая библиотека. Где находится Национальная библиотека?


  1. топ. Книгу « Менің атым Қожа» написал Бердибе Сокпакбаев. Это очень интересная книга.

  2. топ. Абай Кунанбаев- поэт казахского народа. У тебя есть сборник его стихов? Какая интересная книга!

V. Сабақты қорыту. Венн диаграммасы бойынша мектеп кітапханасы мен қалалық кітапхананы салыстыру.

VI. Үй тапсырмасы. Сөздерді, жұмбақтарды жаттау, «Біздің кітапхана» әңгіме жазу



© 2010-2022